Файл: С температурада жылдамдыы 10 мольлс. Егерде, температуралы коэффициенті 4ге те болса, реакцияны 90.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Есептер

  1. Химиялық реакцияның 700С температурада жылдамдығы 10 моль/л·с. Егерде, температуралық коэффициенті 4–ге тең болса, реакцияның 900С–тағы жылдамдығы қандай болады?

  2. Гомогенді жүйе үшін тепе-теңдік константасын есептеңіз:

СО (г) + Н2О (г) ↔ СО2 (г) + Н2 (г) жүйесіндегі заттардың тепе-теңдiк күйдегi концентрациялары: [СО] = 0,004; [Н2О] = 0,064; [СО2] = 0,016; [Н2] = 0,016.

  1. Температураны 200С-қа арттырғанда реакция жылдамдығы 9 есе артты. Бұл реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?

  2. 2SO2 + O2 2SO3 гомогенді жүйесі үшін белгілі бір температурада тепе-теңдік константасы 1,2-ге тең. [O2]=0,2моль/л, [SO3]=0,08моль/л болса, SO2 газының концентрациясын есептеңіз?

  3. A + B → AB реакцияның жылдамдығы 0,2 моль/л·с, ал 60 секунд өткеннен кейін түзілген өнімдерінің біреуінің концентрациясы қандай болады?

  4. Гомогенді жүйе үшін тепе-теңдік константасын есептеңіз:

N2 +ЗН2 ↔2NH3  жүйесіндегі заттардың тепе-теңдiк күйдегi концентрациялары: [N2] = 0,016; [Н2] = 0,04; [NH3] = 0,01

  1. Температураны 400С-қа арттырғанда реакция жылдамдығы 32 есе артты. Бұл реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?

  2. S2(қ) + 4H2O(г)=2SO2(г) + 4H2(г) реакциясы үшiн Кр мен Кc-ң арасындағы байланысты жазыңыз.

  3. Температураны 300С-қа жоғарылатқанда реакция жылдамдығы 27 есе артты. Бұл реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?

  4. Гомогенді жүйе үшін тепе-теңдік константасын есептеңіз:

2NО+O2 ↔2NO2 жүйесіндегі заттардың тепе-теңдiк күйдегi концентрациялары: [NО] = 0,2; [O2] = 0,035; [NO2] = 0,02

  1. Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең болғанда, реакция 800С - да 8 минутта аяқталады. Берілген реакция 600С - да қанша уақытта аяқталады?

  2. Келесі қайтымды реакциялар үшін тепе-теңдік константаларын жазыңыз.


1. Feқ + 4Н2О г ⇄ Fe3О4 қ + 4Н2 г

2. Fe2O3(қ)+ 3H2 (г)  2Fe(қ) + 3H2O(c )

3. Сқ + СО2 г ⇄2СО г

4. СаО қ + СО2 г ⇄ СаСО3 қ

  1. Температураны 200С-қа төмендеткенде реакция жылдамдығы 16 есе азайды. Бұл реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?

  2. Келесі қайтымды реакциялар үшін тепе-теңдік константаларын жазыңыз.

1. 2N2(г) + 3H2(г) ↔ 2NH3(г),

2. SO2(г) + Cl2 ↔ SO2Cl2(г),

3. S2(қ) + 4H2O(г)=2SO2(г) + 4H2(г)

4. MgO(қ) + CO2(г) ↔ MgCO3(қ)

  1.  Температураны 200С-тан 600С-қа арттырса, 2NO+O2=2NOреакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең.

  2. Келесі қайтымды реакциялар үшін тепе-теңдік константаларын жазыңыз.

  1. N2(г) + O2(г) ↔ 2NО(г)

  2. 2Pb(NO3)2 (қ) ↔ 2PbO(қ) + 4NO2 (г) + O2 (г)

  3. H2(г) + Cl2(г) ↔ 2HCl(г).

  4. CaCO3(қ)= CaO(қ) + CO2(г)

  1. Температураны 300С-қа төмендеткенде реакция жылдамдығы 27 есе азайды. Бұл реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?

  2. Гомогенді жүйе үшін тепе-теңдік константасын есептеңіз: SO2(г)+Cl2↔SO2Cl2(г), гомогенді жүйесі үшін белгілі бір температурада тепе-теңдік константасы 1-ге тең. [SO2]=0,4моль/л, [SO2Cl2]=0,06 моль/л болса, Cl2 газының концентрациясын есептеңіз?

  3. Температураны 2000С-тан 2500С-қа дейін арттырғанда аммиак синтезі реакциясының 2N2+3H2=2NНреакция жылдамдығының өзгерісін табыңдар. Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең.

  4. 2Pb(NO3)2 (қ) ↔ 2PbO(қ) + 4NO2 (г) + O2 (г) реакциясы үшiн Кр мен Кc-ң арасындағы байланысты жазыңыз.

  5. Егер реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең болса, ал температураны 200С-қа төмендетсе реакция жылдамдығының өзгерісі нешеге тең?

  6. Fe2O3(қ)+ 3H2 (г)  2Fe(қ) + 3H2O(c ) реакциясы үшiн Кр мен Кc-ң арасындағы байланысты жазыңыз.

  7. Температураны 800С-тан 100С-қа дейін төмендеткенде H2+Cl2=2HCl реакция жылдамдығының өзгерісін есептеңдер. Реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең.

  8. H2(г) + Cl2(г) ↔ 2HCl(г) гомогенді жүйесі үшін белгілі бір температурада тепе-теңдік константасы 0,8-ге тең. [Cl2]=0,2моль/л, [H2]=0,08моль/л болса, HCl газының концентрациясын есептеңіз?

  9. Температураны 800С-қа арттырғанда реакция жылдамдығы 64 есе артты. Бұл реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?

  10. Температураны 800С-тан 100С-қа дейін төмендеткенде H2O+C=CO+H2 реакция жылдамдығының өзгерісін есептеңдер. Реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең.

  11. Егер температуралық өзгерісі 300С, ал реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, реакция жылдамдығы неше есе өзгереді?