Файл: Сыныптан тыс шара Шараны таырыбы аржылы сауаттылы заман талабы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 109

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сыныптан тыс шараШараның тақырыбы: Қаржылық сауаттылық заман талабыМақсаты: а) оқушылардың экономикалық білімдерін тексеру, тиянақтау, одан әрі танымдылық қабілеттерін арттыру;ә) оқушыларды білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу өз пікірін дұрыс мәдениетті түрде жеткізе білуге және топпен жұмыс жасай білуге үйрету;б) пәнге деген қызығушылығын ояту, өз білімдерін өмірде қолдана білу қабілеттерін, экономикалық ой - өрістерін, қиялын дамыту.Түрі: сайысСыныбы: 6 - 8Көрнекілігі: тест парағы, кесте, нақыл сөздер, есептер.Әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, есептер, тест тапсырмалары.Сайыс барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі.ІІ. Кіріспе.Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар!Бүгінгі «Қаржылық сауаттылық заман талабы» тақырыбындағы сайысқа қош келдіңіздер!Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым - экономистерге немесе экономика пәні оқытушыларына ғана, сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр.Мектепте қаржылық сауаттылық және экономика негіздерін оқытудың басты мақсаты – оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке, қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу, еңбек ете білуге,, өзін және өзгелерді рухани - материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру. Осы мақсатта экономика сабағынан алған білімдерімізді, пікірлерімізді ортаға саламыз.Ақша – адамның күнделікті қажеттілігі. Мамандардың айтуынша, адам аптасына орта есеппен 5 сағат ақша туралы ойлайды екен.Бірақ бұл көрсеткіш бірнеше есеге жоғары болуы мүмкін. Өйткені бүгінгі таңда екінің бірінде несие бар. Ондай адамның ақшаны сирек ойлауы екіталай.Қаржылық сауаттылық – жеке және отбасылық қаржыны басқарудағы біліктілік. Біз біліктілікке ие болып, оны арттырып, дамыта аламыз.Қаржы негізі 5 қызмет атқарады:1. Өмір сүруді қамтамасыз етуАдамның жайлы өмір сүруі үшін ең алдымен: тамақ, киім, тұрғын үй, көлік, техника және тағы да басқа дүниелер керек. Бұл қажеттіліктерді өтеуде ақша маңызды рөл атқарады. Әрбір адам өзінің өмір сүру сапасын жақсартуға тырысады. Балалар дүниеге келген кезде үйіңізді кеңейтіп, көлік және техникалық жабдықтарды жаңартуды ойлайсыз. Балаларды оқытып, бүкіл отбасымен демалғыңыз келеді. Осының бәріне артық шығындарды болдырмай, отбасылық қаржыны дұрыс басқару арқылы қол жеткізуге болады.
2. Қауіптің алдын алуЕгер сіздің жеке қорыңыз бар болса, ол сізді кез келген қауіпті жағдайда сақтандыра алады. Бетін аулақ қылсын, дегенмен де өмірде небір жағдайлар кездеседі. Ауруханаға түсу, жұмысынан айрылу, мүгедек болып қалу, күтпеген жерден жақынынан, тіпті жалғыз асыраушысынан қол үзу секілді жайттар орын алып жатады. Кейде отбасылық мүліктерге қауіп төнеді. Мысалы, өрт шалу, су басу, жер сілкінісі, автокөлік немесе құнды мүлікті ұрлату, көлік апаты дегендей. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниялары өз шарттарына сай шығындарыңызды өтеп береді. Ол арқылы өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.3. Биік белестерді жоспарлауДұрыс басқарылған қаржы – балаға ең сапалы білім беруге, отбасыңызбен шетелдерге саяхаттауға, ең жақсы спорт залын, тиімді қызмет көрсететін медицина орталығын таңдауға мүмкіндік береді. Биік белестерді жоспарлау дегеніміз – үй алу, көңіл көтеру немесе әртүрлі заттарды сатып алу ғана емес. Егер сіз барлығын тиімді ойластыра білсеңіз, биік мақсаттарды бағындыруға мүмкіндігіңіз мол.4. Қаржылық тәуелсіздікке ие болуҚаржылық тәуелсіздіктің не екенін барлығы біледі. Бірақ шын мәніндегі бейнесін ұға бермейді. Бұл – ай сайын немесе жыл сайынғы пассивті кіріс көзі саналатын капи­тал. Капитал – өздігінен табыс әке­летін активтер жиынтығы. Ол ешқандай күш жұмсауды қажет етпейді. Көбісі мұны бекершілік деп санайды. Алайда әлемде қаншама адам инвестиция арқылы күн көріп отыр. Оларды рантье деп атайды. Жеке қаражатты дұрыс басқару және сауатты инвестициялау арқылы ғана капитал жинауға болады.5. Артына мұра қалдыруАдамдар белгілі бір жасқа дейін мұрагерлік туралы ойламайды. Тіпті, қартайған шағында да ойлауы екіталай. Негізінде мұраға мынадай дүниелерді қалдырылады: а) табыс әкелмейтін активтер (тұрғын үй, автокөлік және тағы басқа мүліктер); б) табыс әкелетін активтер (бағалы қағаздар, депозиттер, жалға беретін жылжымайтын мүлік және т. б.; в) қарыздар мен міндеттемелер. Егер адам болашақтың қамын алдын ала жасаса, ол ұрпақтан - ұрпаққа берілетін отбасылық капиталды мұра етіп, өз есімін де қалдырар еді.Сіздерге сәттілік тілеймін.ІІІ. Негізгі бөлім.Сайыс жоспары:І. Таныстыру.ІІ. «Жорға» (сұрақтар)ІІІ. «Тапқырлық» (тест парағы)ІV. Экономика өмірде (есептер шығару)

V. Практикалық жұмысА) әңгіме жазу,Б) сұраным мен ұсыныс қисығын сызу.VІ.«Елсіз аралда» ойыныVІІ. Тауарларды саралауVІІІ. Қорытынды.МұғалімАсыл тастан, өнер жастанШығады деп дарынды.Халық айтса қалт айтпайды,әрқашанда нанымды, — дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,Ренжімей тараса, озбағандар жарады.Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.Ендеше ортамызға ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық.І. Таныстыру. Топтардың таныстыруы.ІІ. «Жорға»Білім деген биік шың,Бақытқа сені жеткізер.Білім деген ақылшың,Қиындықтан өткізер, — деп сайысымыздың «Жорға» кезеңін бастаймыз.І топқа сұрақтар1. Қажеттілік дегеніміз не?2. Экономика қандай ғылым?3. Салық дегеніміз не?4. Зейнетақы5. Салық түрлерін ата6. Бюджет дегеніміз не?7. Халықаралық сауда8. Валюта9. Мемлекеттік қарыз10. Мемлекеттік төлем балансы11. Бюджет бөлімдері12. Еңбек факторы13. Сыртқы сауда сальдосы14. Өндіріс қорлары15. Валюта курсы16. Мемлекеттік бюджет17. Капиталдық қор деген не?18. Жалақы.19. Жалақының түрлері20. Қоршаған ортаны қорғау заң қашан қабылданды?ІІ топқа сұрақтар1. Нарық түрлері2. Еңбек нарығы3. Акционерлік қоғам4. Жұмыссыздық5. Еңбек қорлары6. Инфляция7. Салық8. Инвестиция9. Банкілік несие10. Коммерциялық несие11. Кәсіпкерлік12. Бизнес - жоспар13. Бизнес - жоспардың мақсаты14. Дивиденд15. Акция16. Лизингтік несие17. Ипотекалық несие18. Қаржылық кәсіпкерлік19. Валюта түрлері20. Тұтынушы құқын қорғау туралы заң қашан қабылданды?ІІІ. «Тапқырлық»Ғылымның сырын ұғына,Шығыңдар білім шыңына.Ұқыптылық пен зеректікЖеткізер сіздей өрендіЖеңістің мынау шыңына, — дей келе сайысымыздың ІІІ кезеңі «Тапқырлық» бөлімі тесттапсырмаларын орындайық.1. Белгілі бір мерзім ішінде еңбегі үшін төленетін ақы не деп аталады?
А) жәрдемақыӘ) зейнетақыБ) жалақы2. Жалақының қандай түрлері бар?А) мерзімді, уақытша, келісімді;Ә) мерзімді, келісімді, мерзімсіз;Б) мерзімді, келісімді, кесімді.3. Жұмыссыздық деп нені айтамыз?А) еңбекке қабілетті адамдардың жұмыспен қамтылмауы;Ә) денсаулығының болмауына байланысты адамдардың жұмыспен қамтылмауы;Б) еңбекке қабілетті, жұмыс істегісі келетін адамдардың жұмыспен қамтылмауы.4. Еңбек қорларына адамдардың қандай топтары жатады?А) жоғары білімі бар, бірақ жұмысқа жарамайтын адамдар тобы;Ә) зейнет жасындағы адамдар тобы;Б) 14жастан зейнет жасына дейінгі адамдар, жұмысқа деген қабілеті бар адамдар тобы5. Инфляция дегеніміз не?А) бағаның төмендеуі, сұранымның өсуі;Ә) бағаның өсуі, ұсыныстың өсуі;Б) бағаның өсуі, ақшаның құнсыздануы.6. Таңдау жасау не үшін қажет?А) адамның шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін;Ә) адамның бірінші кезектегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін;Б) адамдардың күнкөріс шамасын қамтамасыз ету үшін.7. Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджетке төлейтін міндетті төлемдері қалай аталады?А) ақша;Ә) салық;Б) валюта.8. Мемлекеттер мен ұлттық шаруашылық арасындағы тауарлар мен қызмет көрсетулердің өзара айырбасталуын не дейміз?А) импорт;Ә) сыртқы сауда сальдосы;Б) халықаралық сауда.9. Бизнес - жоспардың мазмұны мен негізгі ойын таныстыратын бөлімі қалай аталады?А) маркетингтік жоспар;Ә) резюме;Б) қаржылық жоспар.10. Несие берудің ақшасыз формасы, көліктерді, құрал - жабдықтарды пайдалануға жалға беру -А) лизингтік несие;Ә) ипотекалық несие;Б) тұтынушы несиесі.11. Жылжымайтын мүліктерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды, пәтерлерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несиеА) лизингтік несие;Ә) ипотекалық несие;Б) мемлекеттік несие.12. Несие үшін төленетін ақы –А) пайыз;Ә) рента;Б) дивидент.13. Акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігі -А) дивидент;Ә) акция;Б) бақылау пакеті.14. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге қашан айналысқа енгізілді?А) 1993 жылы 15 қарашада;
Ә) 1992жылы 15 қарашада;Б) 1995жылы 19 мамырда.15. Егер баға өссе, сұраныс –А) өседі;Ә) өзгермейді;Б) төмендейді.ІV. «Экономика өмірде» есептер шығаруӘуелде бір суық мұз - ақыл зерек,Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,Бұл қайраттан шығады, білсең керек.Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,Сонда толық боласың елден ерек! – деп дана Абай атамыз айтқандай талапты да шыдамды, қайратты да ақылды ұл - қыздарымызды тағы бір қырынан сынамақ кезеңіміз «Экономика өмірде» есептер шығару.Неше төрт таңбалы сан жазуға болады, сандардың қосындысы 3 - ке тең болатын.1) 1011 1002 2010 30001101 1020 20011100 1200 21002) 8л және 3л бидондар бар. Осы бидондардың көмегімен 12л сүтті екі жанұяға қалай тең бөлуге болады?3) Асан, Әлия және Жанар орманнан 6 саңырауқұлақ әкелді. Жанар - 3 саңырауқұлақ, Асан – 1 саңырауқұлақ, ал Әлия – 2 саңырауқұлақ тапты. Мамасы 18 жаңғақ берді де, «Әркімнің үлесіне қарай бөліп алыңдар» — деді. Әрқайсысына қанша жаңғақтан келеді?4) Егер сен банкіге 50000 теңге 10% - дық өсіммен салсаң, жарты жылдан кейін сенің қанша ақшаң болады?5) Елбасының Қазақстан халқына жолдауында зейнетақы келесі жылдың 1қаңтарынан бастап 25%- ға өседі делінген. Қазіргі кезде төменгі зейнетақы теңге болса, онда келесі ол жылы қанша теңге болады?Практикалық жұмыс.А) І топ «Аяқ киім», ІІ топ «Киім» тақырыбына әңгіме жазу.Шарты: әңгімеде экономикалық мазмұндағы сөздерді пайдалану керек. 7минуттаә) сұраным мен ұсыныс қисығын сызу.Кестеде берілген тауар бағасы мен сұраным және ұсыныс мөлшері бойынша қисық (график)сызуМысалы: нарықтағы картопқа сұраным мен ұсынысБірлік тауардың бағасы (тг) Сұраным (тн) Ұсыныс (тн)60658095120300025001500120010005001000150020002500VІ. «Елсіз аралда»Шарты: Сіздер жүріп келе жатқан кеме апатқа ұшырап, адамдар өмір сүрмейтін аралдың жағасына шықтыңдар. Үстеріңде су киім, бір қорап сіріңке, пышақ. Айналадағы орта жылы, суда балықтар, орманда аңдар.Тапсырма: Сіздер аман қалып, күнкөріс жағдайын ойлап, өркениетке оралу жоспарын құру керек.VІІ. Тауарларды саралау.Тауар белгісі тауарды заңды түрде қорғау. Ол (штрих код) 13цифрдан тұрады.