Файл: Таырыбы Тіл білгірлері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Тақырыбы: «Тіл білгірлері»
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан -жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, плакат.

1. Мұғалімнің сөзі

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда.

дегендей, бүгінгі зиякерлік ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Яғни бүгін біз 5-6 сыныптар арасында «Қазақ тілінің білгірі» атты зияткерлік сайысымызды өткіземіз.

«Тіл білгірлері» зияткерлік сайысымыздың өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:

Ойын V айналымнан тұрады.

1. Бірінші айналым: «Тездет, бірақ қателеспе!» ( 10 минут)

2. Екінші айналым: « Полиглот» ( 3минут)

3. Үшінші айналым: « Ойлы болсаң, озып көр» ( 15 минут)

4. Төртінші айналым: « Кім жылдам» ойыны ( 2 минут)

5.Бесінші айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» ( 5 минут)

Қорытындылау. ( 5 минут)

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады.

Ойынға 2 топ қатысады.

I- « Білімділер» тобы.

II- «Ойшылдар» тобы.

Мұғалім:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Сайыстан тыс қалмаңыздар.

Мұнда қызық табылар

Білім нұры шашылар

Ақыл, тілі дамыған,

Үлгі алайық баладан.

Енді ойынымыздың I- айналымын бастаймыз.


I-айналым «Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады.
«Білімділер» тобы.
1.Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді.)

2.Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (иә)

3.Жалқы есімдер кіші әріппен жазылады. (жоқ. Бас әріппен )

4.Аласа сөзіне қарама-қарсы сөз биік .( иә)

5.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау деп атайды. (иә)

6. Хабарлы сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады (жоқ. нүкте)

7. Етістік Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұраққа жауап береді. ( Жоқ. Не істеді? Неғылды? Қайтты? )

8. Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді (иә. Жуан және жіңішке)
«Ойшылдар» тобы.
1.Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.( жоқ. Кім? Не?)

2.Әдемі сөзіне жуық мәндес сөз сұлу
( иә)

3.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. (иә)

4.Қазақ тілінде 40 әріп бар. ( жоқ. 42 әріп бар)

5.Үш биді ата. Олар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. (иә)

6. Сұраулы сөйлемнің соңына нүкте қойылады (жоқ)

7.Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады. (иә.)

8. Тұрлаулы мүшеге бастауыш пен баяндауыш жатады.( иә)

II - айналым «Полиглот»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын. Жасырынған жұмбақтарды шешіп, жауап сөзін 2 тілге аударып, айтасыңдар. Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
«Білімділер» тобы.
1.Қабат – қабат қаптама Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)

2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (ауа – воздух - air)

3.Үнемі ауызда бұлтыңдайды, Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - janguage)

4.Керемет бір ит бар Үй күзетеді үрмейді. Аяғы жоқ жүрмейді. Рұқсатсыз ол иттен Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)

5.Бұл үйге көзсіз болып кіресің, Бұл үйден көреген болып шығасың (мектеп – школа - school)

6. Қолы мен қаламы жоқ.

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз – frost)

7. Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег – snow)
«Ойшылдар» тобы.
1.Қалқиып ұзын құлағы Елеңдеп қорқып тұрады (қоян - заяц – carrot)

2.Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)

3.Мұрты бар, иегінде сақалы жок, Тоны бар, киетін шапаны жок, Пайдасы үй ішінен табылған соң, Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (мысық - кот - cat)

4.Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - watch)

5.Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - sun)

6. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка - line )

7. Жеп көріп ем өзің мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук – onin)

III-айналым «Ойлы болсаң, озып көр»
Бұл кезенде екі негізгі пәндер бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады. Жауап дұрыс болмаса қарсыластар жауап береді. Қарсыластардың жауабы дұрыс болса, ұпай солардың еншісінде.

Әдебиеттік оқу

Қазақ тілі
1. Әдебиеттік оқу.
1- ұяшық: Төрт түлікті ата ( түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі)
2- ұяшық: Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. (у)
3- ұяшық: Әліппенің атасы кім? ( А. Байтұрсынов)
4- ұяшық: Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір. (Заттың санын білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Мысалы бір, жиырма бес)
5- ұяшық: Абай Құнанбаевтың шын аты кім? (Ибраһим)
6- ұяшық: Етістіктің неше шағы бар? Қандай? (Үш шағы бар. Өткен шақ, осы шақ, келер шақ)


7- ұяшық: Мәншүктің соғыстағы қаруы? ( пулемёт)
8- ұяшық: Сөз құрамына не жатады? (түбір мен қосымша)
9- ұяшық: Тұнғыш ұстаз, ағартушыны ата? ( Ы.Алтынсарин)
10- ұяшық: Ұяң дауыссыз дыбыстарды атап шық. б,в,г,ғ,д,ж,з
11- ұяшық: Отан, туған жер туралы екі мақалды айт (Отан – оттан да ыстық. Туған жерге, туыңды тік)
12- ұяшық: Қанша дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс бар? (12,25)


ІV- айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр».

«Білімділер» тобы:
«Қызғалдақ» - қыз, ал, дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ.
«Ойшылдар» тобы :
«Жауқазын» - жау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу.

V- айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр».
Ойынымыздың соңғы айналымы «Мақал-мәтелдің жалғасын тап» . Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

І топ:

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Бал тамған тілден ... (у тамған).

3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).

4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)

6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).

7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).

8. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).

9. Өнер алды - ... (қызыл тіл).

10. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).


ІІ топ:

1. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Тіл қылыштан ... (өткір).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Тілден артық ... (қазына жоқ).

6. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).

7. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).

8. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).

9. Басқа пәле - ... (тілден).

10. Білім кілті - ... (тіл).

Қорытынды:

- Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Әр топтың жинаған ұпай сандары әділқазылар есептеп, бүгінгі сайыс сабағымыздың қорытындысын шығарайық.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін берейік.

Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазымен табыс етеді. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады.

Осымен « Қазақ тілінің білгірі» сайысы аяқталды. Бәріңізге көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен көп рахмет айтамын!