Файл: 6 Тжірибелік жмысты таырыбы Табии ресурстар жне ресурстарды басару жйесі 8 апта) Сабаы жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 57
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№6 Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы: Табиғи ресурстар және ресурстарды басқару жүйесі (7.8 апта)
Сабақың жоспары:
-
Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану; -
Қазақстан республикасының табиғи ресурстарының қоры. -
Қазақстан республикасының ерекше қорғалатын табиғи территориялары.
Жүмысты орындауға арналған тапсырмалар:
-
Табиғи ресурстардың жіктемесін сызба ретінде көрсетіп, мысыл келтіру;
-
Қазақстан республикасының табиғи ресурстарының қорын (темір, алтын, мұнай, газ, көмір және т.б. ресурстар) қарастыру және талдау жасау. 1-Кестені толтыру.
1 –кесте - Қазақстан республикасының табиғи ресурстары
Ресурс түрі | Шоғырланған аймақ | Категория (сарқылатын, сарқылмайтын ...) | Қоры (нешінші орын) | |
ҚР –сы бойынша | Дүние жүзі бойынша | |||
Мұнай | Атырау облысы мен Маңғыстау облысында | Сарқылатын | 30 млрд баррель | 11-орында |
Көмір | Қарағанды, Екібастұз,Торғай т.б | Сарқылатын | 25, 605 млрд. тонна | 10-орында |
-
Қазақстан республикасының ерекше қорғалатын табиғи территорияларына сипаттама беру, төменде берілген 2-кестені толтыру (толықтырып, жалғастыру).
2 кесте – Қазақстан республикасының ерекше қорғалатын табиғи территорияларына сипаттама
Категория | Атауы | Орналаскан жері | Экожүйе түрлері | Ерекшелігі |
Қорықтар (10) | Үстірт қорығы | Қазақстанның оңтүстік-батыс | шөл зонасының табиғаты | Қорық аумағында табиғи – тарихи ескерткіштер көп кездеседі. |
Ақсу-Джабағылы қорығы | Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасы | Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. | Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. | |
Резерваттар | Ертіс орманы | Павлодар облысының Шарбақты және Лебяжі аудандарында орналасқан. | құрғақ дала субзонасында орналасқан, ыстық құрғақ жазы, қатал қарлы қысы, температураның үлкен амплитудалық ауытқуы бар күрт континентальды климатпен сипатталады | Ауа температурасының абсолютті максимумы Шілдеде байқалады және +41 °C-қа жетеді, абсолютті минимум -49 °C. метеостанцияның бақылаулары бойынша аязсыз кезеңнің ұзақтығы-117 күн. Жылдың суық мезгіліндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жазға қарағанда едәуір жоғары. |
Семей орманы | Абад облысының Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Абай, Аягөз, Көкпекті аудандарында және Семей қаласының жерлерінде орналасқан. | Таспалы ормандар Абад облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Бегенев, Бородулиха, Бөкебаев, Долон (жайылмалы ормандарсыз), Жаңасемей, Канонер, Морозов, Новошульба, Семей (жайылмалы ормандарсыз) филиалдарының аумақтары дала ендік-географиялық аймағына жатады. Жарма филиалының аумағы-шөлді ендік-географиялық аймаққа. | Аймақтың климаты тұтастай алғанда күрт континентальды, қысы суық, салыстырмалы түрде аз қарлы және жазы ыстық, құрғақ сипатталады. |