ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қайдан келдім, қай жаққа бет түзедім?
Абайдан сыр қалды ма айтылмаған,
Өлеңінің қуаты жойқын бабам.
Адамның бар мақсаты-кемелденіп,
Жетілу екендігін айқындаған.
Қалмасын деп тұншығып қазақ үні,
Заңдылықты үйретті ғажап ірі.
"Адам жаны жүректен орын алған,
Бақыт деген жүректің тазалығы".
Қайғы мұңсыз қаперсіз жата алмастан,
Кім бар үнін Абаймен қатар қосқан.
Әттең өзі секілді жан таба алмай,
Толстоймен алыстан хат алмасқан.
Қаламын тербеді ақын тағы кімге?
Қазақтың орансын деп бағы гүлге.
Хат қылып тастап кеткен жазбалары,
Сыр ақтарып келеді әлі күнге.
Пәлсапаңның өлмейтін пәлен жылдық,
Мағынасын ғасырлап әрең білдік.
Әндерің де әсерлі, шырқалғанда,
Құдды бір кететіндей әлем мүлгіп.
Тас түнектен талайды нұрға қарай,
Қара сөзін шырақ қып бұрған Абай.
Қалың елім қайтейін қайран жұртым,
Алыбымды алмады шын бағалай.
Жаратқанның тылысым әмірімен,
Қайта туып қылмасаң тағы бір ем.
Ояна алмай көбісі жатыр әлі,
Сол баяғы жартастың қалыбымен.
Хамза Санбаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Сапарғалиева Дильназ.
Жетекшісі: Хамза Санбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рзақанова Сандуғаш
Ана
Ана орнын ешкім баса алмапты,
Жоспарлайтын сәбиі үшін жан жақты,
Қаншама ақын, қаншама мың сазгерлер,
Анаға деп ардақты өлең арнапты.
Ана бақыт, ана жылу, ана нұр,
Аналарға арналады дара жыр.
Ер жеткенде, бой жеткенде есейіп,
Ең бірінші анаңа көз сала біл.
Барлық ана аман болсын тілегім,
Сәбиі үшін жұлып берер жүрегін.
Ең асылы адамзаттың мен үшін,
Аяулы жан аналар деп білемін.
Ана қорған, ана батыр, ана жыр,
Алақаны аялы оның, жаны әділ.
Анаға деп ән салады күллі әлем,
Анаға деп құлпыртады дала гүл.
Сендей маған сездірді кім жылуын,
Жылуыңнан күліп ойнап жүруім.
Қас қабағын кір шалдырмай аңдитын,
Хас тұлпарға айналғанша құлының.
Сендей маған кім шуақты төкті нұр,
Сол шуақтан сұлу қыз бен, өткір ұл.
Менің анам арайланған-күн ғұмыр,
Күн ғұмырға тілейтінім көп ғұмыр.
Жылағанда кім құлағын түретін,
Елден бұрын алып ұшып жүретін.
Ана деген алаң көңіл, адал ой,
Бар бақытын баласы деп білетін.
Сағанда бақ балаң хақтан сұрады,
Жаным анам жан әкемнің сыңары.
Сен ешқашан қартайма да, суалма,
Асқар таудың ағып жатқан бұлағы.
Ақын болдым мінекей...
Ақын болдым мінекей,
Әділдікпен үн қосқан.
Жақсылықпен жырлатқан.
Көсем сөзін көсілтіп,
Тәрбиесін тыңдатқан.
Ақын болдым мінекей,
Тура сөзді толғаған
Ақиқаттың жолында
Тек шындықты қолдаған.
Ақын болдым мінекей,
Таңдай қақсын талайлар.
Өміріме өнеге,
Мұқағали,Абайлар
Ақын болам ендігі,
Елдің қамын көп ойлар.
Бір пайдамды тигізсем,
Елім үшін сол ойлар!
Хамза Санбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Орынғали Құрманбек.
Жетекшісі: Хамза Санбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразова Ақжұлдыз
Ояң, Қазақ!
Ояң, қазақ! Ояң, ұлтым! Ояң, халқым!
Егеменді қазақтың, көтер даңқын.
Тәуелсіз еліміздің мықты рухын,
Түсірме ешқашанда ар-ұятын.
Керей мен Жәнібектей елді қорға!
Махамбет пен Исатайдай жерді қорға!
Қазақтың қайталанбас батырларын,
Ешқашанда ар-намысын түсіруші болма.
Еліктеме басқа елге, бұл сәнді деп,
Елеңдеме бөгде адамға, бұл мәнді деп.
Қаншама қазақтың би, ханы бар,
Сол билерден ақыл менен үлгіні ал.
Қарапайым Қазақстанды Тәуелсіз қылған,
Қайрат пенен Ләззат деген батырлар бар.
Өте суық, аязды, салқын айда,
Бар шындықты қазақтарға жайып салған.
Қазақтың ержүректі қыздары бар!
Соғыс көрген, оқ көрген, азап көрген!
Немістердің барлығын қырып келген,
Әлия менен Мәншүкке құрмет берем.
Осындай тұлғалардың арқасында,
Қазақстан тәуелсіз болып келген.
Өз Отанын қорғаған бұл адамдар,
Алғыс пенен құрметке лайық деген.
Хамза Санбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Исатай Айболат.
Жетекшісі: Хамза Санбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразова Ақжұлдыз
Құйынды түн
Жел соқты кеше түнде, құйын соқты,
Әкетті отбасы, шаңырақты көкке ұшырып.
Айнала оратылды қызыл отқа,
Суықтан соң ыстықты сізгеннен соң,
Түсіндім есікті жел емес, жау тепкендігін.
Оянып жау беткейге қарап едім,
Анық көрдім азық түлік, отқа оранып кеткендігін,
Ұмытқанба арымыздың мықты екенін.
Дегенмен таба алмадым дұшпандарды.
Содан соң ұғындымда тығылып кемсіткенін,
Дереу әскер жасақтап жау беткейге қарсы шаптым.
3 тәуліктің уақыттында жауымызды шоқ секілді ұсақтадым.
Бүгін міне секектеп қыдықтаған дұшпандардың,
Қамалында азық пенен арымызды қайта алдым.
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовке арнау
Қазақтың қайталанбас ақынысыз,
Ең алғаш ұран жазған шабыттысыз.
Мына біз сіз сияқты тектінің,
Атырауда туғанына мақтанамыз.
Кіші жүзден тарадым сіз секілді,
Арнауымды арнадым сіз дегелі.
Сіз шығарған әнұранмен
Халқыңыз туын қосып биікке көтереді.
Таң қалдырды қазақ жерін
Кезіп жүріп әуенмен.
Таң қалдырды қазақ елін
Ойлап тапқан жырымен.
Құстай самғап,
Қазақ аспан көгінде.
Шабытымен сөйлем таңдап,
Ұйқасына келтіріп әр сөзінде.
Көптеген шығармамен таң қалдырып,
Атырауға мүсініңізді салдырып,
Осылайша қалдыңыз есімізде
Біз сізді ұмытпаймыз мәңгілікке.
Латип Шахатов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Ақмурзина Мөлдір.
Жастық
Бал дәурен уайымсыз балалық шақ,
Кетіп барады әнекей қолын бұлғап.
Арман,қиял сыйлаған бұл кезеңге
Алғыстан басқа нәрсе болады жат.
Шектеу жоқ,қиялға әуестендік
Армандаудан қорықпадық,нәресте едік
Өсе келе не болған адамзатқа?
Армандаса қорқады,елеске еріп.
Шектеулерді алып таста миыңдағы,
Болар бәрі,шынға айналар ойыңдағы.
Тек сенім мен еңбек керек әрбір істе,
Дегеніңе жеткенше мойымағың.
Жалқаулық - қазірде басты жауың,
Қаперіңе салмасын бастың дауын.
Қазірден баста,ертерек әрекет ет,
Еріншекке айналмасын
Жастық шағың - қайта оралмас,қадірін біл
Адал бол,білім ізден,нұрлы боп жүр
“Тән көмілер,көмелмес еткен ісің”
Сол үшін ісің қалсын,елің үшін.