Файл: ыса мерзімді (саба) жоспары шбрышты трлері (сабаты таырыбы) Блім.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БҚО әкімдігі білім басқармасының сырым ауланы білім беру бөлімінің «Мектеп-лицейі» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Үшбұрыштың түрлері
(сабақтың тақырыбы)
Бөлім: | Үшбұрыштар | |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | Г.С. Кенесарина | |
Күні: | 24.01.2023 жыл | |
Сынып: 7 «А» | Қатысушылар саны: 11 | Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақтың тақырыбы | Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 7.1.1.16. үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу; 7.1.1.17. үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану; 7.1.1.18. үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу; 7.1.1.19. үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану; | |
Сабақтың мақсаты | Оқушылар үшбұрыштың бұрыштарының арасындағы қатынас туралы ұғым қалыптастырады. Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысын табуды, олардың қасиетін үйренеді. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 4 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. -Сәлемдесу; -Оқушыларды түгелдеу; - Слайдта берілген үшбұрыштың шамаларға берілген түрлері суреті арқылы сабақ мақсатын анықтайды, -Оқушыларды сабақтың оқу мақсаттарымен, жұмыс барысымен таныстыру. WordWall арқылы оқушылар топқа бөлініп отырады. -Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Құралдарын шығарып, дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазады | Әр оқушыға бағалау парақшасы таратылады | Презентация |
Сабақтың ортасы 36 минут Сергіту сәті 1 минут | ІІ. Жаңа ұғым «Миға шабуыл» «Сұрақ жауап» әдісі 1. Үшбұрыштар дегеніміз не? 2. Үшбұрыштың негізгі элементтері 3. Үшбұрыштың түрлерін ата 4. Үшбұрыштың ішкі бұрышы дегеніміз не, нешеу? 5. Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты түрлері 6. Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларына байланысты түрлері Топтық жұмыс І 1. Бұрыштары 1) 45°, 35°, 110° 2) 70°, 60°, 50° 3) 90°, 60°, 45° 4) 55°, 45°, 60° болатын үшбұрыштар бола ма? 2.Берілген екі бұрыш бойынша үшбұрыштың үшінші бұрышын табыңдар:
3. Үшбұрыштың бір бұрышы кіншісінен 45° кіші, ал үшіншісінен 15° артық. Үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар. ІІ 1 АВС үшбұрышында ∠А+∠В=110° және ∠В+∠С=120°. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңдар. 2. Үшбұрыштың бұрыштары шамаларының қатынасы 5:7, ал үшінші бұрышы қалған екі бұрыштың кішісінен 44° артық. Үшбұрыштың үшінші бұрышын табыңдар. ІІІ Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларының қатынасы 4:2:3. Оның барлық бұрыштарын табыңдар. Парталассыныптастарыңменүшіншідеңгейесебіншығарыңдар ІІІ. Сыныппен жұмыс. Қатесі бар геометриялық диктант 1 Үшбұрыштың үш төбесі, үш қабырғасы, үш бұрышы бар. 2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180 градусқа тең . 3. Сыбайлас бұрыштар өзара тең болады. 4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градусқа тең . 5. Үшбұрышта екі тік бұрыш болады. 6. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары тең болады. 7. Үшбұрышта екі доғал бұрыш болады 8. Үшбұрышта бір бұрышы тік, екінші бұрыш доғал болады 9. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екі бұрышының қосындысына тең болады. 10. Үшбұрышта бір бұрышы 100 , екінші бұрыш – 120 болады Шаршағанды басатын сергіту сәтін ұйымдастыру IV.Жұптық жұмыс Сөзжұмбақ шешу Сұрақтары: 1. Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі? (бұрыш) 2. Үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді? (медиана) 3. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір) 4. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома) 5. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын қалай атаймыз? (Периметр) 6. Бір бұрышы тік болатын үшбұрыш? (тікбұрышты) 7. Бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса) 1 Б ұ р ы ш 2 м е д И а н а 3 с ү й І р 4 а К с и о м а 5 п е р и м е Т р 6 т І к б ұ р ы ш т ы 7 б и с с е К т р и с а Үшбұрыштың биіктігі дегеніміз не? Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр кесіндіні оның биіктігі деп атайды. Ү. Қорытынды бекіту тесті: Qalan.kz платформасында тест орындау. 1. Доғал бұрышты үшбұрыштың неше сүйір бұрышы болады? А) 1 в) 2 с) 3 2. АВС үшбұрышында <А=32, <С =125, В бұрышы неге тең? А) 157 в) 32 с) 23 3. Үшбұрыштың екі тік бұрышы болуы мүмкін бе? А) мүмкін в) мүмкін емес с) дұрыс жауабы жоқ 4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы доғал бола ма? А) болады в) болмайды с) дұрыс жауабы жоқ 5. Тең қабырғалы үшбұрыштың әрбір бұрышы неше градустан? А) 45 в) 50 с) 60 6. Үшбұрыштың доғал бұрышы және тік бұрышы болуы мүмкін бе? А) мүмкін в) мүмкін емес с) дұрыс жауабы жоқ 7. Тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштары неше градустан? А) 90,45,45, в) 90,40,50 с) 90, 40, 40 Жауаптары 1 – в; 2 – с ; 3 – в; 4 – в; 5 – с; 6 – в; 7 – а. | Bilimland.kz платформасынан бейне көрсету Оқушылар топтық жұмысты бірлесіп орындайды. . Тапсырманы мұғалім нұсқауына сүйене отырып орындайды. Оқушылар диалогқа қатысып, бірін бірінің қатесін ғана таппай, біріне бірі көмектеседі, түсіндіреді. Оқушылар жұптасып орындайды Бағалау парағына жазады. Qalan.kz платформасында оқушылар тест орындайды. Нәтижесі экран бетінде көрінеді | Мұғалімнің ауызша мадақтауы орындарында отырып оқушылар өзара бағалайды. Мадақтау, толықтыру жасау Мадақтау. | |
| ||||
Сабақтың соңы 4 минут | Сабақ соңында рефлексия жүргіземін. «Сөйлемді жалғастыр»
… маған қызық болды? | (дәптерге жазады). Бүгінгі сабақта... білдім … үйрендім … қиындықт туындады … әлі де жұмыстануым керек … маған қызық болды? Ү. Үйге тапсырма. Әр оқушы бір есептен 1. Qalan.kz платформасынан 2. Перзентацияны үйде қайтадан қарау. | Екі жұлдыз бір тілек әдісі бойынша 3-4 оқушыдан жазға-нын оқып талдау | Презентация, оқулық |