Файл: Келісімшарт ызмет крсету жайлы .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Келісім-шарт

қызмет көрсету жайлы №____


  • Нұр-Сұлтан қаласы «19» қаңтар 2021 жыл


«Конфессияаралық және өркениетаралық  диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары жарғы негізінде әрекет ететін Руслан Кеңесарыұлы Сакеев, бұдан әрі қарай «Тапсырыс беруші» және, бұдан әрі «Орындаушы» әрі қарай бірлесіп «Тараптар» деп аталып, төмендегі келісімдерге келесідей қол қойды:


  1. Шарттың мәні

1.1. Орындаушы тарап Тапсырыс берушінің нұсқауы бойынша әр айдың 25-іне дейін 50 адамнан кем емес келушілер қатысқан кемінде 4 іс-шара/кездесулер өткізу, деструктивті және радикалды діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алу мақсатында ағарту жұмыстарын жүргізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді.

1.2. Орындаушы 1.1. тармағында көрсетілген жұмыстарды өзінің қызмет атқаратын жергілікті жерінде жүргізеді.
2.Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2.1. Орындаушы міндетті:
2.1.1. Қызметтерді тиісті сапада атқаруға.

2.1.2. Қызметтерді толық көлемде орындауға және Тапсырыс беруші бекіткен нысанда уақытылы айына бір рет атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынуға. (қосымша №1)

2.1.3. Орындаушы жұмысты жеке өзі орындауға.
2.2. Тапсырыс беруші міндетті:

2.2.1. Атқарылған жұмысқа осы Келісімнің 3-тармағында көрсетілген бағамен төлеуге.
2.2.2. Орындаушы істеген жұмыстардың барысы мен сапасын әрдайым тексеріп отыруға.

2.2.3. Тапсырушы ар ай сайын ағартушлық жұмысқа қатысты 4 тақырыпты жане тақырыпқа байланысты мазмұнды (мәтінді) ұсынуға.
3. Орындаушы қызметтерінің құны мен төлем тәртібі

3.1. Тапсырыс беруші Орындаушыға осы келісімнің 1.1. тармағында көрсетілген жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін, әр ай сайын салықтарды қоса есептегенде 56 175 (елу алты мың бір жүз жетпіс бес) теңге ақы төлеуге келіседі.

3.2. Тапсырыс беруші Орындаушының есебі қабылданғаннан кейін, 15 жұмыс күн ішінде ақы төлейді.
4. Тараптардың жауапкершілігі

4.1. Осы келісім бойынша бір тарап өз міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, ол екінші тарапқа орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін келтірілген шығынды өтеуге міндетті.

5. Жауапкершіліктен босататын ерекше жағдайлар

5.1. Тарап осы Келісім бойынша міндеттерін жартылай немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл жағдай осы Келісім жасалғаннан кейін болса, яғни Тарап алдын-ала ескере алмайтын немесе ақылға қонымды шаралармен алдын ала алмайтын төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған болса. Бұл төтенше жағдайларға: өрт жалыны, су тасқыны және басқа да табиғи құбылыстар, әскери операциялар, жаппай тәртіпсіздіктер, террористік актілер, мемлекет тарапынан жариялаған карантин жатады.
6. Жариялауға жатпайтын ақпарат

6.1. Орындаушы Келісім бойынша алынған ақпаратты Тапсырыс берушіге тікелей немесе жанама зиян келтіру немесе келісімнің әрекет ету мерзімінде қандай-да бір артықшылықтар мен пайда алу мақсатында пайдаланбауға және кез – келген үшінші тарапқа жарияламауға, бермеуге міндеттенеді.

6.2. Орындаушы 6.1. шарттарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.
7.Төрелік ереже

7.1. Тараптар дауды келіссөздер арқылы шешуге бар күш-жігерін салуы керек.
7.2. Егер дау келіссөздер арқылы шешілмесе, дау «Арбитраж Астана» арбитраждық сотына жіберіледі (БСН 180940018624, Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран к-сі, 7 үй, 1 кеңсе).
8. Келісімнің қолданылуы

8.1. Келісім екі тарап қол қойған күннен бастап күшіне енеді және осы шарт 2021 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды болып табылады.

8.2. Келісімді мерзімінен бұрын бұзудың шарттары:

8.2.1. осы Келісім Тараптардың жазбаша келісімі бойынша кез келген уақытта мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін;

8.2.2. осы Келісім Тараптардың кез келгені заңнамада қарастырылған жағдайларда біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуы мүмкін.

8.2.3. осы Келісімнің талаптарымен шарттарын мерзімінде орындамаған жағдайда, Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша алдын-ала 5 күн ішінде орындаушыны ескертіп, бұзылуы мүмкін.

9. Ерекше жағдайлар

9.1. Осы келісімнің шарттарына барлық өзгертулер мен толықтырулар, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қол қойған Тараптар арасындағы қосымша келісімі арқылы жасалады.

9.2. Келісім бірдей заңды күші бар екі данада, қазақ тілінде жасалды, тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан.


Тапсырыс беруші:


Басқарма 

Төрағасының

орынбасары ___________Сакеев Р.К.


Орындаушы:



Тараптардың заңды мекен-жайлары, деректемелері және қолдары