ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлім

САЯХАТ

Педагогтің аты-жөні

Толеубаева Сауле Маулимовна

Күні

11.05.2023

Сынып: 2 «Д», 2 «Е»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

4-сабақ. Саяжайда

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.1.1 баяу және анық айтылған сөзді тыңдау және интонациясы бойынша сұраулы және лепті сөйлемдерді ажырату;

2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: сюжетті сурет негізінде сөйлейді, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көбі жасай алады: сюжетті сурет негізінде сөйлемдер құрастырады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады: сурет бойынша мәтін құрап айтады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Сыныптың оқу әрекетіне мотивін тудыру. Айналасындағы жақын адамдарына, қоршаған ортаға сәлем беріп үйренеді.

Амансың ба, Алтын Күн?! Амансың ба, достарым?! Амансың ба, Көк Аспан?!

Сіздерді көрсем қуанам! Амансың ба, Жер-Ана?!


ҚБ:

интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы (35 мин)

Жаңа сөздер: саяжай, арамшөп, жеміс ағаштары, көшет.

1-тапсырма. Тыңдайық.

Көктем келді. Атам екеуіміз саяжайға бардық. Саяжай қаланың шетінде орналасқан. Саяжайда адамдар бақша

жұмыстарымен айналысады. Атам көшет отырғызды. Мен көшетті суғардым.

Сұрақтар:

  • Саяжай қайда орналасқан?

  • Саяжайда адамдар немен айналысады?

  • Атам не отырғызды?


Дәптердегі №1 тапсырма. 2-тапсырма. Оқиық.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

Жаңа сөздерді үйренеді. «Баспалдақ» ойыны

арқылы сөзден сөз тіркесі, сөз тіркесінен сөйлемдер құрастырады.
Сұрақтарға жауап береді.

Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыс.

«Өрмекші әдісі» арқылы мәтін мазмұны

бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.


ҚБ: қолпаштау

ҚБ: «Матрица»

әдісі бойынша бағалау

жаңа сөздер

слайд, үлестірмелі парақшалар, себет, стикер











Дескриптор:

  • мәтінді тыңдайды;

  • жаңа сөздермен сөйлемдер құрайды;

  • мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды.











Сергіту сәті.

Кәне, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып, ұшып алайық, Орнымызға қонайық. (қимылмен көрсетеді)




3-тапсырма. Айтайық. Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер. Өз ойыңды айт.
Арман демалыс күні қайда барды? Арман достарымен қайда барды?

Балалар қауіпсіздік ережесін сақтады ма?

Топтық жұмыс.

«Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі. Мақсаты: Топтық білімді жинақтау барысында ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде

жеткізе білуге ықпал ету. Әр оқушы алдымен өзі орындайды, көршісімен ақылдасады, топқа түсіндіреді.

ҚБ: «Жапон» әдісі

*О-о-о-о – тамаша.

*М-м-м – жақсы.

*Үндемеу – ұнамады.

Дәптердегі №2 тапсырма. 4-тапсырма. Жазайық.

Сурет бойынша бірнеше сөйлем құрап жаз.

Дәптермен жұмыс.

Жазылым тапсырмасын орындайды.


ҚБ: өзін-өзі бағалау




Дескриптор:

  • сурет бойынша сөйлемдер құрайды;

  • өз ойын айтады;

  • мәтін бойынша сұраққа жауап жазады.




Сабақтың соңы (5

мин)

Кері байланыс.

Демалыс себетін стикерлер арқылы толтыр.

Не ұнады? Не ұнамады?




себет, стикер