Файл: 4 Дріс мемлекеттік баылау жне адаалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4 ДӘРІС
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
ЖОСПАР

1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау ұғымы және жалпы ережелер

2. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен міндеттері

3. Тексерілетін субъектілер мен объектілер.Тексерiлетiн субъектiлердің (объектілердiң) қызметiне қойылатын талаптар

4.Тексеру түрлері

5. Тексеру жүргізу мерзімі
1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер

Мемлекеттік бақылау – тексерілетін субъектілер қызметінің ҚР заңнамасында (ҚР Кәсіпкерлік кодексі) белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау және қадағалау органының тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқықтық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
      Мемлекеттік қадағалау – тексерілетін субъектілердің ҚР КР заңнамасының (ҚР Кәсіпкерлік кодексі) талаптарын сақтауын бақылау және қадағалау органының тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;


Мемлекеттік бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң ҚР заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн.
      Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.
      Iшкi бақылауды жүргiзу тәртiбi "Әкімшілік рәсімдер туралы" ҚР Заңында айқындалады.
      Бақылау және қадағалау органы тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң ҚР Кәспкерлiк кодекстің 132 б. 2т. көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру және байқау бойынша жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.
      Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi ҚР Кәспкерлiк кодекстің 13 т. 137 б. және 2-параграфында айқындалады.
      Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) ҚР заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар

     Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу ҚР мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады әрі бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталады.

ҚР мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағы

Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар ҚР нормативтік құқықтық актілерінде, ал ҚР заңдарында көзделген жағдайларда, тек қана ҚР заңдарында, ҚР Президентінің жарлықтарында және ҚР Үкіметінің қаулыларында белгіленеді.

Құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау және қадағалау іс-шараларын жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық қудалау, әкімшілік іс жүргізу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын іске асыру шеңберінде ғана, сондай-ақ ҚР заңдарында көзделген өзге да жағдайларда жүргізеді.

2. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен міндеттері

1) заңдылық;

2) бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;

3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;

4) жариялылық;

5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйе­лі­лі­гі;

6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;

7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орын­да­мағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;

8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың ба­сым­дығы;

9) қажеттілік пен жеткіліктілік;

10) мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;

11) адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзу­шы­ларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;

12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру;

13) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы;

14) тәуелсіздік;

15) объективтілік және турашылдық;

16) дәйектілік қағидаттарына негізделеді.

Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттері

ҚР Кәсіпкерлік кодексі 130 бабына сәйқес мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттеріне экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және өткізетін өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгін, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған орта үшін қауiпсiздiгiн, ҚР ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жатады.


  Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.
      Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу тексерілетін адал субъектiлерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.

3. Тексерілетін субъектілер мен объектілер.Тексерiлетiн субъектiлердің (объектілердiң) қызметiне қойылатын талаптар

ҚР Кәсіпкерлік кодексі 133 бабына сәйқес тексерілетін субъектілер болып табылатын, қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
      Тексерiлетiн субъектiде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, бақылауға және қадағалауға жататын мүлік тексерілетін объект болып табылады.
3. Бақылау және қадағалау нысандары


      1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі – ҚР Кәсіпкерлік кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда ҚР өзге де заңдарында айқындалатын тексеру;

      2) егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексі өзгеше көзделмесе, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы және ҚР өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

      Профилактикалық бақылау мен қадағалау:

      1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға;

      2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауға бөлінеді.

      3. Бақылау және қадағалау органы ҚР Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына сәйкес бақылаудың және қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтардың профилактикасына, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне олардан төнетін қатердің профилактикасы мен алдын алу мақсатында олардың жасалу себептері мен жағдайларын жою үшін ұсынымдар беруге бағытталған бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау болып табылады.


      Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.

      Бақылау және қадағалау органы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы, табиғи монополиялар салаларындағы, осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды.

Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылауды қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бақылау және қадағалау органы ҚР Кәсіпкерлік кодексі 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.

      Егер бару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса, ҚР Кәсіпкерлік кодекс 147-бабы 2-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, осы Кодекстің 141 – 147-баптарының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.

      5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау мынадай шарттар сақтала отырып, ҚР Кәсіпкерлік кодекс және ҚР өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады:

      1) бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;

      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелу және бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;

      3) бұзушылықтар болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бірақ бақылау және қадағалау субъектісіне оны жоюдың тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалары) жасалады.


      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін ҚР заңдарында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттарын, құралдарын, оларды жүргізу тәсілдерін, субъектілерінің тізбесін, жүргізу жиілігін, есепке алу тәсілін міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі айқындалады.

4. Тексеру түрлері

1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;
2) ішінара;

3) жоспардан тыс.
      Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру болып табылады.
      Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – ішінара тексеру болып табылады.
      Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты тексерілетін субъектіге қатысты, тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Тексерулер көлемі бойынша:
1) кешенді;
2) тақырыптық болып бөлінеді.
    Тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін ҚР КК 132 б. 2 т. сәйкес ҚР заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша тексеру – кешенді тексеру болып табылады.
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін ҚР КК 132б. 2 т. сәйкес ҚР заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру – тақырыптық тексеру болып табылады.