ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Латип Шахатов мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Несіпбаева Мөлдір ✍
Тəңірдің өзі кешіре көрсін...
Самал боп еседі өктем леп,
Қалдым ба фəниге өкпелеп.
Жұлқынтып жіберді жағамнан,
Тағдырдың...
...тəбəрак тəлкегі тепкілеп.
Мен үшін өмір тым өктем-ақ,
Ұшырып жібердім өкпені-ап.
Көңілім құлазып тұрғанмен,
Ал жүрек...
...жайнаған көктем-ақ.
Өтеді бəрі де, өтер күн,
Заманнан зуылдап кетермін.
Зымырап бір ауық бекем боп,
Тұрмайтын...
...уақытты не етермін?!
Беріп-ап егер де уəдемді,
Шалқайтып көтерсем кеудемді.
Тəңірдің өзі кешіре көрсін,
Ұмытсам...
Егер де тəубемді.
Сан түрлі сынаққа төзбес кім,
Ырқына тағдырдың көнбеспін.
Қараңғы түнекте шам болып,
Жарқылдап...
Шырғалаң шырақтай сөнбеспін!
Ұстаз- ұлы тұлға
Алтын ұяма, сіңірген алтын еңбекті,
Шəкірттен ешбір аямаушы еді көмекті.
Барлық ұстаздар лайым аман болсыншы,
Алтыннан қымбат ең текті.
Үзіліс бітсе, сыныпқа дереу беттейді,
Арада тіпті бір минут уақыт өтпейді.
Күліп-ақ кіріп, жымиып қайта шығатын,
Қайсар мінезді ұстазға ешкім жетпейді.
Біздер едік қой...
Қара шаңырақтың түлегі,
Бума қағазбен апайлар ылғи жүреді.
Сіздерсіз мектеп қаңырап қалған үйшіктей,
Себебі, Ұстаз--мектептің ғана жүрегі.
Көңілді қайтейін күйгелек?!
Жанымды жегенде ауыр мұң,
Күтемін келер деп тәуір күн.
Беймаза боп кетем біртүрлі,
Сағымы шағылса тауымның.
Сарпылса сарқылы дауылдың,
Күшіне жүгіндім ақылдың.
Өмірді балалық кезімде,
"Керемет екен"деп жаңылдым.
Өмірді қатал деп тепсінсем,
Құдайым кешірші өтінем.
Мен әлі ғұмырлы болармын,
Алжасып кетпесем есімнен.
Көңілді қайтесің күйгелек,
Қайғыны не етесің тізбелеп.
Өмірді-есерсоқ дегенмен,
Күнім-ау, нендей зат өзгермек?!
Әрі де, бері де сабылдың,
Шегі де бар екен сабырдың.
Сен әлі бақытты боласың,
Сарқылып кетпесе сабырың!
Сәби сезім
Жетімді көріп жебеген ақпарға,
Бала көңілін лезде тапқанда.
Денем түршігіп, аяп кетемін,
Көзіңнен мөлдір мөлтек аққанда.
Туыла салып, шығарып итін,
Жегідей жанды аяусыз жейтін.
Адам тағдыры бұзылған шақта,
Жырламақ болдым замана кейпін.
Қоқыста сәби бұған қараңдар,
Ана жоқ оған мүлде алаңдар.
Өмірдің мынау сергелдеңіне,
Түсірмеңдерші сәбиді, адамдар!
Жылғалап жылдар, тоғысса арналар,
Орындалады сансыз армандар.
Іңгәлап туған сәбиді, күнім...
Алланың ғажап сыйы санаңдар..!
Латип Шахатов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Беркінғали Дамира.
Жетекшісі: Латип Шахатов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Несипбаева Мөлдір.
Әжеге сағыныш
Сағынамын жан әжем сағынамын,
Сағыныштан өзіңе жыр жазамын.
Әлпештеген аялы алақанды,
Сезіну ғой,мендегі бар арманым.
Өтседе айлар,жылдар, жүректесіз,
Жүрегіме иман гүлін сіз еккенсіз.
Сағыныштан сарғайған,қызыңызды,
Қалайша,жалғыз тастап кетті екенсіз?..
Сенбеймін,әлі күнге жоқтығына..
Өтті ғой талай күнім сенсіз мына..
Әжетай,еркелеткен әрбір сөзің,
Қызыңның тұрғой мына құлағында..
Сағынумен өтті ғой талай күнім,
Санамды билейді мына қайғы-мұңым,
Өзіңсіз өтіп жатыр әрбір күнім..
Әжетай,сағындығой тентек қызың...
"Әжесінің құлыншағы"- деген үнің,
Жүректі тебірентер жылы жүзің.
Сағымға айналдығой бұл сәттерде,
Естелік боп,жүректің түкпірінде...
Жұмекенге…
Мың жылдар өтсе дағы бұл ғаламда,
Өмір дейтін баға жетпес шырғаланда.
Ақынның өшпес аты, жырлары да,
Мәңгіге жүрегімде жырлануда.
Келмейді өлді деуге данамызды.
Сөздері баурап алды санамызды.
Тамсандырды Жұмекең мына бізді.
Тамаша жырларымен бір сарынды.
Өлеңі қиялыма шабыт берді.
Арманым бір өзінді көру еді
Әттең-ай көру арман боп қалды ғой
Өзіндей теніз ойлы, ақынымды!
Латип Шахатов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Кеңесқали Динара.
Жетекшісі: Латип Шахатов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Несипбаева Мөлдір.
Мұқағали атама арнау
Үлгі тұтар Мұқағали атам менің
Арқау болған қаламына азаттығым
Әрқашан мақтан еткен туған елін,
Бостандықты аңсаған қаламгерім...
Елімнің маңдайына дара біткен,
Жұлдызы жарқыраған ол қазақтың,
Жас жүрегі соққан еді елі үшін деп,
Қаламына арқау болған азаттығым...
Жастарды жақсы тәрбиеге баулыған
Қазақтардың көтеріп көкке рухын.
Қаламына арқау етіп өкпе мұңын,
Құрбан болған жолында еркіндіктің...
Есимова Жадыра 2002 жылы 10 маусымда Атырау облысы Мақат ауданында дүниеге келген.2019 жылы Мақат ауданындағы Хамза Санбаев атындағы орта мектепті бітіріп,Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Аудандық,облыстық жыр мүшайраларының жүлдегері,республикалық байқаулардың жеңімпазы,2018 жылы Мақат ауданының <<Үздік жас қаламгері>> номинациясын алды.Республика бойынша Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған жас ақындар мүшайрасының 30 үздік жас ақынның қатарына енді.Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі Оразалы орталығы “Жас қалам” ұйымының мүшесі.
Қарияға қарайла
Баламыз түсінбейміз қарттың қалін, Тіпті,анық білмесекте жастың мәнін. Дариядай ақпасам да ұмтыламын, Шырқағым кеп биікке шындық әнін.
Өткеннен үн қатайын өзі мәлім, Бүгіннен сөз айтайын үзген бәрін. Есті сөзді елейді деп арнаған ем, Елеушіге жасынан көрген тәлім.
Қарияны дария деп бағаладық, Жанұяға не керек одан артық. Әжесіне еміреніп тәтті күтіп, Атасына еретін құман атып.
Таяғын әкеп беріп,жәрдем етіп, Өзінше түзейінтінбіз саптан етік. Ұзақтан танып бізге күлімдейді, Жанары солса дағы нұры кетіп.
Сол кездің тәлімі еді мығым еді, Үлкенге құрмет,пейіл бүлінбеді. Себебі,шал-кемпірдің тәрбиесі, Құйттайынан ізгілікке жетеледі.
Қазірше,ойлайықшы осы жайлы, Ойласақ тек өкініш ауыр қайғы. Таяғын бермек түгел итеріп кеп, Кезекке тұра қалу етек жайды.
Елемейміз асылдай қазынаны, Ол дегенің бір үйдің азық наны. Бүгінде атаң емес,алтын керек, Бір ауылда алу үшін әз бағаны.
Айтшы қане не өзгерді арасында, Сауда да,саттығың да жарасымда. Неліктен осыншалық төмен түстік?! Мүмкін жауап әркімнің санасында.
Қарты бар үй қазынаға тең келеді, Қазынадан сезілер тек дәстүр лебі. Сол үшінде тірлігінде тіреу болсақ, Олар бізге тек жақсылық тілеседі.
Байқап жүрмін
Өзгеріпті Біраз нәрсе бүгінде, Бірақ көбі қонымды емес көңілге. Дегенменен,бұл жазбағым ада тұр, Табалау мен мін тағудан біреуге.
Қарайласаң Жаман істер күніге, Жақсылықтың білінбейді ізі де. Көрінбеген қара бұлттар ілінер, Жағаласып жарық күннің көзіне.
Үнсіздікпен Қозғалатын тілі де, Тұсау керек шешен,көсем биіңе. Бұхараға арнап бір от тұтатып, Жанған сәтте кіріп кетер ініне.
Елден ерек Дараланып бәрі де, Талап қояр қарамастан әліне. Жазатайым қате кетсе жазалар, Арасында болмай жатып мәміле.
Көңіл бөлмей Қарапайым істерге Ұмтылады тәттілерді тістеуге. Ал,егерде ащы шатқал басталса, Шыдамайды адуынды күштерге.
Бәрі ерер Ертең үшін ілімге Әйтсе дағы шоқпар түсер беліне. Өзі біліп жүргенінен не пайда? Бар жиғанын арнамаса еліне.
Түсініксіз Түсінбейтін дүние Кедейіңнің үлесіне бай ие. Сол сияқты заман іші ауысқан, Алма-кезек құбылатын жүйеге.
Байқап жүрмін Осылардың бәрінде Кім жетер деп ең бірінші мәреге. Бұның бәрі шындық сөздер сол үшін, Кінә тағып,өкпе артпаймын өмірге.
Қалықтағым келеді биіктерге
Қиялға ере беріп жарық күнде, Кіріп шығам сан түрлі есіктерге. Еркіндікті сүйетін ерек құс боп, Қалықтағым келеді биіктерге.
Әр ізбен жүрген соң жиі бірге, Күлемін уақытша кейіпке ене. Өз бағытын білетін құс секілді, Қалықтағым келеді биіктерге.
Тәтті сезім сән беріп бұл өмірге, Бір құдірет мендегі жүрекке еге. Жалғанда кінәсіз құс жанындай, Қалықтағым келеді биіктерге.
Жылу сыйлап үнемі көңілдерге, Қуантқым-ақ келеді мейір төге. Қанатын кеңге жаяр құс тәрізді, Қалықтағым келеді биіктерге.
Уақытымен бұрылмай өткеніме, Өкінемін өмір өтіп кенкеніне. Қатер үсті ұшатын құсқа ұқсап, Қалықтағым келеді биіктерге.
4)Алатау мен Ақжайықтың арасы
Дүрбелең деп өзгергенде ел ауасы,
Терезеден көрінгендей қарасы.
Сол бір сәтте үнсіз ғана дем алар,
Алатау мен Ақжайықтың арасы.
Сыр ашпаған туған жердің даласы,
Қарап тұрсаң қанауда әлі жарасы.
Ақындардың арқауына айналған,
Алатау мен Ақжайықтың арасы.
Биіктігі байқалмайтын жартасы,
Табиғаттың тереңдегі картасы.
Әр бөктері мен мұндалап таласқан,
Алатау мен Ақжайықтың арасы.
Алтыннан да қымбат болған бағасы,
Уақытың тұр бізден күшті шамасы.
Күн мен айға кезек берген көгінен
Алатау мен Ақжайықтың арасы.
Байтақ далам,екі тарап жағасы,
Жалғанатын қос қиырдың қаласы.
Бабалардан бізге қалған аманат,
Алатау мен Ақжайықтың арасы.
Жүйіткімей жүрдек пойыз аласы,
Желдей есіп,асық болған баласы.
Әйтседағы кеңдігіңнен айналдым.
Алатау мен Ақжайықтың арасы.
Дүние деген базар
Кіріп едім дүние деген базарға, Адамдар жүр əр нəрсеге таласа. Білгенім,абырой арзан,мансап қымбат, Кететін əр адамның қалтасында.
Біреулер жүр,арзан атақ маңайында, Мақтанышпен кіргісі кеп сарайына. Өзі жер де,бірақ ойы аспандап, Ұшып жүр ғой,дүниенің шырайында.
Одан өтіп,тағы жүрдім аралап, Бір тұраққа аялдадым,кеп тоқтап. Қарап едім,шоғырланған бір қауым, Абырой үшін саудаласып жүр, пұлдап.
Одан асып,жүріп келемін алдыға, Жан-жағыма қарайладым тағы да. Бір адам тұр,қалың папка ұстап ап, Риза қылған адамдарды тартуға.
Көзді жұмып,тұрақтадым бір жерге, Келсем мұнда болып жатыр мереке. Не екен деп қарап едім,көз тастап?! Өмір-екен сатылатын теңгеге.
Жаяу жүріп,көңіл толмай шаршадым, Көлікпенен аралауды бастадым. Жолда толы зымыранды көргенде, Тесік қалта тола ма деп тоқтадым.
Тұлпар тастап,жабырқаулы келемін, Келемінде ойға түсіп кетемін. Қарсы алдымда жасандылық тұрағы, Оны тастап,ары қарай жүремін.
Сол-ақ еді,жүргенім қарайлай, Бір саудагер жүгіріп жүр демалмай. "Бай келді"-деп жанұшырған саудагер, Жай адамға қарамаушы еді дəл бұлай.
Оған налып мен келемін тағы да, Соңғысы деп,кіріп келем жабыға. Сөйтсем тағы,жамандықтың ортасы, Ойланбастан шығып кеттім қамыға.
Базардан тыс,оңашада ойландым, Сол бір базар айуандыққа тойған тым. Өз-өзінің түбіне жете тұғын, Адамзатты сол мекеннен тыяр кім?!
Ойлан достым,көзіңді аш қарайла, Бұның бəрі қу тіршілік,жай ғана. Өмір-деген базардан еншіңді алып, Сауап толы қоржыныңды дайында.
Талай нəрсе айтылмады бұл жерде, Қара шер боп,тұр ғой əлі көңілде. Кезі келіп оны дағы жазармын, Ал,бүгінгі айтарым сол менің де.
Хамза Санбаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Саламатова Аяулым.
Жетекшісі: Хамза Санбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рзақанова Сандуғаш
Мағжан Жұмабаевқа арнау
Ұлыларға, жыр арнауға жалықпаспын,
Мағжан ата жарқыраған жарықтасың
Қазақтың ұлықтаған ұланысың,
Қол созсақ, жетпестей тым жырақтасың.
Мағжан ата, Солтүстікті мекені,
1893 жылы дүниеге келгенді.
Батыр ақын, ұлы ақын, ер ақын
Өлеңдерін бар қазақ жаттап өтеді.
Ақынға, өлең жазып ерінбейін,
Көп туар біраз сөзді көбейтпейін.
Мағжанымның жатқан жерін жайлы қылған,
Бір Аллама ризашылық білдірейін.
Мағжан ата! Сізді ұмытпайды барша ұрпақ,
Оқуыңа келіп тұрмын жүлде аңсап,
Өз-өзімді көрсетіп қазағыма
Сәтін салсын! Мағжан ата рухы қолдап.
Абай Құнанбаев
Өмірімді не жасап өткіземін,
Мақсатыма қалай қол жеткіземін.
Дүниенің сыры не, мағынасы?