Файл: Реферат пні Дене шынытыру Таырыбы Гимнастика Жоспар кіріспе гимнастика дене трбиесіні ралы. Гимнастиканы пайда болуыны ежелгі тарихы..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 849

Скачиваний: 66

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Көркем гимнастика – қыз баларды дене – шынықтыру тұрғысында дайындық барысындағы негізгі құрал. Жаттығулар үйлесімді қабілеттіліктерді, икемділікті, ептілікті, жылдамдылықты, төзімдлікті жетілдіруге бағытталған. Барлық бұлшық ет топтарының бірқалыпты дамуына байланысты қыз балаларда жеңілділік, сымбаттылық және қозғалысының еркінділігі қалыптастырылады. Көркем гимнастикада пайдаланылатын музыкалық тәрбиелеу эстетикалық тәрбиеге, музыканы естуге және тыңдауға көмегін көрсетеді.

Негізгі көркем гимнастика жан-жақты үйлесімді дене жынықтыруға, денсаулықты нығайтуға, мүсіннің қозғалыс функцияларының нығаюына бағытталған.

Гимнастикамен балеттің өзара байланысы салдарынан – әрбірқозғалыстың үйлесімділігі мен сымбаттылығы жетілдіріледі (оның ішінде пластика, ритм, сымбаттылық, әртістілік). Кез келген бидіің негізінде базалық және негізгі сабақтарды беретін классикалық хореография болып келеді (созымдылық, икемділік, күшті жаттығулар). Аталған хореография күнделікті өмірде де қажет – жақсы мүсін, ырғақты жүріс. Кеңістікте жақсы тұрып дәлірек бейімделу үшін акробатика көмектеседі – кез келген бидің және спорт түрінің ажырамас бөлігі.

Спорттың аталған түрімен қыз балалр ерте жастан бастап айналыса алады. Сымбатты мүсін мен ырғақты жүрі, музыканы тыңдау мен түсіну, жалпы адемі болу қабілеттілігі тез арада игеріледі. Бірақта, бұл тек басы ғана. Маңызды спорт жетістіктеріне жеткісі келетін қыз балалар өз армандарына жете алады. Әлемде спорт неше түрлі спорт түрі бар. Дегенмен, тек қана көркем гимнастика қыз балалар үшін шексіз айналысуға рұқсат береді.

Көркем гимнастика – музыка ырғағымен арнаулы затпен (секіретін жіп, шеңбер, доп, ұршық, лента және т.б.) немесе затсыз әр түрлі гимнастикалық және би жаттығуларын орындайтын спорттың бір түрі. Соңғы кездері әлем сайыстарында затсыз өнер көрсетілмейді. Топтық орындауларда бірден екі зат (мысалы шеңбер мен доп) немесе бір зат (мысалы бес доп, бес күрзі) қолданылады. Жеңімпаздар көпсайыста, жеке әрбір түрде және топтық жаттығуларда анықталады.

Қазір барлық жаттығулар оркестрлық фонограммаларды пайдаланып сазды сүйемелдеумен орындалады. Сазды сүйемелдеумен жаттығуларды орындау спортшының және жаттықтырушының қалауына байланысты болады. Бірақ әрбір жаттығу бір жарым минуттан аспауы шарт. Сайыс көлемі 13х13 метрлік гимнастикалық кілем үстінде өткізіледі. Классикалық көпсайыс (4 жаттығу) – олимпиадалық тәртіп. Сонымен қатар көпсайыстан басқа гимнаст спортшылар жеке біріншілікте дәстүрлі түрде жеке жаттығу түрлерінен (Олимпиадалық ойындардан басқа) арнайы жүлделі орындарға таласады.


Гимнаст спортшылардың жаттығуларды орындауы отыз ұпайлық жүйемен бағаланады. Тартымды әрі сұлу спорт түрлерінің бірі көркем гимнастика КСРО-да спорт түрі ретінде 1940-шы жылдары пайда болып, 1984 жылдан бастап – олимпиадалық спорт түріне айналды. Алғашқыда тек қыздар спорты ретінде ғана қалыптасқан еді, бірақ ХХ ғасырдың соңына таман жапон гимнастарының арқасында ер азаматтар арасында да сайыстар өткізілетін болды.

Эстетикалық гимнастика — спорттың жаңа және көріністік түрі, дененің стильді, табиғи қимылдарында негізделген кез келген жастағы қыз балаларға арналған ең әдемі спорт түрлерінің бірі. Эстетикалық гимнастиканы көбінесе кілем үстіндегі синхронды жүзу деп атайды. Ол іс-қимылдарды орындаудың мінсіз синхрондылығымен, керемет музыкалық композициямен және әртістік орындаушылықпен байланысты. Сұлулық, сымбаттылық, көркемділік, шабыт – осының барлығын эстетикалық гимнастикада көруге болады. Бұл спорт түрінде саздылық, әсемділік, сымбаттылық нәзіктілік және пәктілік мінсіз үйлесім тапқан.

Эстетикалық гимнастика тек қана әдемі де сымбатты спорт түрі емес, сонымен қатар арманшыл спорт түрі де болып келеді. Эстетикалық гимнастиканың негізін салушысына орыс ақыны Сергей Есениннің ғашық болуы бекер емес. Спорттың осы түрін ашқан Айседоре Дункан деп есептейді, дәл осы адам классикалық балеттегі пуантада емес жалаң аяқ билеп, өз қимылдарында ертегректік пластиканы пайдаланған.

Эстетикалық гимнастика командалық спорт түрі болып табылады, бұл арада белдіктер, доптар, және құрсау көркем гимнастикадағыдай жиі пайдаланылмайды. Команда бірігей тұлға– әрбір көз тастау мен демалу, қол ұшының әлсіз қимылына дейін бірігей қозғаллыс болуы тиіс. Жаттығулар нәтижесінде әрбір элементтің орындалуы, музыкамен бірлесі жетілдіріледі. Эстетикалық гимнастика бойынша жарыстар - жарқын көрініс. Әрбір жарыс бағдарламасы - орасан зор көрініс. Әрбір жарыс бағдарламасы – өзінде спортты, пластиканы, сымбаттылықты, заманәуи хореографияны, командалық рухты және мәнерліті бірліктіретін кішігірім спектакль.

Шынында гимнастиканың осы екі түрінің бірігей шығу тегі бар. Эстетикалық гимнастикада спортшыдан нақты қасиеттер талап етілмейді, сондықтанда бұл спорт түрімен кез келген жаста шұғылдануға болады.

Дене тәрбиесі жүйесінің даму процесінде гимнастиканың міндеттері біртіндеп анықталды және оның түрлері белгіленді: 1) жалпы денені дамыту гимнастикасына-негізгі гимнастика және гигиеналық, т.б. жатады; 2) спорттық бағыттағы гимнастика-спорттық гимнастика, спорттық акробатика және көркем гимнастика; 3) гимнастиканың қолданбалы түрлері-спорттық-қолданбалы, кәсіптік-қолданбалы, емдеу гимнастикасы, т.б. Негізгі гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру және тұрақты етуге бағытталған 

жалпы дене дайындығы, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, организмнің функциялық дәрежесін арттыру (жүрек-қан тамырларының және тыныс алу жүйелерінің) және шынығуын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі гимнастиканың мазмұнына бойды тік ұстап қозғалу, жалпы денені дамытатын және негізгі қозғалыстар кіреді. Жаттығуды орындаған кезде гимнастиканың саймандары мен дене шынықтырудың ұсақ-түйек жабдықтары пайдаланылады. Негізгі гимнастика адам организмнің функциялық процестерін арттыруға, оның дене күшін дамытуға, әр алуан қозғалыс дағдыларын жетілдіруге, дене қасиетін тәр- биелеуге, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда меңгерген қозғалыс әрекеттерін өз бетінше пайдалана білу іскерлігіне, өз мүмкіндіктерін бағалауға, козғалыс іс-әрекетінің негізгі заңдылықтарын танып-білуге, өмір және іс-әрекет үшін жинақтаған білім мен дағдылардың маңызын түсінуге көмектеседі. Гигиеналық гимнастиканың міндеті адам денсаулығын нығайту және сақтау, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, организмнің негізгі жүйелерінің қызметін жетілдіру (тыныс, қан айналыс, зат алмасу процестерін жеделдету). Гигиеналық гимнастиканың құралдары ретінде жалпы денені дамытатын, қолданбалы жаттығулар су процедурасымен, сылау және организмді шынықтырумен ұштастырыла пайдаланылады. Гигиеналық гимнастика барлық жастағы балаларға ұсынылады. Спорттық бағыттағы гимнастиканың негізгі міндеті дененің қалыптасуы мен спорттық шеберліктің жоғары дәрежесіне жету үшін адамды қозғала білу өнерінде жетілдіру болып табылады. Қазіргі заманғы спорттық гимнастиканың классификациялық бағдарламасы бар, оны гимнаст дәйекті түрде меңгереді. Спорттық гимнастика-спорттың олимпиадалық түрі. Спорттық акробатика қимыл-қозғалыс және моральдық-ерік қасиеттерін, күшті, ептілікті, икемділікті дамы­туға көмектеседі, өз денесін ширақ меңгере білуге, ұшқыр сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққа баулиды. Көркем гимнастика қимыл-қозғалысты жетілдіруді көздейді және спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканың негізгі жаттығулары қимыл-қозғалыстың жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнерлілігін меңгеруге көмектесетін музыкамен табиғи байланысты. Көркем гимнастиканың мазмұны сапта тұрып жасайтын, жалпы денені дамытатын жаттығулардан және кейбір негізгі құралдарсыз жасалатын түрлі би комбинацияларынан тұрады. Спорттық-қолданбалы гимнастика арнайы дене тәрбиесі дайындығына, оның дене қасиеттерін дамытуға, олар зерттеп үйренетін спорттың қимыл-қозғалыс әрекеттеріне кіретін жекелеген қимылдарды жетілдіруге бағытталған. Спорттық-қолданбалы гимнастиканың мазмұны белгілі бір спортшы шыңдалып жетілетін спорттың түріне байланысты нақтыланады. Кәсіптік-қолданбалы гимнастика белгілі бір мамандықты меңгеруге көмектесетін қимыл-қозғалыстар дағдысы мен сапасын дамытады, жетілдіреді (биікте жұмыс істейтін монтажшы, шахтер, транспорт жүргізуші және басқалар). Өндірістегі гимнастика адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттыру және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Ол жұмыс күні тәртібіне кіреді: кіріспе гимнастика-жұмыс басталар алдында, ал дене шынықтыру үзілісі (физкульт-пауза)- жұмыс күні процесінде, үзілісте жасалады. Емдеу гимнастикасы емдік дене шынықтыруға жатады және денсаулық пен жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруге бағытталған. Кез келген аурумен сырқаттанған кезде қолданылады, спецификалық емес функциялық терапия құралы болып табылады. Ол жарақат алғаннан және аурудан тәуір болғаннан кейін қимыл-қозғалыс аппаратының қызметін қалпына келтіру үшін, дене бітімінің кемшіліктерін түзету үшін (дене бітімінің әртүрлі өзгерістері) пайдаланылады. Емдеу гимнастикасы жүйке жүйесінің жағдайын және ауру адамның өзін-өзі сезінуін жақсартуға, олардың өмірлік көңіл күйін көтеруге және жағымсыз әсерлерді жоюға бағытталған. Сонымен, гимнастика дене тәрбиесі құралдары мен тәсілдерінің бірі болуымен қатар әртүрлі оқыту-тәрбие 
беру мекемелерінде, емдеу орындарында, кәсіпорындардағы, мекемелердегі, фабрикалардағы, зауыттардағы дербес дене тәрбиесі қимыл-қозғалысында, дене тәрбиесімен жеке айналысу кезінде балаларға, жастар мен ересектерге арналған дене тәрбиесінің бүкіл мемлекеттік бағдарламаларының ажырағысыз бір бөлігін құрайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Гимнастика-арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын,адам денсаулығын нығайту мақсатында жіне оның денесінің үйлесімді даамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер.Қазақстанда гимнастиканың акробатика,көркем гимнастика және спорттық гимнастика жақсы дамыған.Гимнастшылардың халықаралық одағы 1897 жылы ұйымдастырылған.Қазақстан оған 1994 жылдан бастап мүше.Оқушылардың дене тәрбиесінде гимнастика үлкен рөл атқарады.Гимнастика бойынша дене шынықтыру жаттығулары,дене шынықтыру бағдарламасының негізгі бөлімдерін құрайды. Гимнастика-адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ энциклпедиясы

2.Т.С.Лисинская «Көркем гимнастика». Оқулық, 1981

3. Ю.К.Гавердоский, В.М.Смолевский «Спорттық гимнастика». Оқулық,1972