Файл: 1. Ксіптік даярлау,айта даярлау жне білікті арттыру блімінде ауіпсіздік занамасын оыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 49

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


кезектен тыс – Заңның 80-бабына сәйкес келмеген жағдайда, өндіріс технологиялары және технологиялық процесті басқару өзгерген кезде, авариядан кейін аварияның себептерін тексеру нәтижелері бойынша. Сондай-ақ, егер жоспардың қолданылуы ішінде қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйым өзге авариялық-құтқару қызметімен шарт жасаса. Күнтізбелік он күн ішінде жоспарға тиісті өзгерістер енгізіледі.

 6. Жоспар авариялық-құтқару қызметімен келісіледі және қауіпті өндірістік объектіде жұмыстар басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын ұйым басшысы бекітеді. Авариялық-құтқару қызметі ұсынылған жоспарды алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды.

7. Жоспар Заңның 80-бабына сәйкес келмеген жағдайда, авариялық-құтқару қызметі осы Нұсқаулықтың 5-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және пайдаланатын ұйымның басшылығына жоспармен келіспейтіндігін негіздейтін бас тарту себептері көрсетілген дәлелді құжатты жазбаша нысанда жібереді. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және пайдаланатын ұйым жоспарды авариялық-құтқару қызметіне келісуге қайта ұсынады.

8. Жоспар қауіпті өндірістік объектінің жалпыға қолжетімді орнында орналастырылады.

9. Жоспарға мыналар кіреді:

10. Жоспар барлық қосымшалары бар түпнұсқада:

      объектінің басшысы;

      диспетчер немесе объект бойынша кезекші;

      авариялық-құтқару қызметінің басшысы.

11. Объект басшысындағы Жоспардың данасына 2 қосымшаға сәйкес авария кезінде объектіге рұқсаттама бланкілері қоса беріледі аварияны жою жөніндегі жедел журнал осы

12. Жоспардың жедел бөлігі осы Нұсқаулықтың 4 қосымшасында нысаны көрсетілген.

13. Жоспарда мынадай шаралар көзделеді;

персоналды авария туралы хабардар ету тәртібі;

аварияның әсер ету аймағынан персоналды эвакуациялау тәртібі;

зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету тәртібі;

персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны тез арада эвакуациялау үшін техникалық құралдарды пайдалану;

әрбір жұмыс орнынан персоналды эвакуациялауды жүзеге асыратын адамдарды тағайындау.

14. Жедел бөлімге мынадай құжаттар қоса беріледі:  

персоналды эвакуациялау жолдары мен кіреберіс жолдары көрсетілген объектінің сызбасы;

өрт сөндіру жүйесінің схемалары;

желдету схемалары;

электрмен жабдықтау схемалары;


газ желілерінің схемалары;

сығылған ауаны беру схемалары;

байланыс және құлақтандыру жүйелері.

15. Жоспардың жедел бөлігін жасау жөніндегі нұсқаулар:

Жоспардың жедел бөлімі объектінің барлық учаскелерін қамтиды. Егер шығу жолдары мен адамдарды қауіпсіз шығару жөніндегі іс-шаралар осы учаскелер үшін бірдей болса,

Жоспардың позициясына бір немесе бірнеше учаскелер енгізілуі мүмкін;

әрбір позиция бойынша аварияларды жою үшін пайдаланылатын құралдар, олардың саны мен орналасқан жері көрсетіледі;

Жоспардың жедел бөлігін оның пайда болуының бірінші сәтінде аварияларды жоюға тікелей қатысы жоқ іс-шараларды өткізу туралы нұсқаулармен қайта жүктеуге жол берілмейді.

Персоналды авария туралы хабардар ету барлық жағдайларда бір-біріне тәуелсіз екі тәсілмен жүзеге асырылады.

16. Аварияға қарсы жаттығулар пайдалану құжаттамаларының және жөндеу-пайдалану паспорттары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нұсқаулықтардың талаптарын қолдана отырып, персоналдың практикалық дағдылары мен технологиялық бұзушылықтар туындаған кезде өз бетінше, тез және техникалық сауатты әрекет ету қабілетін алу мақсатында жүргізіледі.

Персоналдың өз бетінше және ұжымдық іс-қимылдар негізінде авария мен оқыс оқиға кезінде қауіпті өндірістік факторлардың дамуын жою және алдын алу қабілетін тексеру мақсатында оқытудың және персоналмен жұмыс істеудің міндетті нысаны ретінде аварияға қарсы жаттығуға қатысу болып табылады.

17. Аварияға қарсы жаттығу Жоспардың әрбір позициясы бойынша объектінің қызметкерлерімен және персоналымен жүргізіледі. Аварияға қарсы жаттығулар объектідегі жұмыс режимін бұзбай жүргізіледі.

18. Жаттығуды өткізудің мақсаты объектінің авариялар мен инциденттерді жоюға дайындығын, персоналдың жою кезіндегі өз іс-қимылдарын білуін тексеру болып табылады.

19. Аварияға қарсы жаттығудың қорытындылары актімен ресімделеді, онда аварияға қарсы жаттығудың барысы бойынша ескертулерді жою жөніндегі ескертулер мен ұсыныстар көрсетіледі. Аварияға қарсы жаттығуды талдау нәтижелері бойынша объектідегі жоспарда анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.

20. Жоспардың тиімділігін тексеру мақсатында әрбір объектіде жылына кемінде бір рет объектіге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі бөлімшесін шақыра отырып, оқу дабылы жүргізіледі.

21. Оқу дабылын жүргізу объектіде жүргізілетін жұмыстардың, авариялар туындаған жағдайда авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етудің бұзылуын тудырмайды.



22. Оқу дабылын өткізу міндеттері::

 объектінің, персоналдың адамдарды құтқаруға және аварияны жоюға дайындығын тексеру.

Жоспардың объектідегі нақты жағдайға сәйкестігін тексеру;

объектіге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерін тексеру.

23. Оқу дабылын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның техникалық басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.

 24. Жоспарға сәйкес объектіде оқу дабылын өткізу күні ұйым және авариялық-құтқару қызметі басшылығының бірлескен шешімімен айқындалады. Объектінің персоналына оқу дабылын өткізу күні мен уақыты туралы хабарланбайды.

  25. Дабыл басталғанға дейін тексерушілер:

"авария" орны және сипатын белгілейді;

  оқу дабылының басталу уақытын белгілейді;

  бақылаушылардың саны мен орналасуын нақтылайды, оқу дабылын жүргізу тәртібін жасайды;

  шақырылатын авариялық-құтқару қызметтерінің санын анықтайды;

авария туралы хабарланатын тізімнен шығаруға жататын адамдар мен мекемелердің тізбесін айқындайды.

26. Оқу дабылын жүргізуге басшылық ететін адамдар оқу-жаттығу басталар алдында бақылаушыларға олардың міндеттерін түсіндіреді және оларды оқу дабылын жүргізу тәртібімен таныстырады.

 27. Барлық бақылаушылар белгіленген уақытқа дейін оқу дабылының жүргізілуін бақылау үшін орын алады.

28. "Авария" туралы хабарлау тапсырылған бақылаушы белгіленген уақытта "авария" орнынан объектінің диспетчерінеоның орны мен сипатын көрсете отырып, "авария" туралы қоңырау шалады.

  29. Объектінің диспетчерінде тұрған бақылаушы оларды авария туралы хабардар етілмейтін адамдар мен мекемелердің тізбесімен таныстырады және қалған адамдар мен мекемелерді шақырудың дұрыстығы мен уақтылығын бақылайды.

 30.Тексерушілер аварияны жою жөніндегі жұмыстардың жауапты басшысының, құтқару жұмыстары басшысының, "аварияға" келген адамдардың іс-қимылдарын "аварияның" бастапқы кезеңіндегі олардың іс-қимылдарына ерекше назар аудара отырып, Жоспарда көзделген міндеттерді бөлуге сәйкес бақылайды.

31.Бақылаушылар әрқайсысы өз бекетінде авариялық-құтқару қызметі персоналының, бөлімшелерінің іс-қимылын, авария кезінде пайдалануға жататын техникалық құралдардың жай-күйін, олардың дұрыс қолданылуын, қосалқы шығу жолдарының жай-күйін тексереді.


32.Оқу дабылы кезінде:

"авария" туралы хабарлау тәсілі және оған жұмсалған уақыт;

  авариялық-құтқару қызметі бөлімшесін шақыру уақыты және объектіге келу уақыты;

объектіге "авария" туралы хабарланған лауазымды адамдардың келу уақыты;

адамдардың "авариялық" учаскеден қауіпсіз орынға шығуына жұмсалған уақыт;

объектінің жауапты басшысының және өндірістік бақылау тұлғаларының Жоспарда көзделген адамдарды шығару жөніндегі іс-шараларды және "аварияны" жою жөніндегі жұмыстарды орындауы;

"авария" орнында өртке қарсы құбырда судың болуы, оның "өрт" орнындағы қысымы мен шығысы, "өрт" ошағына тікелей су беруге жұмсалған уақыт;

персоналдың іс-қимылының Жоспарға сәйкестігі, олардың қосалқы шығу жолдарын білуі, жеке қорғану құралдарының болуы және оларды пайдалана білуі;

  персоналдың өртті оның пайда болуының бастапқы сәтінде сөндіру білігі;

персоналдың "авария" кезінде "зардап шеккендерге" дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсете білуі;

авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерінің авария түрі бойынша алған жарақтарының толықтығы мен дұрыстығы және оны пайдалана білу;

 бөлімшелердің адамдарды шығару, "зардап шеккендерді" шығару және оларға дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларды орындауы;

авариялық-құтқару қызметі жеке құрамының өзара іс-қимылының үйлесімділігі мен анықтығы;

   бөлімшелердің "аварияларды" жою жөніндегі тапсырмаларды орындауы;

құтқарушылардың газдалған атмосферада жұмыс істеу кезінде байланыс орнату және сигналдық кодты пайдалану білігі;  бөлімше командирлерінің "авария" орнына және кері қарай әртүрлі бағыттар бойынша қозғалыс кезінде оттегі шығынын есептеу білігі;

бөлімше командирінің іс-қимылының дұрыстығы және газдалған учаскелерде бөлімшені басқара білу;

"авариялық" учаскеде өрт сөндіру құралдарының болуы;

адамдарды "авариялық" учаскеден шығару және авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерін "авария" орнына жеткізу үшін көліктің даярлығы;

өртке қарсы су айдындарының, сорғылардың, өртке қарсы құбырлардың, вентильдер мен өрт гайкаларының болуы, жай-күйі және оларды пайдалану мүмкіндігі;

материалдар қоймаларының, өртке қарсы поездардың жинақталуы және өртке қарсы поезды "авария" орнына жеткізуге жұмсалған уақыт;

анықталады.

 33. Жерасты жұмыстары кезінде:

"авария" кезінде жерасты қазбаларынан адамдардың шығуы кезінде көтергіш қондырғыларды пайдаланудың дұрыстығы және олардың жай-күйі;


қосымша шығыс ретінде қызмет ететін қазбаларда және осы қазбалардың тарамдарында қазбаның атауы мен шығу бағыты көрсетілген көрсеткіштердің болуы.

34. Оқу дабылы аяқталғаннан кейін тексерушілер объектінің бақылаушыларымен, басшыларымен және персоналымен, "аварияны" жоюға қатысқан авариялық-құтқару қызметінің тиісті бөлімшелерінің командирлерімен бірлесіп оқу дабылын талдауды жүргізеді.

35. Бақылаушылар объектінің тексерілетін учаскесіндегі Ереженің Жоспарға сәйкестігі туралы, учаскенің, авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерінің техникалық персоналының дайындығы туралы баяндайды.

36. Жүргізілген оқу дабылы туралы Акт ұйым басшысына, тексерілетін авариялық-құтқару қызметі бөлімшесінің командиріне тапсырылады және оған бағалауды көрсете отырып және жүргізілген оқу дабылы бойынша ұсыныстар енгізе отырып, оқу дабылын жүргізуге қатысқан уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі қол қояды.

Оқу дабылын өткізу нәтижелері объектіде жұмыс істейтін ұжымдардың жиналыстарында талқыланады.

37. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйымның басшысына және авариялық-құтқару қызметінің командиріне жүктеледі.

2. БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР

Байыту фабрикасы деп-пайдалы қазбаларды байыту әдістерімен өндеу нәтижесінде олардан бағалы зат мөлшері жоғары бірнеше тауарлық өнімдерді және бағалы зат үлесі төмен зиянды қалдық қоспаларды бөліп алатын өндірістік кәсіпорынды айтады.Сонын бірі:№ 1,2 Жезқазған байыту фабрикалары Қазақстан Республикасының Ұлытау облысы Жезқазған қаласында орналасқан. 1954 жылы № 1 ЖОФ ,1963 жылы №2 ЖОФ пайдалануға беріліп,іске қосылды.Жезқазған байыту фабрикалары толық байыту циклімен,алынған концентраттарды Жезқазған мыс зауытымен бірлесіп өндіреді. Жезқазған байыту фабрикасы «Қазақмыс» корпорациясы құрамына енгізілген. . Жер қойнауынан ашық және жабық тәсілдермен өндірілген мыс кені Жезқазған байыту фабрикасына жеткізіледі. Фабриканың технологиялық схемасы бірнеше кезеңнен тұрады: вагондарды төгу; мыс кенін ұсақтау, елеу және ұнтақтау; флотация; концентратты қоюлау, сүзу және кептіру.ЖОФ № 1,2 құрамында:

-№1 Ұсақтау корпусы: Ірі ұсақтауға арналған корпус,Орташа және ұсақ ұсақтау корпусы,Жабық қойма.

-№1 Бас корпусы: 1-2секция,3-4секция,5-6секция: Ұнтақтау бөлімі,сорғы бөлімі,Флотация бөлімі.

-Реагенттер бөлімі: РО-1(ЖОФ №1),РО-2(ЖОФ№2): реагенттер қоймасы, Реагенттерді дайындау бөлімі.