Файл: Пн аза дебиеті Сынып 6сынып Блім Мен бала жары кнде суле уан Таырып О. Бкей Тортай мінер абоз ат.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Автор: Токаева Назгуль Муратбековна

Пән: Қазақ әдебиеті

Сынып: 6-сынып

Бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Тақырып: О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесіндегі автор және кейіпкер бейнесі

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; 

6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.  

Сабақтың мақсаты:

- шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасай алу; 

- эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау; 

- кейіпкер бейнесін талдай алу.  

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер:  құлағының мүкісі бар, қоламта, жемделген ат  

Күтілетін нәтиже:

шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасай алады; эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтай алады және кейіпкер бейнесін талдай алады. 

Бағалау критерийлері:

• Кейіпкерлер түрін біледі;

  • Кейіпкерді тек тұрғысынан сипаттай алады.   

Құндылықтарды дарыту:

• адамгершілік;

  • достық;

  • құрмет  

АКТ-ны қолдану дағдылары:

интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс:

тарих

Бастапқы білім:

 О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасының тақырыбы мен идеясын біледі

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(12 минут)

1. Үй тапсырмасын сұрау. 

2. Қызығушылықты ояту кезеңі 

Мұғалім тақтаға «Қарым-қатынас қандай болу керек?» деген сұрақты жазып қояды. Оқушылар кезекпен-кезек шығып бір сөзбен ойын жазып кетеді.

Мысалы:  - Сыйластықта  - Жақсы  - Бір-бірін қорғау керек 

- Жақсылық жасау керек  - Дос болу керек 

- Қайырымды болу керек  Жазғандарын сынып оқушылары оқып болғаннан кейін мұғалім қойған сұраққа жұпта сөйлеседі.

Сұрақтар: 

• Ораш пен Тортайдың қарым-қатынасы қандай болды? 

• Бір-бірін қадірлей алды ма? 

• Неліктен Ораш Тортайдан алыстап кетті?

интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

(21 минут)

Мағынаны тану кезеңі

  1-тапсырма    Кестені толтыр. Берілген үзінділер қай кейіпкерге тән?

 

Үзінділер

Тортай

Ораш

Менің үзінділер арқылы шығарған қорытындым

«Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол – кітап, әкем де, шешем де сол – кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің – бәрі-бәрі ұмтылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын.










«Кетерімде ол маған ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа cен мінерсің».










«Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан-жалғыз Тортай ғана қалған. Әрине, мен оны қимадым, қиналдым. Өзіммен бірге ала кететін шаманың жоқтығына жыным келді».










Шешемнің қолынан – бір, жолынан – екі алып, әр күн сайын Тортайға таситынмын.










«Әке-шешең іздеп жүрер, үйіңе қайт, қорықсаң – мен шығарып салайын»










Дескриптор: 

- кестені толық толтырады;

  - үзінділерді ажырата алады; 

- кейіпкерлерді ажырата алады.   

2- тапсырма  

Ораш бала кезінде бірге өскен досы  Тортай келгенде амандасуға шықпай қалды. Осы әрекеті дұрыс па?  

ИЯ

ЖОҚ

1.

2.

3.

түйін:

1.

2.

3.

Дескриптор: 

- пікірді жоққа шығара біледі; 

-  ұстанған позициясы бойынша қорытынды жасайды; 

-  оқушы ойын жүйелейді, пікірін дәлелді айта алады.  

3- тапсырма: Эссе жазу   

Әдеби эссе жазу үшін бірнеше тақырып ұсынылады: 

- «Тортайдың отбасының болмауы тағдырына қалай әсер етті?» 

- «Тортай арманының орындалмауына кім кінәлі: Тортай ма, тағдыр ма?»                                                                                                 эссенің сөз саны - 100 

Дескриптор: 

- тақырыпты толық ашып жазады;

  - тақырыптан ауытқымайды; 

- сөз санын сақтайды; 

- жазу стилін біледі.

 

слайд, презентация

Кері байланыс/2 минут

Кері байланыс/2 минут

Сабақтың соңы

(2 минут)

Үй тапсырмасы:   «Кейіпкерге хат жазу»  

1. Шығарма кейіпкерлерін бөліп беру; 

2. Берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып,  хат жазу керек; 

3. Егер ...  болса, не болар еді? Неге? Неліктен? 

4. Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазғызыңыз.   

Дескриптор: 

- шығарма кейіпкерлерін таңдай алады; 

- берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырады және  хат жаза алады; 

- ойын дәлелдей алады; 

- кейіпкерге ұсыныс жаза алады.



Рефлексия

(5 минут)

Сабақ рефлексиясы:

   Оқушыларға қозғалыс арқылы рефлексиялық сараптау түрлерін ұсынуға болады:

  - жартылай отыру - өте аласа сараптау, жағымсыз қатынас;  

- отыру, яғни тізелерді аз бүгіп отыру - орта сараптау, немқұрайлы қатынас;

   - әдеттегі қалыпты тұрыс, қолдары тігістерде ұстау - қанағаттанарлық сараптау, байсалды қатынас;

   - қолдарын шынтақтарға қойып көтеру - жақсы сараптау, жағымды қатынас;  

  - Қолдарын жоғары көтеріп , алақандарын соғу және аяқтарының ұшымен тұру - өте жоғары сараптау, қуанышты қатынас.