Файл: Сабаты таырыбы Сз жне оны маынасы Омоним дегеніміз не.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы Омоним дегеніміз не? | Мұғалімнің аты-жөні: Күні: | ||||
СЫНЫП: 2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | |||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.2.2.1* - синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану 2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету 2.4.2.2 – көптік жалғауларын дұрыс қолдану | ||||
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. | ||||
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | ||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | ||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | ||||
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. | ||||
Сабақтың жоспары | |||||
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | |||
Басталуы 5 минут | Сәлемдесу. Топқа бөлемін : Қатар бойынша отырған оқушыларды үш топқа бөлу Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би «Әнді жалғастыр!» Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу. Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды». 1. «Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол) 2. «Анашым» (4 жол) 3. «Жан досым» (4 жол) | Қатар бойынша топтарға бөлу. «Әнді жалғастыр!» Тренинг | |||
Жаңа білім 10 минут | Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Омонимге берілген ереже арқылы Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөдер омоним сөздер деп аталады. Мысалы: алма- жеміс, алма- қимыл атауы. №17. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой және жауап бер. Мәтінге ат қой. №18. Жүз сөзінің әр мағынасына сөйлем құрап жаз. Жүз саны, Адамның жүзі. | Оқулық, мәтіндер. | |||
Ортасы 10 минут | Қолдану Дәптермен жұмыс. 19. Сөздердің мағынсын түсіндір, олардың әрқайсысына екі түрлі мағынаны білдіретін сөйлемдер құра. №20,21. Өздік жұмысы. | Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер | |||
Сергіту сәті 2 минут | Сергіту сәті. Мен қазақпын. | Оқушылар би билеп сергіп қалады. | |||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут | Ой қорыту Эссе парағы...... Бүгінгі сабақта туындаған сұрақтар мен алған мәліметтер, білімді меңгеру барысында кездескен сұрақтар туралы жазады. | Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. | |||
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут | «Білім ағашы» кері байланыс «Миға шабуыл» әдісі арқылы кері байланыс орнату | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады. | |||
Үйге тапсырма: дәптермен жұмыс. |