Файл: ТАырыпты Оу дістемелік рал.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 156

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ТАҚЫРЫПТЫҚ Оқу- әдістемелік құрал

Пәні: «Мейіргер ісі негіздері»

Тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейірбикелік үрдіс

Мамандығы: «Мейіргерлік іс»

Біліктілігі: «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»

Құрастырған: Алсейтова Ж.С.

Астана 2023 ж.
Тақырыптық оқу- әдістемелік құралдың мазмұны

  1. Жұмыс оқу бағдарламасынан үзінді .......................................................................... 4 бет

  2. Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары........................................................................ 5 бет

  3. Тақырыптың негізгі сұрақтары, дәрістің мазмұны,дәріс.......................................... 8 бет

  4. Стандартты операциялық рәсімдер, стандарттар...................................................... 20 бет

  5. Тапсырмалар.................................................................................................................. 31 бет

  6. Тест тапсырмалары....................................................................................................... 31 бет

  7. Тест жауаптары.............................................................................................................. 34 бет

  8. Тақырыптық тізім.......................................................................................................... 35 бет

  9. Қолданылған әдебиеттер............................................................................................... 35 бет

  10. Ребустар........................................................................................................................... 35 бет

  11. Сөзжұмбақ....................................................................................................................... 37 бет

  12. Адасқан әріптер............................................................................................................... 38 бет

  13. Кластерлер....................................................................................................................... 39 бет

  14. Презентация, бейнетаспалар ( қосымша 2 папкада)


Жұмыс бағдарламаСЫнАН үзінді




Тақырып-тың аты


Бар-

лық

сағат

саны


Білуі тиіс


Істей білу тиіс


Ресурс-тар



Қолданылған

әдебиеттер

1

Тақырып 4.8

Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс

6

Зәр шығару жүйесінің бұзылуының көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия. Зәр шығару жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Қуықты катетерлеу түсінігі. Емшараны өткізу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

БҚ-2.2; БҚ-3.1;



«Зәржинағыш және дәрет ыдысын беру техникасын»,«.Жеке гигиенаны және шат аралық теріні тазалау техникасын» «Әйелдерде және ер адамдарда қуықты катетерлеу техникасын» стандартқа сәйкес бұлжытпай орындау

- ҚР ДС 23.04.2013ж. № 111

-ҚР ДС 31..05.2017ж.№357

КҚ-2.3; КҚ-3.1;КҚ-3.3;


Тақырып-тық тізім №19.

Оқулықтар:

«Медбикелік дағдылар»

Қаныбеков А. Жахметов Е.Г.

Ячменов Е.Г.

Қаныбекова М.Г. Алматы, 2016 ж.

77-84 бет;

«Мейіргердің манипуляция-лық әрекетінің алгоритмдері»

Л.М.Адилова

2016ж.

121-122 бет;



Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары №24- 270 мин
Пәні: АП 01 Мейіргер ісі негіздері

Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»

Күні: Тобы:

_______________ ________________

_______________ ________________
Сабақтың тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»

Сабақтың түрі: тәжірибелік аралас сабақ

А) оқыту түрі : топтық, ұжымдық, жекелік

Ә) оқыту әдісі: Дидактикалық және ойын түрінде оқыту, «Миға шабуыл»; «БББ кестесі»; «ыстық орындық»; кері байланыс; көрнекілік және репродуктивті;

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Зәр шығару жүйесінің бұзылуының көріністерін білу, меңгеру: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия. Зәр шығару жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктерін, мейіргерлік тексеру әдістері және тәуелсіз араласуды; Пацинттердің толық ақпарат жинақтауды білу: субъективті (Anamnesis morbi ,anamnesis vitae, аллергологиялық анамнез, жалпы биографиялық мәліметтер, еңбек жағдайы, зиянды әдеттері ) объектівті тексеруді білу (status praesens) қарау кезіндегі мәліметтер: жалпы жағдайы, иесі, науқастың төсектегі қалпы,терісі, шырышты қабаттары, сана сезімі, жалпы дене бетімі; содан кейін қазіргі, приоритетті, потенциалды қажеттіліктерін анықтауды, мейіргерлік болжамды диагноз және ұзақ , қысқа мерзімді мақсатқа сай тәуелді,тәуелсіз, аралас көмек бойынша жоспарды құрастырып науқастарға сапалы күтім жүргізуді үйрету.

Түсініктерді меңгеру, оқу- машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т.б. алынған білімді практикада қолдана білу; БҚ- 1

Дамытушылық: КҚ-2.3; КҚ-3.1

Тәрбиелік: БҚ- 2.2;

Пәнаралық байланыс: «Латын тілі», «Фармакология негіздері», «Қалыпты анатомия», «Қалыпты физиология», «Ішкі аурулар пропедевтикасы», «Психология негіздері», «Жұқпалы аурулары», «Микробиология», «Жалпы хирургия»;

Пәнішілік байланыс: өтілген тақырыптар :«Медициналық мекемелердегі санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп»; «Зарарсыздандыру. Түрлері, әдістері, заттары. Медициналық қалдықтарды жинау, зиянсыздандыру және сақтау»; «Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері, заттары. Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері»; Мейіргерлік үрдіс. Мейіргерлік күтімін ұйымдастыру мен орындаудын ғылыми әдісі».

Сабақтың жабдықталуы: тақырыптық тізімі



Сабақ өтілетін орын: оқу бөлмесі.

1. Ұйымдастырушылық кезең5 минут: Сәлемдесу. Оқытушы кабинеттің және білім алушылардың сабаққа дайындығын, медициналық халаттары мен қалпақтарының барлығын тексер. Журналға сабақта жоқ білім алушыларды белгілеу. Білім алушыларды сабақтың мақсаттарын және жоспарларымен таныстыру. Болашақ мейіргерлерге осы оқитын тақырыптың манызды екендігін ескертіп олардың назарын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру – 40 мин.

Сұрақтары:

- Клизманың қандай түрлері бар?

- Клизма қою мақсаттары қандай?

- Тазарту және сифон клизмаларын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері қандай?

- Мейіргер мен пациентті емшараға қалай дайындаймыз?

- Тазарту және сифон клизмаларын өткізу техникасын көрсетіңіз.

- Майлы, гиперто­ниялық клизмаларды қоюдың мақсаты қандай?

- Дәрілік клизмаларын қоюдың қандай көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері бар?

- Науқасты емшараға дайындау ерекшеліктері қандай?

- Майлы, гиперто­никалы, сифонды клизмалардың іс-әрекет алгоритмдерін көрсетіңіз?!

- Қолданылған жабдықтарды өндеуден өткізу ерекшеліктері қандай?

3. Тәжірибелік іс-әрекеттердің орындалу техникасын түсіндіру және көрсету - 45 мин.

Оқытушы білім алушыларға тақырыпты түсіндіреді және көрсетеді:

1. Зәр шығару жүйесінің бұзылуының көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия.

2. Зәр шығару жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері.

3. Мейіргерлік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.

4. Қуықты катетерлеу түсінігі.

5. Мейіргер мен пациентті емшараға дайындау.

6. Емшараны өткізу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

7. Емдік және диагностикалық мақсатпен әйел және ер адамдарда қуығына катетеризация жүргізу техникасы.

8. Зәржинағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз ету.

9. Жеке гигиенаны және шат аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету.

10. Қолданылған жабдықтарды өндеуден өткізу

4. Студенттің өзіндік жұмысы өткізу бойынша нұсқау беру - 5 мин.

-білім алушыларға жұмыс орнын, күтім заттарын және медициналық құралдарды даярлау, қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін түсіндіреді;

-әрбір білім алушының меңгеретін тапсырма тізімдерімен таныстырады;

-манипуляцияны орындау іс-әрекеттері бойынша әрбір білім алушыларды стандарттармен қамтамасыз етеді ;

-әрбір білім алушыға берілген практикалық стандартқа сәйкес, барлық практикалық дағдыларды автоматтандыруға дейін жұмыс істеуге білім алушының көңілін аударады;


-орындалатын жұмысқа олардың байсалды көз қараспен қарауын талап етеді;

-күнделікпен жұмыс істеуге кепілдеме береді;

-білім алушыларға өз бетімен орындайтын жұмыс істеу уақытын және көлемін мәлімдейді

5. Өз бетімен жұмыс істеу– 120 минут

-(Күнделік толтыру)

-Оқытушының жетекшілігімен білім алушылар аз топтарға бөлініп келесі тапсырмаларды орындайды:

-стандарт бойынша практикалық дағдыларды автоматтандыруға дейін бірнеше рет қайталап, -дәлмедәл, істін реттілігін есептей отырып істейді, үйренген іс-әрекеттерді қолдана отырып манипуляцияларды орындайды, дәрігер-мейіргер-пациент және мейіргер-пациент-пациенттің туыстары рольдік түрде студенттер берілген уақытын өткізеді, күнделіктерін толтырады

Оқытушы:

-білім алушылардың жұмысын бақылайды, өз уақытымен қателіктерін жояды;

-білім алушының жіберген қателерін дұрыстап, оларды дұрыс әдіске үйретіп, оқу процесін басқарып отырады;

-манипуляцияның орындалу дұрыстығын бақылап, нашар білім алушыны жеке үйретіп, әрбір білім алушының дағдыларды дұрыс орындауына жеткізеді;

6.Сабақты бекіту- 40 минут

Сұрақтар:

- Зәр шығару жүйесінің бұзылуының клиникалық көріністерін атап өтіңіз?!

- Зәр шығару жүйесінің бұзылуы кезінде науқасқа күтім көрсету ерекшеліктері қандай?

- Мейіргерлік диагноз қою ерекшеліктері қандай?

- Мейіргерлік тексеру әдістерін атаңыз?!

- Зәр шығару жүйесі бұзылған кезде қандай тәуелсіз мейіргерлік араласулар жүргізеді?

- Қуыққа катетер енгізудің қанадй көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері бар?

- Ерлерге және әйелдерге қуыққа катетер енгізудің техникасын көрсетіңіз?!

- Қуықты жуудың мақсаты қандай?

Тақырыпқа сай және өтілген тақырыптар бойынша жағдаяттық тапсырмаларды орындау

7. Сабаққа қорытындылауды өткізу 10 минут

-сабаққа талдау жүргізеді, сабақтың мақсатына жеткендігін хабарлайды

студенттердің жауаптарын бес балдық жүйемен бағалайды, бағалауға байланысты ұсыныстарды береді:

-әрбір білім алушының жетістіктері мен көрсете алмаған іс-әрекеттерін белгілейді;

-тақырып бойынша, материалды түсінгенін анықтап, білім алушылардың сұрақтарына

- жауап береді;

-тақырып бойынша дағдыларды игерудің қорытындысын айтады;

-білім алушылардың күнделіктерін толтыруын тексереді;

8. Үйге тапсырма беру– 5 минут

Тақырып: «Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»


Оқулықтар:«Медбикелік дағдылар» Қаныбеков А. Жахметов Е. Г.Ячменов Е.Г.Қаныбекова М.Г. Алматы, 2016 ж.77-84 бет; «Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритмдері» Л.М.Адилова

2016ж.121-122 бет; https://lektsii.org/13-54002.html ,https://studopedia.org/13-109721.html

https://www.youtube.com/watch?v=9hzUQc933Kk

https://www.youtube.com/watch?v=JJkxRr1SOs8

Тақырып № 24 «Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»
Оқытудың міндеттері:

1. Зәр бөліну мүшелерінің ауруымен ауыратын науқастарға күтімді орындағанда этика және деонтология білімдерін қолдануды;

2. Зәр шығару жүйесінің бұзылуының көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия. Зәр шығару жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Зәр бөліну жүйелері патологиясының негізгі белгілерін меңгеруді (бел аймағы ауыруы, шыққан зәрдің саны мен сапасының өзгеруі, зәр шығудың бұзылуын);

3. «Диурез», «тәуліктік диурез», «дизурия» түсініктерін меңгеруді;

4. Жедел зәр тоқтап қалу еріксіз зәрдің бөліну белгілерін және дәрігерге дейінгі көмекті көрсету және осы патологияларда науқасқа көрсетілетін күтім ережелерін.

.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Зәр шығару жүйесінің бұзылуының қандай белгілері бар?

2. Зәрдің жіті тоқтап қалуы кезінде қандай мейіргерлік көмек ұйымдастырылады?

3. Бүйрек шаншуы кезінде қандай мейіргелік тәуелді және тәуелсіз көмек көрсетіледі?

3. Зәрді ұстай алмауында мейіргерлік кірісулер.

4. Дизуриялық көріністер дегеніміз не?
Дәріс мазмұны:

І. Зәр шығару жүйесінің клиникалық белгілері.

ІІ. Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік кірісулер.

ІІІ. Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс.

ІV. Стандартты операциялық рәсімдер.
Зәр шығарушы жүйесінің қызметі бұзылған кездегі клиникалық көріністер:


  • зәрдің жіті тоқтап қалуы;

  • зәрді ұстай алмауы;

  • бүйрек шаншуы;

  • ісіктер;

  • дизуриялық көріністер:

полиурия;

анурия;

олигурия;

гематурия;

поллакиурия;

дене қышуы;

терінің құрғауы;

Зәрдің жіті тоқтап қалуызәрдің зәрдің мүлдем бөлінбеуі;
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):

1.Дәрігерге хабарлау

2.Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді босату, таза ауамен қамтамасыз ету

3.Бетіне және кеудесіне салқын су шашу