ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 12
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша |
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауға арналған өлшемшарттар
№ р/с | Бағыттар және бағалау өлшемшарттары | Баға | Өлшеуіштер (толық жиынтықталған білім беру ұйымдары үшін) | Өлшеуіштер (шағын жиынтықталған білім беру ұйымдары үшін) |
1 | Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына қойылатын талаптар | |||
1.1 | Бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шеберлердің үлесі | uzdik | жалпы білім беретін мектептер үшін 45 %-дан астам, мектеп-гимназиялар үшін 45 %-дан астам, мектеп-лицейлер үшін 45 %-дан астам, гимназиялар үшін 50 %-дан астам | жалпы білім беретін мектептер үшін 35 %-дан астам |
zhaqsy | 35 – 44 % жалпы білім беретін мектептер үшін, 35 – 44 % мектеп-гимназиялар үшін, 35 – 44 % мектеп-лицейлер үшін, 40 – 49 % гимназиялар үшін | 30 – 34 % жалпы білім беретін мектептер үшін | ||
ortasha | 25 – 34 % жалпы білім беретін мектептер үшін, 25 – 34 % мектеп-гимназиялар үшін, 25 – 34 % мектеп-лицейлер үшін, 30 – 39 % гимназиялар үшін | 25 – 29 % жалпы білім беретін мектептер үшін | ||
1.2 | Негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтерінің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шеберлердің үлесі | uzdik | жалпы білім беретін мектептер үшін 55 %-дан астам, мектеп-гимназиялар үшін 55 %-дан астам, мектеп-лицейлер үшін 55 %-дан астам, лицейлер үшін 60 %, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 50 %-дан астам, гимназиялар үшін 60 %-дан астам, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағытында 50 %-дан астам, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 65 %-дан астам, соның ішінде (болған жағдайда) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен конкурстар мен жарыстардың аудандық және/немесе облыстық кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе соңғы бес жылдағы Республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер | жалпы білім беретін мектептер үшін 45 %-дан астам |
zhaqsy | 45 – 54 % жалпы білім беретін мектептер үшін, 45 – 54 % мектеп-гимназиялар, 45 – 54 % мектеп-лицейлер, 50 – 59 % лицейлер үшін, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша педагогтер үлесі 40 – 49 %, 50 – 59 % гимназиялар үшін, қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы педагогтер үлесі 40 - 49 %, 55 – 64 % дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін, оның ішінде соңғы бес жылдағы білім беру саласындағы уәкілетті орган мен бекітілген конкурстар мен жарыстардың аудандық және/немесе облыстық кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе Республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда) | 40 – 44 % жалпы білім беретін мектептер үшін | ||
ortasha | 35 – 44 % жалпы білім беретін мектептер үшін, 35 – 44 % мектеп-гимназиялар, 35 – 44 % мектеп-лицейлер, 40 – 49 % лицейлер үшін, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 30 – 39 %, 40 – 49 % гимназиялар үшін, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 30 - 39 %, 45 – 54 % дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін, оның ішінде білім беру саласындағы уәкілетті орган мен бекітілген соңғы бес жылдағы конкурстар мен жарыстардың аудандық және/немесе облыстық кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе Республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда) | 35 – 39 % жалпы білім беретін мектептер үшін | ||
1.3 | Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері | uzdik | Халықаралық немесе республикалық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің үлесі: - мамандaндырылған білім беру ұйымдары үшін 3 % - 5 % жалпы білім алушылар контингентінен; - жалпы білім беретін мектептер үшін 2 % - 3 % жалпы білім алушылар контингентінен; - шағын жиынтықталған мектептер үшін 1 % жалпы білім алушылар санынан | |
zhaqsy | Өңірлік немесе облыстық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің үлесі: - жалпы білім алушылар санынан мамандaндырылған білім беру ұйымдары үшін 12 %-дан кем емес; - жалпы білім алушылар санынан жалпы білім беретін мектептер үшін 10 %-дан кем емес; - жалпы білім алушылар санынан шағын жиынтықталған мектептер үшін 2 %-дан кем емес | |||
ortasha | Қалалық немесе аудандық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің үлесі: - жалпы білім алушылар санынан мамандaндырылған білім беру ұйымдары үшін 15 %-дан кем емес; - жалпы білім алушылар санынан жалпы білім беретін мектептер үшін 12 %-дан кем емес; - жалпы білім алушылар санынан шағын жиынтықталған мектептер үшін 1 %-дан кем емес | |||
1.4 | Спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдер мен байқауларға қатысу нәтижелері | uzdik | Халықаралық немесе республикалық спорттық, мәдени, шығармашылық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің, лауреаттары мен дипломанттарының үлесі: - жалпы білім алушылар санынан мамандaндырылған білім беру ұйымдары үшін 5 %-дан кем емес; - жалпы білім алушылар санынан жалпы білім беретін мектептер үшін 3 % -дан кем емес; - жалпы білім алушылар санынан шағын жиынтықталған мектептер үшін 1 % -дан кем емес | |
zhaqsy | Өңірлік немесе облыстық спорттық, мәдени, шығармашылық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің, лауреаттары мен дипломанттарының үлесі: - жалпы білім алушылар санынан мамандaндырылған білім беру ұйымдары үшін 10 %-дан кем емес; - жалпы білім алушылар санынан жалпы білім беретін мектептер үшін 7 %-дан кем емес; - жалпы білім алушылар санынан шағын жиынтықталған мектептер үшін 5 %-дан кем емес | |||
ortasha | Қалалық немесе аудандық спорттық, мәдени, шығармашылық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің, лауреаттары мен дипломанттарының үлесі: - жалпы білім алушылар санынан мамандaндырылған білім беру ұйымдары үшін 15 %-дан кем емес; - жалпы білім алушылар санынан жалпы білім беретін мектептер үшін 13 %-дан кем емес; - жалпы білім алушылар санынан шағын жиынтықталған мектептер үшін 10 %-дан кем емес | |||
1.5 | Интернет желісіне қосылу | uzdik | Жылдамдығы 30 Мб/с асатын Интернет | Жылдамдығы 10 Мб/с асатын Интернет |
zhaqsy | Жылдамдығы 10 Мб/с асатын Интернет | Жылдамдығы 4 Мб/с асатын Интернет | ||
ortasha | Жылдамдығы 4 Мб/с асатын Интернет | Интернет. Жылдамдығы 4 Мб/с-тан кем | ||
2. | Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар | |||
2.1 | Оқыту нәтижелері (білім, білік және дағды сапасын бағалау) | uzdik | білімді бақылау кесіндісінің қорытындысы бойынша барлық тестіленетін пәндер бойынша оң жауаптардың үлесі 70%-дан асады | |
zhaqsy | білімді бақылау кесіндісінің қорытындысы бойынша барлық тестіленетін пәндер бойынша оң жауаптардың үлесі 60 %-дан асады | |||
ortasha | білімді бақылау кесіндісінің қорытындысы бойынша барлық тестіленетін пәндер бойынша оң жауаптардың үлесі 50 %-дан асады |
Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________ ______
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)