Файл: Бастауыш білім беру дегейіні 14 сыныптарына арналан Математика пні бойынша лгілік оу бадарламасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 77
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-сынып:
Ортақ тақырыптар | Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Бағдарлама бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
І-тоқсан | |||
«Өзім туралы» «Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыптары аясында* | 1А бөлім – Екі таңбалы сандар | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | 2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 2.1.1.2 екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 2.1.1.3** екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу; |
5.2 Математикалық тіл | 2.5.2.1 екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені пайдалану | ||
1В – бөлім Сандармен амалдар орындау. Есептер | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 2.1.2.4** бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу және қолдану 2.1.2.5** бір таңбалы сандарды ондықтан сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау 2.1.2.3** қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану | |
2.1 Санды және әріпті өрнектер | 2.2.1.6 екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу | ||
5.1 Есептер және математикалық модель | 2.5.1.1 бір; екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу 2.5.1.8** барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер түрінде модельдеу және шығару | ||
1С бөлім– Шамалар және олардың өлшем бірліктері | 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер | 2.1.3.1 әртүрлі өлшеу құралдары шәкілдерін бір бірінен ажырату және шамалардың сәйкес мәндерін анықтау 2.1.3.2** ұзындық (м)/ масса (ц) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу 2.1.3.3** шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау 2.1.3.4** ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру | |
ІІ-тоқсан | |||
«Менің мектебім» «Менің туған өлкем» ортақ тақырыптары аясында* | 2A тоқсан – Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | 2.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру |
1.2 Сандармен амалдар орындау | 2.1.2.3** қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану 2.1.2.5 бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту/300+200 (3жүзд.+2жүзд.), 170-130 (17онд.-13 онд) түрінде ауызша қосу және азайтуды орындау 2.1.2.7 мынадай жағдайларда: 45±9,, 40-14, 100-35 ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау; 2.1.2.8 мынадай жағдайларда: 34+ 23, 57-23; 47+33; 80-47 100-35 екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану; | ||
4.3 Тізбектер | 2.4.3.1 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау 2.4.3.2 берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу | ||
5.1 Есептер және математикалық модель | 2.5.1.1** екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу 2.5.1.7** екі амалмен шешілетін есептерді модельдеу және шығару 2.5.1.8** құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару | ||
2B бөлім – Шамалар және өлшем бірліктер | 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер | 2.1.1.3** 12-ге дейін сандардың рим нөмірлеуін оқу, жазу және қолдану; 2.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау 2.1.3.4 шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау 2.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат және минут | |
2С бөлім– Жиын және оның элементін белгілеу. және таңбалары | 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар | 2.4.1.2 сандардың жазылуындағы цифрлар саны, 2-ге бөлінуі, сандық тізбектегі алатын орындары бойынша сандық жиындар құру және жіктеу (бөліктеу) 2.4.1.3 жиындар мен олардың элементтерін диаграммада белгілеу; элементтердің жиынға жиындардың бірігуіне және қиылысуына тиістілігін анықтау | |
4.2 Пікірлер | 2.4.2.1 тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру | ||
4.4 Заттардың комбинациялары | 2.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «үш-үштен» комбинациялар жиынын құрастыру | ||
5.2 Математикалық тіл | 2.5.2.2 жиынды белгілеу үшін латын алфавитінің бас әріптерін, жиын элементтерін белгілеу үшін латын алфавитінің кіші әріптерін; жиынға тиістілігін/тиісті еместігін белгілеу үшін , және таңбаларын пайдалану 2.5.2.5 деректерді жинақтау және жүйелеу, кестелер және диаграммалар тұрғызу | ||
ІІІ-тоқсан | |||
«Дені саудың жаны сау!» «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыптары аясында* | 3А бөлім – Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы | 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі | 2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/ тік төртбұрыш, шаршы, тік бұрышты үшбұрыштың мәнді белгілерін анықтау |
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу | 2.3.2.1 нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу 2.3.2.2 тік бұрышты сызу | ||
4.3 Тізбектер | 2.4.3.2 берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу | ||
3В бөлім- Көбейту және бөлу.Есептер | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | 2.1.1.5 50-ге дейін 3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау; жұп/тақ сандарды ажырату; заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету | |
1.2 Сандармен амалдар орындау | 2.1.2.1 көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді - заттарды түрлеріне қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну 2.1.2.2 көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау 2.1.2.4 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолдану | ||
1.3 Шамалар және өлшем бірліктер | 2.1.3.6 50 теңгелік, 100 теңгелік монеталарды, 200 теңгелік, 500 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау | ||
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар | 2.4.1.1 тең жиындардың бірігуін және жиыннан оның тең бөліктерін айырып алуды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу | ||
5.1 Есептер және математикалық модель | 2.5.1.3 бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға; мазмұнына қарай және бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару | ||
3С бөлім – Санды және әріпті өрнектер. Теңдеулер. Есептер | 2.1 Санды және әріпті өрнектер | 2.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу 2.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі екі амалды әріпті өрнектің мәнін табу 2.2.1.3 қосу мен көбейтудің қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: a+b=b+a; (a+b)+c=a+(b+c) ab=ba көрсету және қолдану 2.2.1.4 санды 1-ге көбейту және бөлу жағдайларын әріпті теңдік түрінде: a 1=a; a:1=a көрсету | |
2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу | 2.2.2.1 х < және х > түріндегі теңсіздіктерге сәйкес келетін сандарды анықтау 2.2.2.2 көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді; х+(25-6)=38; (24-3)-х=8; а+6=7+80түріндегі күрделі теңдеулерді | ||
5.1 Есептер және математикалық модель | 2.5.1.2 есептерді шығару барысында баға, сан, құн арасындағы тәуелділікті пайдалану 2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру 2.5.1.5** көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға; кері есептерді құрастыру және шығару; тура және жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық/кем» «бірнеше есе есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты) бір-бірінен ажырату 2.5.1.6 көбейту мен бөлуге берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру 2.5.1.7 екі амалмен шешілетін есептерді (барлық амалдарға берілген жай есептердің әртүрлі комбинациялары) модельдеу және шығару 2.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектержәне теңдеулер түрінде; құрама есептердің шешуін санды өрнектер, жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару | ||
5.2 Математикалық тіл | 2.5.2.4 көбейту және бөлу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдалану | ||
ІV-тоқсан | |||
«Қоршаған орта» «Саяхат» ортақ тақырыптары аясында* | 4A бөлім– Тиімді есептеу тәсілдері | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 2.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін/көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану |
2.1 Санды және әріпті өрнектер | 2.2.1.5 екі амалдан артық жақшалы және жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру 2.2.1.6 екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу | ||
4B бөлім – Есептерді шешу тәсілдері | 5.1 Есептер және математикалық модель | 2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және шығару 2.5.1.5** тура және жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты) бір-бірінен ажырату 2.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер түрінде; құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару | |
4C бөлім – Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан | 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі | 2.3.1.3 көпбұрыштардың, қоршаған ортадағы заттар қабырғаларының ұзындығын өлшеу, периметрді табуға арналған формулаларды: Р=2(а+b), Р= 4а, Р = a+b+c қорытындылау, құру және қолдану 2.3.1.4 фигураның белгісіз қабырғасын оның периметрі мен белгілі қабырғалары арқылы табу 2.3.1.5 берілген периметрі бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіру | |
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу | 2.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерін бөлу және олардан композиция құрастыру 2.3.2.4 бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен және сағат тіліне кері жартыға, төрттен бірге бұрылу), анықтау айқындайтын нұсқаулыққа сәйкес әрекет жасау жасау | ||
3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты | 2.3.3.1 сызықта белгіленген нүктелерді бір-біріне қатысты орналасуын анықтау | ||
4.2 Пікірлер | 2.4.2.2 сандық есептерді, әртүрлі сандардан тұратын басқатырғыштарды, ауыстырып құюға және өлшеуге берілген логикалық есептерді зерттеу және шығару | ||
5.1 Есептер және математикалық модель | 2.5.1.2** есептерді шығару барысында ұзындығы, ені, периметр шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану 2.5.1.5** ұзындықты, енін, периметрді табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және шығару | ||
5.2 Математикалық тіл | 2.5.2.3 нүктелерді, кесінділерді, сәулелерді, түзулерді латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу |
3-сынып:
Ортақ тақырыптар | Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Бағдарлама бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
І- тоқсан | |||
«Тірі табиғат», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)» тақырыптары аясында | 1А бөлім - 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | 3.1.1.1 1000-ға дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 3.1.1.2 үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу 3.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру |
5.2 Математика тілі | 3.5.2.1 көп таңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану 3.5.2.4 қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану | ||
1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау 3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану | ||
2.1 Санды және әріпті өрнектер | 3.2.1.1 бір /екі әріпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу 3.2.1.2 әріптердің берілген мәндерінде екі әріпі бар әріпті өрнектің | ||
2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу | 3.2.2.1 қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу | ||
4.3 Тізбектер | 3.4.3.1 1000-ға дейінгі сандардар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау 3.4.3.2 өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу | ||
1В бөлім – Көбейту және бөлу | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.2 көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу 3.1.2.3 көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану | |
1.3 Шамалар және өлшем бірліктер | 3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу 3.1.3.3 см2, дм2, м2 шамамаларын салыстыру және амалдар орындау | ||
2.1 Санды және әріпті өрнектер | 3.2.1.4 санды 0-ге көбейту, 0-ге бөлуге болмайтын жағдайларды әріпті теңдік түрінде: a 0 = 0; a 0 көрсету | ||
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар | 3.4.1.1 екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу 3.4.1.2 сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру 3.5.2.2 екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану | ||
4.4 Нысандардың комбинациялары | 3.4.4.1 «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану | ||
5.1 Есептер және математикалық модель | 3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу 3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдау және шығару шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару | ||
5.2 Математика тілі | 3.5.2.4 көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану | ||
1С бөлім - Кестелік көбейту және бөлу | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану | |
| 2.1 Санды және әріпті өрнектер | 3.2.1.1 бір айнымалысы/екі айнымалысы бар өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу 3.2.1.6 төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу 3.2.1.7 формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну | |
5.1 Есептер және математикалық модель | 3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/ ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану 3.5.1.5 жанама түрде тұжырымдалған (еселік салыстырумен байланысты) есептерді; төртбұрыштың ұзындығын, енін, периметрі мен ауданын, параллелепипедтің көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару | ||
ІІ-тоқсан | |||
| 2А бөлім - Үлес | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | 3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру 3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру |
«Уақыт», «Сәулет» ортақ тақырыптары аясында | | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.1** бөлшекті - бүтіннің бір не бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі ретінде түсіну, санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну 3.1.2.1** бөлшек дегеніміз бірліктің (бір бүтіннің) бір не бірнеше тең үлестерден құралған сан, екі натурал санның қатынасы екенін түсіну 3.1.2.14 санның/шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу |
5.1 Есептер және математикалық модель | 3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару 3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару | ||
2В бөлім – Аудан. Шамалар | 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі | 3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір бірінен ажырату және атау/ симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру 3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу 3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш ауданы формуласын: S= (a.b):2, S=a2, S=a.b шығарып алу және қолдану 3.3.1.4 суретте кескінделген құрастырылған фигуралардың, қоршаған ортадағы жазық фигуралардың периметрін анықтау 3.3.1.5 берілген ауданы бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру | |
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу | 3.3.2.1 нүктелі қағазда параллель және қиылысатын түзулерді; қиылысатын геометриялық жазық фигураларды сызу, олардың қиылысу және бірігу аймағын табу 3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы циркульдің көмегімен шеңбер салу | ||
3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты | 3.3.3.1 жазық фигурада белгіленген нүктелердің орнын бір-біріне қатысты анықтау | ||
1.3 Шамалар және өлшем бірліктер | 3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу 3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу 3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2) салыстыру және амалдар орындау 3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру | ||
5.1 Есептер және математикалық модель | 3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/ ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану 3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару 3.5.1.5 жанама түрде тұжырымдалған (еселік салыстырумен байланысты) есептерді; төртбұрыштың ұзындығын, енін, периметрі мен ауданын, параллелепипедтің көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару) | ||
5.2 Математикалық тіл | 3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу | ||
2С бөлім - . Ауызша көбейту және бөлу | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.5** үш таңбалы сандарды олардың ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау 3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану 3.1.2.12 нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту/бөлу тәсілін қолдану | |
ІІІ-тоқсан | |||
| 3А бөлім - Кестеден тыс көбейту және бөлу | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.3** көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану 3.1.2.6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау 3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану |
«Атақты тұлғалар», «Өнер» ортақ тақырыптары аясында | | 2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу | 3.2.2.2 2 көбейту мен бөлуге берілгенх:8=9; 51:х=17; 23 х=46түріндегі қарапайым теңдеулерді, құрылымы күрделі х (25:5)=60; (24 3):х=6;х: (17 2)=2; k+124:4=465түріндегі теңдеулерді шешу |
1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.1 бөлшекті - бүтіннің бір не бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі ретінде түсіну, санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну 3.1.2.3 көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану | ||
2.1 Санды және әріпті өрнектер | 3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c)=ab+ac; a(b-c)=ab-ac көрсету және қолдану | ||
3В бөлім - Кеңістік фигуралар | 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу | 3.3.2.3 кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру 3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру | |
3С бөлім – Жазбаша көбейту және бөлу | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23•2, 123•2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану 3.1.2.11 мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану | |
ІV-тоқсан | |||
| 4А бөлім - Жазбаша көбейту және бөлу | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану |
«Су – тіршілік көзі», «Демалу мәдениеті. Мерекелер» тақырыптары аясында | | 2.1 Санды және әріпті өрнектер | 3.2.1.5 санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру |
4В бөлім – Есепті шешу жолдары | 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер | 3.1.3.6 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау | |
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар | 3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру | ||
4.2 Пікірлер | 3.4.2.1 ақиқат немесе жалған пікірлер құру 3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару | ||
4.4 Нысандардың комбинациялары | 3.4.4.1 «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану | ||
5.1 Есептер және математикалық модель | 3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есептің шартын кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу 3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/ ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану 3.5.1.5** жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық/ кем» «бірнеше есе есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты); тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен ауданын; табуға берілген есептерді талдау және шығару 3.5.1.6 есептеу кезінде жауабын алдын ала болжау, нәтижесін құрама есептің шартына сәйкес түсіндіру 3.5.1.7 үш амалмен шығарылатын есептерді (шамалар арасындағы тәуелділкке құрылған жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу және шығару 3.5.1.8 айнымалысы бар өрнектер мен теңдеу түрінде барлық арифметикалық амалдарға берілген қарапайым есептерді шешу; қосу мен азайтуға берілген құрама есептерді санды өрнектер түрінде моделдеу | ||
| 5.2 Математикалық тіл | 3.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және диаграммалар мен пиктограммалар қолданып салыстыру | |
4С бөлім- Уақыт | 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер | 3.1.3.2 секунд өлшем бірлігін қолданып өлшеу | |
| 3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау 2.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктері олардың арақатысына сүйеніп өрнектеу 3.1.3.5 әртүрлі сағат бойынша уақытты анықтау: сағат, минут, секундты |
4-сынып:
Ортақ тақырыптар | Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Бағдарлама бөлімшелері | Оқу мақсаттары | | |||||||
І тоқсан | | ||||||||||
«Менің Отаным-Қазақстан», «Адами құндылықтар» ортақ тақырыптары аясында* | 1А бөлім – Көп таңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | 4.1.1.1 көп таңбалы сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар қатарындағы 1 000 000 көлеміндегі санның орнын анықтау 4.1.1.2 көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу 4.1.1.3 көп таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу 4.1.1. 4 санаудың ірі бірлігі – миллионды құрастыру миллиард көлемінде санау, жазу, салыстыру | | |||||||
1.2 Сандармен амалдар орындау | 4.1.2.2 көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану 4.1.2.5 көп таңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау; микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу 4.1.2.8 көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану | | |||||||||
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері | 4.1.3.1 көлемі болатын нысандар мен кеңістіктік геометриялық фигураларды атау, көлемді өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдау, текшелермен (1 см3) өлшеу 4.1.3.2 см3, дм3, м3, га, а, мг өлшем бірліктерін қолданып өлшеу 4.1.3.3 шамалар мәндерін мм, см, дм, м, км/мг, г, кг, ц, т/см2, дм2, м2 , га, ар / мл, л, см3, дм3, м3 өлшем бірліктерін салыстыру 4.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (мг, г, кг, ц, т)/ аудан (мм2, см2, дм2, м2, г, а)/ көлем (мм3 , см3, дм3, м3 )/ уақыт (с, мин, сағ, тәул.) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп өрнектеу 4.1.3.5 уақыт өлшем бірлігінің үлесін табу (мысалы, 1/60 сағ ═ 1 мин; ½ сағ ═ 30 мин; 1/7 апта= 1 күн және т.б.) 4.1.3.6 10 000 тг купюраны және түрлі мемлекеттің валюталарын (рубль, евро, доллар) ажырату және түрліше төлем жасау | | |||||||||
4.3 Тізбектер | 4.4.3.1** 1 000 000-ға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылықтарын анықтау | | |||||||||
1В бөлім – Бір таңбалы санға көбейту және бөлу | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 4.1.2.3 көп таңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдану 4.1.2.4 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыру 4.1.2.5 көп таңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау; микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу 4.1.2.6 10, 100, 1000 сандарына қалдықсыз және қалдықпен бөлу 4.1.2.7 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту мен бөлуді орындау 4.1.2.10** көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау | | ||||||||
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар | 4.4.1.1 жиындар арасындағы қатынастың (тең, қиылысатын, қиылыспайтын жиындар, ішкі жиын) сипатын анықтай білу | | |||||||||
1С бөлім – Жылдамдық, уақыт, арақашықтық | 2.1 Санды және әріпті өрнектер | 4.2.1.8 ** бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы арақашықтық формулаларынкөрсету және қолдану(s=v∙t, t=s: v, v=s:t) | | ||||||||
5.1 Есептер және математикалық модель | 4.5.1.2 ** есептерді шығару үдерісінде жылдамдық, арақашықтық шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану | | |||||||||
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар | 4.4.1.3** есептерді шешу үдерісінде жиындардың қиылысуы мен бірігуінің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдану | | |||||||||
1D бөлім – Геометриялық фигуралар | 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі | 4.3.1.1** текше, тікбұрышты параллелепипед және олардың элементтерін (төбелері, қабырғалары, қырлары) тану және атау 4.3.1.3 тікбұрышты параллепипед көлемінің формуласын (V=a∙b∙c) қорыту, шығару, қолдану 4.3.1.4 суретте бейнеленген құрастырылған фигуралардың, қоршаған ортадағы жазық фигуралардың ауданын анықтау | | ||||||||
5.2 Математикалық тіл | 4.5.2.2 текшені, тікбұрышты параллелепипедті латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу | | |||||||||
| | 5.1 Есептер және математикалық модель | 4.5.1.2** есептерді шығару үдерісінде биіктік, ені, ұзындығы, көлемі ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану | | |||||||
ІІ тоқсан | | | |||||||||
«Мәдени мұра», «Мамандық тар әлемі» ортақ тақырыптары аясында* | 2А бөлім – Көбейту және бөлу | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 4.1.2.9 санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге бөлу мен көбейту ережелерін қолдану 4.1.2.12 ** нөлмен аяқталатын көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану 4.1.2.10 көп таңбалы сандарды бір таңбалы/екі таңбалы /үш таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау 4.1.2.11 екі таңбалы/үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану 4.1.2.12 нөлмен аяқталатын көп таңбалы сандарды бір таңбалы/екі таңбалы/үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану 4.1.2.13 бөлінді мәнінде нөлдер болатын жағдайда көп таңбалы санды бір таңбалы/екі таңбалы/үш таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану | ||||||||
| | 2.1 Санды және әріпті өрнектер | 4.2.1.8 ** қалдықпен бөлу формуласын (a=b•c+r) шығарып алу және қолдану | ||||||||
| 2В бөлім Есеп шығару | 5.1 Есептер және математикалық модель | 4.5.1.2** есептерді шығару үдерісінде жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану 4.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорционал бөлуге, белгісізді екі айырым бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару 4.5.1.9** кездесу қозғалысына, бірінен – бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шығару | ||||||||
ІІІ тоқсан | | | |||||||||
«Табиғи құбылыстар», «Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыптары аясында* | 3А бөлім - Қозғалысқа, өнімділікке берілген есептер | 5.1 Есептер және математикалық модель | 4.5.1.1 есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу 4.5.1.2** есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; өнімділік/ егіннің түсімділігі; ауданы мен массасы/ жылдамдық, ара қашықтық, уақыт шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану 4.5.1.9** бір бағыттағы (қуып жету, қалып қою) қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шығару | ||||||||
4.2 Пікірлер | 4.4.2.1 математикалық мазмұндағы пікірлер құру, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау 4.4.2.2 кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді шығару | ||||||||||
| | 4.4 Заттардың комбинациялары | 4.4.4.1 «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару | ||||||||
3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты | 4.3.3.1 қозғалыстың басталуы мен бағытын пайдалана отырып, нысандар қозғалысы сызбасын құру, сәйкес есептеулер жүргізу 4.3.3.2 нысандардың бастапқы орны мен қозғалыс бағытын (бір-біріне қарама қарсы, бірінен - бірі қарама-қарсы бағытта) анықтау | ||||||||||
2.1 Санды және әріпті өрнектер | 4.2.1.8** қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды шығарып алу және қолдану | ||||||||||
5.2 Математикалық тіл | 4.5.2.4 ақпаратты түсіндіру, салыстыру және мәліметтерді жиынтықтау, қозғалыс графиктерін құру, қозғалысқа арналған есептерге сызба құрастыру | ||||||||||
| 3В бөлім - Бөлшектер және пайыз | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | 4.1.1.5 пайыз бүтіннің жүзден бір үлесі екенін түсіну; бүтіннің бөліктерін пайызбен жазу, оқу 4.1.1.6 бөлімдері бірдей және алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру; сан сәулесінде салыстыру, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату | ||||||||
4.3 Тізбектер | 4.4.3.1** жай бөлшектермен өрнектелген сандар тізбектерінің заңдылықтарын анықтау | ||||||||||
1.2 Сандармен амалдар орындау | 4.1.2.1 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту үшін, бөлімдерін сол қалпында қалдырып, сәйкес алымдарын қосу және азайту деп түсіну 4.1.2.14 аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру 4.1.2.15 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолдану 4.1.2.16 пайызды бөлшекке, бөлшекті пайызға түрлендіру | ||||||||||
| 2.1 Санды және әріпті өрнектер | 4.2.1.4 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін әріпті теңдік түрінде: + = , - = көрсету және қолдану 4.2.1.5 бөлшектің негізгі қасиетін әріпті теңдік түрінде: k≠0 көрсету және қолдану 4.2.1.6 бөлшектері бар санды өрнектерді салыстыру | |||||||||
| 5.1 Есептер және математикалық модель | 4.5.1.3 бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру, шығару | |||||||||
5.2 Математикалық тіл | 4.5.2.1 жай бөлшектердің құрылуын, салыстыру, қосу және азайтуды бейнелеу үшін жазық фигуралардың бөлігі және сан сәулесін қолдану 4.5.2.3** пайызды % символымен белгілеуді қолдану | ||||||||||
| 3 С бөлім - Шеңбер, дөңгелек | 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу | 4.3.2.2** шеңбер радиусы бойынша сызу; | ||||||||
ІV тоқсан | |||||||||||
«Ғарышқа саяхат», «Болашаққа саяхат» ортақ тақырыптары аясында* | 4А бөлім – Теңдеу, теңсіздік, өрнектер | 2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеулер | 4.2.2.1 қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу 4.2.2.2 39 + 490 : k = 46; 230 ×а +40=1000:2; түріндегі теңдеулерді шешу | ||||||||
| 2.1 Санды және әріпті өрнектер | 4.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді түрлендіру 4.2.1.2 әріптердің берілген мәніндегі бірнеше айнымалысы бар өрнектің мәнін табу 4.2.1.3 айнымалысы бар өрнектерді құру және есептер шығару барысында қолдану 4.2.1.6 бөлшектері бар санды өрнектерді салыстыру 4.2.1.7 төрт амалдан артық жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу | |||||||||
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар | 4.4.1.3 есептерді, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу үдерісінде жиындардың қиылысуы мен бірігуінің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдану | ||||||||||
| 4В бөлім – Есептер | 1.2 Сандармен амалдар орындау | 4.1.2.5** микрокалькулятордың көмегімен есептеулерді орындау | ||||||||
5.1 Есептер және математикалық модель | 4.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорционал бөлуге табуға берілген есептерді талдау және шығару 4.5.1.5 бүтіннің пайызын және керісінше, пайызы бойынша бүтінді табуға берілген есептерді талдау және шығару 4.5.1.6 әр түрлі құрама есептерді құрастыру, салыстыру, шығару 4.5.1.7 үш-төрт амалмен шығарылатын есептерді модельдеу және түрлі әдіспен шығару, ең тиімді әдісті анықтау 4.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер түрінде модельдеу | ||||||||||
4С бөлім- Үшбұрыштар. Симметрия | 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі | 4.3.1.1** тікбұрышты үшбұрышты тану және атау 4.3.1.2 үшбұрыштарды жіктеу 4.1.3.4 суретте бейнеленген құрастырылған фигуралардың, қоршаған ортадағы жазық фигуралардың ауданын анықтау 4.3.1.5 фигуралар салуды жазық фигураларға оське қатысты симметриялы болатын фигуралармен толықтыру; бұрыштың шамасын табу 4.3.2.1 нүктелі қағазда перпендикуляр түзулер, симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды сызу 4.3.2.2** бұрыштың градустық өлшемі бойынша бұрыштар; екі қабырғасы бойынша тікбұрышты үшбұрыш; тікбұрышты сызғыштың көмегімен түзуге перпендикуляр түзу сызу 4.3.2.3 кеңістіктік геометриялық фигуралардың (пирамида, цилиндр, конус) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру 4.3.2.4 симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды бір бірінен ажырату және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру | |||||||||
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар | 4.4.1.2 түзу сызықтардың, геометриялық фигуралардың қиылысуын көрсету, қиылысу және бірігу аймақтарын белгілеу | ||||||||||
| 4.3 Тізбектер | 4.4.3.2 заңдылықты немесе ережені өзі таңдап, сандар/ сандар тобы тізбектерін құру | |||||||||
5.2 Математикалық тіл | 4.5.2.3** пайызды % символымен белгілеуді қолдану, бұрыштың градустық өлшемін 0 символымен белгілеуді қолдану |
45. * Әр тоқсанда 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды кіріктіру ұсынылады.
46. ** - бағдарламадағы оқу мақсатының бір бөлігі қолданылады.