Файл: 1. Ксіптік даярлау,айта даярлау жне білікті арттыру блімінде ауіпсіздік занамасын оыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
.

   2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) айналымды сумен қамту - суды тұрақты тұтынушылар үнемі пайдалану жағдайында оның қажетті тазартуын көздейтін судың айналымы бар өнеркәсіп сумен қамтуының жүйесі;

2) ағынды сулар - одан әрі пайдалануды ескере отырып қажетті тазартуға ұшырайтын адамның тұрмыстық және өндірістік қызметінде пайдаланылғаннан кейін шығарылған су;

3) ауыр ортада байыту - бөлінетін минералдардың тығыздықтары арасындағы аралық тығыздығы бар сұйықтықтарда немесе суспензияларда гравитациялық байыту процесі;

4) байыту өнімдері - пайдалы қазбаларды байыту процесінде алынатын өнімдер: концентрат, аралық өнім, қалдықтар;

5) гравитациялық байыту - тығыздығымен, мөлшерімен немесе нысанымен ерекшеленетін минералдық бөлшектердің бөлінуі ауырлық күші мен бөлу ортасы кедергісінің әсерінен олардың қозғалу жылдамдығы мен сипатының әртүрлілігіне негізделген процес;

6) елеу - елеуіш беттері бар құрылғыларда жүзеге асырылатын материалды ірілік кластарына бөлу процесі;

7) жіктеу - мөлшері бойынша біркелкі емес шикізаттың түйіршікті және полидисперстік бөлшектерін елеу, гидравликалық жіктеу арқылы немесе ортадан тепкіш алаңда ірілігі әртүрлі кластарға бөлу процесі;

8) концентрациялық үстелдерде байыту - су қозғалысының бағытына перпендикуляр көлденең жазықтықта ілгері-кейінді қозғалыстарды жасайтын нарифлениялары бар аздап еңкіш жазық деке бойынша ағатын судың жұқа қабатында гравитациялық байыту процесі;

9) концентрат - құнды компоненттердің құрамы бастапқы материалдан және байыту операцияларына ұқсас қалаған өнімдерден жоғары минералдық шикізатты байыту өнімі;

10)кептіру-қыздыру кезінде ылғалды буландыруға негізделген материалдарды, соның ішінде байыту өнімдерін сусыздандыру процесі;

11) қалдық қоймасы - шикізатты қайта өңдеудің үйінді өнімдерін төсеу, оларды шөгу, қалдық қойыртпақтарынан айналымды сумен қамту үшін пайдаланылатын техникалық суды бөлуге арналған құрылыс;

12) қалдықтар - жынысты қалыптастыратын минералдардан тұратын және жеке жағдайларда пайдалы компоненттерді алдын ала алу орынды және технологиялық мүмкін болатын пайдалы компоненттердің айтарлықтай көп емес көлемі бар байыту процесінің қалдықтары;

13) қойылту - ауырлық күші немесе ортадан тепкіш күштің әсерінен қатты бөлшектердің қойыртпақта шөгу нәтижесінде орын алатын қойыртпақты қойылтылған өнімге және сұйық фазаға бөлу процесі;

14) магнитті байыту - бөлінетін компоненттердің магнитті қасиеттерінің өзгешелігіне негізделген шикізат кесектерін және минералдық түйіршіктерді бөлу процесі;


15) минералдық шикізатты байыту - минералдық шикізаттан бастапқы шикізаттағы олардың құрамынан артатын концентрациясы бар пайдалы компоненттерді бөлу мақсатында минералдық шикізатты қайта өңдеу процестерінің жиынтығы;

16) сусыздандыру - шикізатты қайта өңдеу өнімдерінде судың құрамын төмендету процесі;

17) уату – кесек, минералдық шикізатты сыртқы механикалық күштердің әсерімен уату агрегаттарында жүзеге асырылатын жаншу, жару, соғу, кесу немесе олардың үйлесуі жолымен қирау процесі;

18) ұсақтау - пайдалы компоненттерді және жынысты қалыптастыратын минералдық агрегаттарды алу мақсатында, сондай-ақ байыту процесінің қажетті ірілігін қамтамасыз ету үшін уату ортасының (шарлар, өзектер) және шикізаттың соққылау және қажалу әсерінің нәтижесінде минералдық шикізатты ұсақтау процесі;

19) флотация - беттік қасиеттердің әртүрлілігіне және минералдар бөлшектерінің фазаларды бөлу бетіне: сұйықтық-газ, сұйықтық-сұйықтық және т.б. іріктеу байланысына негізделген пайдалы қазбаларды байыту процесі;

20) флотация реагенттері - минералдардың флотациялануын реттеу мақсатында флотация процесіне енгізілетін органикалық және органикалық емес заттар;

21) электр сепарациясы - электр зарядтарының мөлшерлеріндегі өзгешілікке негізделген электр алаңында осы бөлшектердің қозғалу траекториясын өзгерту жолымен бөлшектерді бөлу процесі.

      Технологиялық процестерді фабриканы пайдаланатын ұйымның басшысы әзірлеген және бекіткен технологиялық регламентті сақтай отырып жүргізу қажет.

3. Қатты пайдалы қазбаларды өңдеуді жүргізетін әрбір ұйымда өнімділіктен тәуелсіз, өнеркәсіптік қауіпсіздік, соның ішінде бұзылған жерлерді қалпына келтіру бөлімдерін қосатын, салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттамасы әзірленеді және оларды сақтауы қажет.

4. Барлық пайдаланылатын жабдықты, қолданылатын аспаптар мен арнайы құрылғыларды жарамды күйде ұстау қажет. Жарамсыз жабдықта жұмыс істеу, жарамсыз аспаптар мен құрылғыларды қолдануға жол берілмейді.

5. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.01.2023 № 23 бұйрығымен.

6. Қатты пайдалы қазбалардың қайта өңделуін жүргізетін ұйымның басшысымен мыналар әзірленеді және бекітіледі:

      1) өндірістік бақылау туралы ереже;

      2) технологиялық регламенттер;

      3) аварияларды жою жоспары.

      Технологиялық регламент технологиялық процесс немесе жұмыс жағдайлары өзгерген, жаңа жабдық қолданған кезде қайта қаралады.



7. Ұйым "Азаматтық қорғау туралы" Заңға сәйкес тиісті біліктілігі бар, орындалатын жұмысқа медициналық кері көрсеткіштері жоқ, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөнінде даярлаудан, қайта даярлаудан өткен қызмет көрсетуші персоналмен жабдықталады.

8. Жұмысқа қабылданатын барлық адамдар, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылатын адамдар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде нұсқама, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен дағдыларын оқыту, зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетуді үйрету жүргізілуі тиіс.

9. Жұмысшылар мен мамандарды олардың мамандықтарына сәйкес арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, жарамды қорғау дулығаларымен, көзілдірікпен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды міндеттеу қажет.

10. Ұйымдарда газқағарларды, оқшаулау респираторларын және өзіқұтқарғыштарды қосқандағы ЖҚҚ пайдалану уақытын есептеуді ұйымдастыру қажет, одан әрі пайдалану үшін жарамсыз ЖҚҚ қолданудан алып тастай отырып, оларға мерзімді тексеру жүргізілуі тиіс.

11. Құрамында табиғи радиоактивтілігі жоғары компоненттері бар кендерді қайта өңдеу және байыту кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін ЖҚҚ қолданылады.

12. Қауіпсіздіктің жоғары талаптары қойылған жұмыстарды жүргізуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген "Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидалары" сәйкес ресімделген нысан бойынша жоғары қауіптілігі жұмыстарды орындауға жазбаша жүктелім-рұқсатнама беріледі.Рұқсат беру наряды мен бөгде ұйымның персоналы жұмыстарды орындау үшін объекті аумағында рұқсатнама ресімделеді. Онда қауіпті факторлар көрсетіледі, рұқсат алған ұйым жұмыстарды орындайтын және оларды қауіпсіз өндіретін учаскенің немесе объектінің шекаралары белгіленеді.

13. Кез келген жұмыскер жұмыс басталмас бұрын өз жұмыс орнының қауіпсіз күйде екеніне көз жеткізуі, жұмысқа қажет қорғағыш құрылғылардың, қорғау құралдарының, аспаптардың, тетіктердің және жұмысқа талап етілетін құрылғылардың бар болуын және жарамдылығын тексеруі тиіс.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын айқындаған кезде жұмыскер жұмысқа кіріспес бұрын ол туралы ауысымның техникалық басшысына хабарлайды.

14. Осы Қағидалардың бұзылуы орын алған кезде жұмысты өндіруге жол бермейтін ауысымның техникалық басшысы кез келген жұмыс орнын ауысым ішінде қарайды.


15. Адамдарға, өндірістік объектілерге төніп тұрған қауіпті байқаған кез келген жұмыскер бұл туралы ауысымның техникалық басшысына хабарлайды, сондай-ақ қауіп төніп тұрған адамдарды ескертуі тиіс.

16. Жабдықтың жұмыс істеп тұрған орындарын және оларға барар жолдарды адамдардың, машиналар мен тетіктердің қозғалуын қиындататын заттармен үйіп тастауға жол берілмейді.

      Өрт сөндіру құралдарына баратын жолдарды үйіп тастауға рұқсат етілмейді.

17. Ұйым басшысының жазбаша рұқсатынсыз тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін тоқтатуға жол берілмейді.

18. Дірілді өндіретін жабдық үшін дірілді рұқсат етілетін нормаларға дейін төмендетуді қамтамасыз ететін құрылыс, технологиялық және санитарлық-техникалық іс-шаралар кешені пайдалануы тиіс.

19. Тікелей цехтарда, жұмыс істеп тұрған тетіктердің қауіпті аймағында, көлік жолдарында, жабдықтарда демалуға жол берілмейді.

20. Барлық қызмет көрсететін алаңшаларды, өтпелі көпірлер мен баспалдақтарды берік, орнықты етіп орындау және 0,14 м биіктікке таяныштардың төменгі жағы бойынша тұтас қаптамасы және көлденең шабағы бар биіктігі кемінде 1 м таянышпен жабдықтау қажет.

21. Жұмыс алаңшалары мен тетіктерге арналған баспалдақтардың мынадай көлбеу бұрышы бар болуы тиіс:

      1) тұрақты пайдаланатындар –450 астам емес;

      2) ауысымына 1-2 рет келетіндер –600 астам емес;

      3) сужиғыларда, құдықтарда –900 дейін.

   Баспалдақтардың ені кемінде 0,6 м, сатылардың биіктігі 0,3 м астам емес, сатылардың ені кемінде 0,25 м болып орнатылады. Сужиғылар мен құдықтарда қапсырмаларды пайдалануға жол беріледі.

22. Үй-жайларда және ұйым аумағында орналасқан барлық құрастыру ойықтары, жертөлелер, сужиғылар, құдықтар, орлар және 0,14 м биіктікке таяныштардың төменгі жағы бойынша тұтас қаптамасы бар биіктігі 1 м таяныштармен қоршалған немесе барлық үстіңгі қабаты бойынша төсеніштермен жабылды, ал қажетті орындарда ені кемінде 1 м өтпелі көпірлермен жабдықталуы тиіс.

23. Құбырлар, науашалар, коммуникациялар жұмыс алаңшаларына кедергі келтірмейтіндей, ал олар өтетін жер мен жұмыс алаңшаларын қиып өтетін болса еден деңгейінен кемінде 2,0 м биіктікте орналасады.

  Реагентөткізгіштер өтетін жер мен жұмыс алаңшаларын қиып өтетін болса, соңғыларында табандық болуы тиіс: өтетін жер деңгейінен табандықтың шығып тұрған бөлігіне дейін ең төменгі биіктік – кемінде 1,8 м.

24. Қашықтықтан басқарылмайтын бекітпе арматурасына қызмет көрсету және еден деңгейінен 1,5 м биіктікте орналасқан бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану үшін ені кемінде 0,8 м стационарлық алаңшалар орнатылады.


25. Машиналар мен аппараттар және қабырғалардан жабдық габариттеріне дейінгі ең төменгі қашықтық мынадай болуы тиіс:

1) негізгі өтетін жерлерде – кемінде 1,5 м;

2) машиналар арасындағы жұмыс өту жерлерінде – кемінде 1 м;

3) қабырға мен машиналар арасындағы жұмыс өту жолдарында - кемінде 0,7 м;

4) машиналар арасындағы және қабырға (құрылыс құрылымдары) мен машина арасындағы қалыпты жұмыс өту жолдарын сақтағандағы жергілікті тарылу – кемінде 0,7 м;

5) қызмет көрсету және жөндеу үшін арналған бактарға, шандарға және резервуарларға арналған өту жолдарында – кемінде 0,6 м.

26. Жабдықты жөндеу уақытында ірі ауысымдық тораптар мен бөлшектерді тасымалдау үшін арналған өту жолдарының ең төменгі ені әрбір жаққа 0,6 м қоса отырып тораптар мен бөлшектердің ең жоғары көлденең мөлшерімен анықталады.

27. Персоналды барлық қауіпті өндірістік факторлардан қорғау қамтамасыз етілуі тиіс.

1.3 Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық.

1. Осы қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14-29 тармақшасына сәйкес өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу тиянақтайды.

2. Нұсқаулықта терминдер мен олардың анықтамалары Заңда белгіленген мағынада қолданылады.

3. Әрбір қауіпті өндірістік объект үшін Жоспар әзірленеді. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және пайдаланатын ұйымдар жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметі келісуге ұсынады. Жоспар қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметімен тікелей келісіледі.

4. Жоспарда мыналар көзделеді;

 5. Жоспар бекітуге жатады:

бастапқы - қауіпті өндірістік объектіні іске қосу кезінде;

    мерзімді - жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей;