Файл: Ісік деп соматикалы жасушаларды мутацияа байланысты тотаусыз жне баылаусыз кбейіп кетуі нтижесінде пайда болатын патологиялы рдісті атаймыз. су ерекшеліктері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ісік деп соматикалық жасушалардың мутацияға  байланысты тоқтаусыз және бақылаусыз көбейіп кетуі нәтижесінде пайда болатын патологиялық үрдісті атаймыз.

  Өсу ерекшеліктері.

  Ісік қай тіннің немесе ағзадан өсуіне байланысты оның сыртқы көрінісі әр түрлі.Ісік ағза қуысына қарай немесе терінің сыртына полит тәрізді жіңішке сабаққа ілініп тұрса, оны экзофитті өсу дейді. Егер ісік қуыс ағзаның қабырғасына немесе басқа ағзалардың ішіне қарай өссе, оны эндофитті өсу деп атайды.

Ісік көбінесе үлкенділі кішілі түйін түрінде өседі,оның көлемі қай жерде өсуіне байланысты. Бас сүйегінің ішіндегі ісіктер көп үлкеймей ақ ауыр клиникалық өзгерістерге соқтырса, ал іш қуысындағы ісіктер шексіз өсе беруі мүмкін.

    Ісіктің жұмсақ немесе қатты болуы оның паренхимасы мен стромасының арақатынасына байланысты. Ісік құрамына паренхима басым болса жұмсақ. Ал стромасы көп болса онда қатты болады. Барлық ісіктерді гистологиялық құрылысына, клиникалық көріністеріне қарап қатерсіз,қатерлі,жергілікті тінді бұзып өсуші ісіктер деп үш топқа бөледі.

  Қатерсіз ісіктер әдетте ұзақ уақыт өседі және организмді аса қауіпті өзгерістерге ұшыратпайды. Оларға  негізінен тіндік атипизм тән. Тіндік атипизмге ісік құрамындағы паренхима мен строма арақатынастарының бұзылуы,строманы түзуші дәнекер талшықтарының, нерв талшықтарының әр түрлі жуандықта болуы немесе олардың түрлі бағытта ретсіз орналуы, қан тамырларының бір жерде көп, бір жерде аз болуы және т.б. кіреді.

Бірақ жасушалар түзілісінде өзгерістер болмайды. Қатерсіз ісіктер айналасындағы тінге бойламай, оларды ығыстыра өседі, олардың құрылысы өзі дамыған ағзаның құрылысына сәйкес болады.Қатерсіз ісіктер метастаз бермейді, хирургиялық жолмен алып тастағанда кейбір сирек жағдайда болмаса қайта өспейді. Қатерсіз ісіктер өте үлкейіп кеткенде ғана жанындағы ағзаларды басып механикалық тұрғыдан әсер етеді және олардың қызметін бұзады. Сонымен қатар қатерсіз ісіктің қатерсіз ісікке айналу мүмкін.

  Қатерлі ісіктерге жасушалық атипизм тән. Оларды түзуші жасушалар өзі өсіп шыққан ағза не тін жасушаларынан өзге болады. Қатерлі ісік жасушалары тез өсіп өнетіндіктен олардың арақатынасында митоз құбылысы көп кездеседі,кейде ісік жасушаларының 10%ы митоз жағдайында болады,олардың ішінде патологиялық митоздардың саны көбейеді. Кейбір жасушада хромосома саны үш жүзге жетеді.

Қатерлі ісік айналасындағы тіндерге сіңе өсіп, әуел бастан метастаз береді.


Метастаз деп ісік жасушаларының алғашқы ісік жасушаларының алғашқы ошағынан бөлініп шығып басқа бір ағзаларда жаңа ісік түйінін түзуін айтады. Метастаз дамуына өте күрделі құбылыс,ол бірнеше кезеңдерден тұрады:

Осылайша өтетін салылы өзгерістерді метастаздық каскад деп атайды.

   Ісік жасушалары негізгі ісік түйінінен бөлініп шығуы олардың бір бірімен тығыз байланыспағандығының нәтижесі. Оның себептеріне ісік жасушаларының мембраналарында өткізгіштіктің артып кетуі,ісік жасушаларының арасындағы теріс зарядтың күшеюі,жасушааралық жанасудың  әлсіреуі және т.б. жатады. Көбінесе лимфогендік немесе гетатогендік метастаздар дамиды. Кейде ісік жасушалары лимфа ағымына қарсы бағытта тарайды. Мысалы, асқазан рагының аналық безге метастаз беруі. Ісік жасушалары нерв талшықтарын бойлай не айналадағы тіндерге жабыса, не өзек бойып қуалай да таралуы мүмкін. 

Қатерлі ісік организмде бірден зілді өзгерістер тудырып адамның азып кетуіне улануына алып келеді. Қатерлі ісікке байланысты дамыған кахексияның белгілеріне денедегі май тіндерінің өте азайып немесе бүтіндей жойылып кетуі; қанқа бұлшықеттерінің семіп қалуы;бауырда, жүректе қоңыр атрофияның дамуы,терінің құрғақ және сұр түсті болуы жатады.

 

Қатерлі ісік сылып тастағаннан кейін де қайта өсуі мүмкін. Жалпы қатерлі ісік жасушаларының өсіп өнуіне жағдай тудырылғанда, мысалы, экспериментте,олар шексіз өсу мүмкіндігіне ие болды.

   Эпителидің қатерлі ісіктерінің гистологиялық жетілу деңгейіне байланысты оларды: жетілген, азырақ жетілген,жетілмеген деп үш топқа бөлінеді.

 

Жоғарыда айтылған өзгерістер қатерсіз және қатерлі ісіктердің бір бірінен ажырататын морфологиялық белгілерге,морфологиялық атипизмге жатады.

    Ісіктерге бұдан басқа биохимиялық,гистохимиялық, антигендік атипизмдер де тән. Биохимиялық атапизмге ісік жасушаларындағы зат алмасу үрдісінің өзгерістері жатады. Ісік жасушаларында тотықтану үрдісінен көрі гликолиз басым,себебі олар өсіп өну үшін оттегін көп қажет етпейді,сондықтан оттегімен қамтамасыз ететін жүйенің көмегінсіз ақ өсе береді.

    Гистохимиялық атипизм жасушаларда өтіп жатқан биохимиялық өзгерістерді көрсетуші белгі болып, ісік жасушаларының жетілу бағытымен дәрежесіне қызметтік қабілетіне байланысты. Гистохимиялық реакциялар қатерлі және қатерсіз ісіктерді бір бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.

 Антигендік атипизм организмде қалыпты жағдайда кездеспейтін тек ісікке тән не ісікке алып келуші вирустарға, консерогендерге тән, не эмбрион дәурінде ғана  кездесетін антигендің қанда пайда болуын айтады. Жергілікті тінді бұзып өсетін ісіктер қатерлі ісіктер қатарына жатқанмен ,метастаз бермейді,сондықтан оларды сылып тастау мүмкін. М: терідегі базалиома ісігі осы ісіктер қатарына жатады.



                       Ісіктің морфогенезі 

     Ісік үрдісін зерттегенде орнықты рак деген терминнің мағынасын білу шарт. Орнықты рак морфологиясы бойынша толық ракқа жатады бірақ айналасындағы тіндерге бойлап кірмейтін қатерлі ісікті айтады. Бұл үрдістің нағыз қатерлі үрдістен айырмашылығы көп жылдар бойы рак үрдісі бір жерде орнықты болып қала береді. Кейде ол ісік алаңында рактың даму сатысыныңт бірі есебінде көрінеді. Сондықтан орнықты рак деп диагноз қою үшін зерттелетін тіннен көптеген кесінді даярлап инфильтративті рактың жоқтығына көз жеткізу к.к.

 

 Фулдыстың ойынша ракалды үрдістерінің ракка өтуі ертелі кеш болатын тек қана уақытқа тәуелді үрдіс емес, ол осы ісіктердің кенеттент жаңа қасиеттерге ие болуына байланысты. Бұл жаңа өзгерістерге : ісіктің тез өсе бастауы, гармонға тәуелділіктің жойылуы, жасуша атипизмінің пайда болуы, хромосомадағы өзгерістер, т.б.

 

                      Ісіктердің этиологиясы.

    Ісіктердің пайда болу себептері өте көп,олар әліде ақырына дейін зерттелінбеген. Ракты зерттеуші Халықаралық қоғамның анықтауы бойынша адам рагының проценті қоршаған ортада тарагған канцерогендік заттардың 80-90әсеріне байланысты.

 

Әсер ету механизмдеріне қарап химиялық канцерогендер екі топқа бөлінеді.1) жасушалардың ДНК сымен тікелей әсерлесетін толық канцероген 2)организмдегі химиялық реакцияларға байланысты пайда болған метаболиттері арқылы әсер ететін жанама канцерогендер,оларды проканцерогендер деп атайды

      Қазіргі таңда рак туындататын канцерогендік заттардың саны мың жарымға жақындап қалды. Көптеген кәсіптік рактарда әр түрлі химиялық заттардың әсерінен дамиды. 

Эндогендік канцерогендерге холестерин ,витамин Д, өт қышқылдары ,кейбір стероидық гормондар, майлардың асқын тотықтары, кейбір белоктар,азот тотығы т.б. жатады.

   Канцерогенездің инициация, промоция және прогреция кезеңдерін ажыратады. Инициация кезеңінде химиялық заттар жасуша геномына мутагендік әсер етіп онда қайтымсыз өзгерістер тұдырады. Нәтижеде сау жасуша қатерлі ісік жасушасына айналады. Трансформацияланған жасушалардың әрі қарай өсіп өнуі үшін инициация үрдісі жеткіліксіз оған бір қосымша күшейтуші зат қажет болады. Осы заттарды промоторлар деп атайды.Проморция кезеңінде канцерогендік әсерлер нәтижесінде ісік жасушаларында қосымша гендік және хромосомдық мутациялар дамиды.Онкогендер белсенділігі және саны артады,өсу факторлары және олардың рецепторы көп мөлшерде өндіріледі.


 

Прогрессия кезеңінде қатерлі ісік жасушалары тез өсе бастайды және де олардың арасында гормондық, нервтік және т.б.жасушалар өсуін реттеуші әсерлерге тәуелсіз, жаңа генотиптік және фенотиптік қасиеттерге ие болған жасуша топтары пайда болады.