Файл: Байыту фабрикасы туралы негізгі мліметтер кен байыту .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 327
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР
-
Кеннің сипаттамасы
3, ал үйінді тығыздығы 1,55 т / м3 құрайды.Ашық өндірілетін кен сорттарға бөлінеді:- сульфидті – құрамындағы тотық мөлшері 12,5% дейін;- аралас - құрамындағы тотық мөлшері 12,5-20,0% ;- тотыққан - құрамындағы тотық мөлшері 20,0% -дан асатын.1-кесте - Кеннің химиялық құрамы
| Элементтер мен қосылыстардың атауы | Элементтер мен қосылыстардың құрамы, пайызбен | |||
| жерасты сульфидті мыс кені | ашық өндірілген сульфидті мыс кені | аралас мыс кені | тотыққан мыс кені | |
| Мыс | 0,30 – 1,30 | 0,20 – 0,80 | 0,70 | 0,9 – 1,5 |
| Қорғасын | 0,03 – 0,10 | 0,03 – 0,10 | - | - |
| Мырыш | 0,02 – 0,13 | 0,02 – 0,13 | - | - |
| Темір | 2,40 – 4,00 | 2,40 – 4,00 | 1,80 | 2,0 |
| Күкірт | 0,20 – 0,50 | 0,20 – 0,50 | 1,30 | 0,3 |
| Кремнезем | 66,50 – 70,90 | 67,80 – 69,20 | 70,70 | 71,3 |
| Алюминий тотығы | 11,00 – 13,90 | 12,60 – 14,70 | 14,00 | 12,9 |
| Магний тотығы | 1,38 – 1,76 | 1,10 – 1,50 | 0,70 | 0,5 |
| Кальций тотығы | 4,00 – 7,00 | 3,90 – 4,70 | 2,60 | 1,5 |
Қоспалар: мышьяк (1 ÷ 3 × 10-5)%; селен 1 × 10-4%; темір (3 ÷ 7 × 10-3)%; қорғасын 1 × 10-3; натрий оксиді - 5 × 10-5%; хлор - 1 × 10-4%.Жерасты сульфидті мыс кеніНегізгі кен минералдары: борнит - (35-40)%, халькозин - (30-35)%, халькопирит - (10-15)%.Металл емес материалдар: кварц, дала шпаттары, карбонаттар, хлорит, серицит, сазды заттар.0,20 мм, 0,15 мм, 0,10 мм кластарында кен минералдары негізінен жымдасқан түрде (в сростках) кездеседі. Бұл кластардағы мыс мөлшері 0,65% -дан 0,70% -ға дейін.0,071 мм плюс класында кен минералдарының жартысы жымдасқан, қосынды түрінде, ал жартысы еркін күйде болады. Жымдасқан сульфидті түйіршіктердің мөлшері шамамен 0,01 мм құрайды. Жымдасудан басқа, кен минералдары тау жыныстарында қосылып және сіңдіріліп кездеседі.Сульфидті мыс кеніКен және металл емес минералдар жер асты өндірісінің сульфидті кендерімен бірдей, бірақ халькозин (50% -дан 60% -ға дейін), борит (20% -дан 24% -ға дейін), халькопирит (5% -дан 9% -ға дейін) басым. Сонымен қатар, куприт және ковеллин бар. Мыстың тотыққан минералдары: малахит және азурит кездеседі. Металл емес заттардың ішінде сланецтер, карбонаттар және саз заттар көп.Аралас мыс кеніАралас мыс кені сульфидті кендермен бірге алынады. Минералдануы орташа түйіршікті құмдақтармен берілген (көбінесе каолинделген) және халькозиннің майда ірілікте болуы, борниттің сирек таралуы, сонымен қатар мыс тотыққан минералдардың жағындыларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, тотыққан мыс минералдары құмтас цементінің сіңдірілуін құрайды. Ірі кластарда тау жыныстарындағы минералдардың жымдасуы мен қосылыстары басым болады. Малахит, хризоколла және ковеллиндер белгіленген (негізгі мыс минералдарынан басқа). Минус 0,071 мм класта сульфидтердің жартысынан көбі еркін күйде болады. Металл емес минералдардың көп бөлігінде сульфид қосындылары болады.Тотыққан мыс кеніТотыққан кендердің минералогиялық құрамы негізінен малахит, азурит және мыс сульфаттарынан, ал жеке кен орындарында хризоколаның едәуір мөлшерінен тұрады.
-
Байыту фабрикасында қолданылатын пайдалы қазбаларды өңдеу процестері мен әдістері.
Байытудың негізгі процестері пайдалы қазбалар концентратқа және бос жыныстар қалдыққа бөлінетін физикалық және физика-химиялық процестері болып табылады. Көмекші процестер – байыту өнімдірін сусыздандыру, яғни олардағы ылғал мөлшерін белгілі нормаға келтіру процестері: қойылту, сүзу, кептіру.ҰсатуҰсату дегеніміз - сыртқы механикалық күштердің әсерінен кесек, минералды шикізатты жаншу, бөлшектеу, соққылау немесе олардың комбинациясы арқылы белгілі бір ірілікке дейін жеткізу.Байыту фабрикаларында кен ұсату үшін қолданылатын машиналарды ұсатқыштар деп атайды.ЕлеуЕлеу — әртүрлі кесекті не түйіршікті материалды елеу беттері арқылы өткізіп, екі не бірнеше ірілікті кластарға бөлу процесі.Байыту фабрикаларында елеу процесі арнайы қондырғыларда – елеуіштерде (грохот) жүргізіледі.ҰнтақтауМайда ұсатылған кен әрі қарай ұнтақтау процесіне түседі. Ұнтақтау процесінде кен қажетті ірілікке дейін ұнтақталады. Ұнтақтау процесі екі не үш сатылы схемада жүргізіледі.ЖіктеуЖіктеу (классификация) – минерал түйіршіктерінің суда (не ауада) шөгу жылдамдықтарына қарай әр түрлі ірілік кластарға бөлінуі. Яғни ұнтақтау процесінен кейін пульпаны екі өнімге: ағызынды және құмға бөлу үшін қолданылады. Флотациялық байыту әдісіФлотациялық процестер деп минералдардың фазааралық бетте әртүрлі бекінуі қабілетіне негізделген бөлу процесін айтады. Флотациялық байыту процесі флотациялық машиналарда жүргізіледі.Гравитациялық байыту әдісіГравитациялық байыту әртүрлі пайдалы қазбаларды өңдеудің кең тараған әдістерінің бірі. Байытудың гравитациялық әдістері минералды дәндердің ауырлық және кедергі күштерінің әсерінен ортада қозғалу жылдамдығының әртүрлілігіне негізделген, бұл дәндердің тығыздығы мен ірілігінің әртүрлілігімен түсіндіріледі.Байытудың магниттік әдістеріМагниттік байыту қара және сирек металл кендерінің бөлінетін компоненттерінің әртүрлі қасиеттеріне негізделген. Байытудың магниттік әдістері бөлінетін минералдардың магниттік қасиеттерінің әртүрлілігіне, негізінен олардың магниттік сезгіштігінің әртүрлілігіне негізделген.Байытудың электрлік әдістері Электрлік байыту минералдардың электрлік қасиеттерінің әртүрлілігіне негізделген. Мұндай қасиеттерге: электроөткізгіштік, диэлектрлік өткізгіштік, трибоөткізгіштік, потенциалды, пироэлектрлік әсер, пьезоэлектрлік әсер.Электрлік байыту
электрлік сепараторларда жүргізіледі.Көмекші процестерҚойылту - ауырлық күші мен ортадан тепкіш күштердің әсерінен пульпада қатты бөлшектерді тұндыру. Қоюлау процесі қоюландырғыштарда (сгуститель) жүргізіледі.Сүзу - вакуумнан немесе артық ауа қысымынан туындаған қысым айырмашылығының әсерімен пульпаның сұйық және қатты фазаларын бөлу процесі. Сүзу – сүзүіштерде (вакуум-фильтр) жүргізіледі.Кептіру – ылғалды материалды қыздыру кезінде оның құрамындағы судың булануына негізделген құрғату процесі.Байыту процестерінің жіктелуі 1-суретте көрсетілген. 1-сурет. Байыту процестерінің жіктелуі.Байыту өнімдері• Концентрат дегеніміз - шикізатпен салыстырғанда пайдалы компоненттің мөлшері көп байыту өнімдері.• Қалдық деп негізінен бос жыныс минералдарынан тұратын және пайдалы компоненттер аз мөлшерде болатын байыту өнімі аталады, оларды байыту кейбір жағдайларда іс жүзінде және технологиялық тұрғыда мүмкін емес.• Пайдалы қоспалар дегеніміз - минералдарда аз мөлшерде болатын элементтер, олар негізгі металмен бірге өндірілетіндіктен оларды байыту экономикалық тұрғыдан мүмкін болады.• Аралық өнім - байыту өнімі, онда бағалы минералдың мөлшері концентраттан төмен, бірақ қалдыққа қарағанда жоғары. Аралық өнім одан әрі өңделеді.1.2.1 Дайындау процестеріҰсатуҰсақтау - кенді байыту алдында онын ірі кесектерін белгілі мөлшерге дейін ұсату үшін жүргізіледі. Егер кен ұсақ сеппелі болса,тиісінше ұнтақтау алдында ұсату 8 - 10 мм-ге дейін жеткізіледі. Ірілігіне қарай ірілеп ұсату, орташа ұсату және ұсақ ұсату сатыларына бөлінеді. Ұсату арнаулы аппараттарда - ұсатқыштарда соғу, жару және жаншу жолдарымен жүргізіледі.Ұсақтау үш сатыда жүреді:
-
ірі ұсақтау 1000-1500-ден 250мм-ге дейін; -
орташа ұсақтау 250-ден 50-60мм-ге дейін; -
майда ұсақтау 60мм-тен 5-6мм-ге дейін.