Файл: Бастауыш білім беру дегейіні 14 сыныптарына арналан Математика пні бойынша лгілік оу бадарламасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 76
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған
«Математика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
-
Түсіндірме жазба
-
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. -
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. -
Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады. -
Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады. -
Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды. -
Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. -
Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. -
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғы -
шарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. -
Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. -
Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады. -
Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік т әсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады. -
Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек. -
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. -
Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді. -
Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалды қ және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады. -
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр. -
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады. -
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
-
«Математика» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
-
«Математика» оқу пәні ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. -
Бастауыш сынып оқушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады. -
Бастауыш білім беру деңгейдегі математика курсы кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың сандық арақатынасы мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. -
Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәні келесі міндеттерді айқындайды:
-
логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту; -
оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту; -
сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту; -
математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау; -
өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; -
білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту; -
түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту; -
коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту; -
ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.
-
Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
-
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушыларды оқыту барысында оларды қалай оқып үйренуді білуге, дербестікке, ізденімпаздыққа, сенімділікке, жауапкершілікке және талдау жүргізуге қабілетті болуға үйрету басты міндет болып табылатын қағидаға сүйенеді. -
Мұғалімдер бұл қасиеттерді әр түрлі әдістерді қолданып дамытуы қажет:
1)оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;
2)жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;
3) проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру;
4) оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау;
5) оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру;
6) оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.
25. Математиканы оқыту стратегияларының үлгілері:
1) оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;
2) түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
3) мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
4) оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс;
5) бірін-бірі оқыту;
6) түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТ ның мүмкіндіктерін пайдалану;
7) математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;
8) оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).
26. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:
1) математикада сандық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақытында технологияларды сенімділікпен және шығармашылықпен пайдалануын қамтиды, АКТ-ны пайдаланудың бастапқы дағдылары арқылы қалыптасады.
27. «Математика» пәнін оқу бағдарламасы төменгі мәселелерді қамтиды:
1) оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету;
2) ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;
3) математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды жасау);
4) өздігінен жоспар мен графиктер құру.
28. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту:
1) білім беру бағдарламасының мақсаттарының бірі-түрлі әлеуметтік қауымдастыққа сәйкес тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге қажетті коммуникациялық дағдыларды дамыту үшін ынталандырушы және қолдаушы қарым-қатынас ортасын құру керек:
2) оқыту барысында оқушылардың ауызша және жазбаша қарым-қатынаста математикалық тілді сауатты қолдану дағдыларын дамыту қажет;
3) математиканы оқытуда оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:
топтық және сыныптық жұмыстар (түсіндіру, ойларын айту);
жобалардың презентациясын жасау;
талқылауларға қатысу;
сұрақтар құрастыру және сұрақтарға жауап іздеу;
мұғалімдермен және оқушылармен диалогке қатысу;
4) математиканы оқытуда оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері; мәтінде тірек сөздерді белгілеу; ғылыми мәтіндермен жұмыс, семантикалық құрамын анықтау;
5) математиканы оқыту үдерісінде оқушыларды жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері; тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру; математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).
-
Оқу жетістіктерін бағалау
29. «Математика» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
30. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
31. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
32. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
33. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
-
«Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
34. Оқу жүктемесінің бөлінуі:
1) оқу бағдарламасындағы әр сыныпқа арналған сағат саны:
1-кесте
Сынып | Апталық жүктеме | Жылдық жүктеме |
1 | 4 сағат | 132 сағат |
2 | 4 сағат | 136 сағат |
3 | 5 сағат | 170 сағат |
4 | 5 сағат | 170 сағат |
35. Сынып кабинетіндегі жиһаздардың орналасуы үлгілеу және практикалық жұмыстарды жүргізу бөліктерін, оқушылардың жұмыстарын таныстыра алатын орынды, бумаларды, кітап сөрелерін орналастыратын орындарды қарастыруы қажет. Сыныптағы жиһаз жеке, жұп немесе топ ішіндегі жұмыстарды, семинарларды ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қозғалмалы болғаны дұрыс.
36. 4-сыныпта күрделі есептеу операцияларын орындау үшін қажетті жағдайда калькуляторлар берілуі керек.
37. Оқу пәнінің мазмұны:
1) пәннің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл бөлімдер сыныптарға арналған оқыту мақсаттары бойынша білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға арналған бөлімшелерден тұрады. Бөлімшелердің ішіндегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқушыларды келесі оқыту мақсаттарымен таныстыруға мүмкіндік береді:
2-кесте
№ | Бөлім | Бөлімше |
1 | Сандар және өлшемдер | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер |
1.2 Сандармен амалдар орындау | ||
1.3 Шамалар және оларды өлшеу бірліктер | ||
2 | Алгебра элементтері | 2.1 Санды және әріпті өрнектер |
2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу | ||
3 | Геометрия элементтері | 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі |
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу | ||
3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты | ||
4 | Жиын. Логика элементтері | 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар |
4.2 Пікірлер | ||
4.3 Тізбектер | ||
4.4 Нысандардың комбинациялары | ||
5 | Математикалық модельдеу | 5.1 Есептер және математикалық модель |
5.2 Математикалық тіл |