Файл: Дріс 1 аза деби тілі тарихыны теориялы мселелері Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәріс № 1
Қазақ әдеби тілі тарихының теориялық мәселелері
Мақсаты: Қазақ әдеби тілінің теориялық мәселелерімен, басты ұғымдары, анықтамаларымен танысу.
Жоспар:
1.Қазақ әдеби тілі тарихының пәні, басты ұғымдары, қалыптасуы
2.Әдеби тілдің проблемалық мәселелері
Қазақ тіл білімінің ғылым саласы ретінде қалыптасу кезеңі А.Байтұрсынұлы заманынан қаз тұра бастағаны белгілі. Сол кездің өзінде-ақ, "Қазақ" газеті және өзге де басылымдар бетінде "жобалы оқу" жүйесін жасау міндет екені баса айтылды. Кейін қазақ тіл білімінің к-рнекті өкілдері қажетті оқу құралдары мен оқулықтар шығарып, алфавитке қатысты ірі шараларды іске асыруға, емлені реттеуге атсалысты. А.Байтұрсынұлы мәселе етіп көтерген жобалы окудың қазақ әдеби тілі және оның нормаларымен сабақтастығы сезіліп тұрады. Ал одан сәл беріректегі қазақ ғалымдарының аса көрнекті шоғыры қазақ тіл білімі салаларын ғылыми тұрғыдан тұңғыш әрі арнайы зерттеу бақытына ие болды. Осы шоғырдың өкілдері С. Аманжолов, ҚЖұбанов, Н.Сауранбаев, т.б. ғалымдар қазақ әдеби тілінің теориялық негізінің қалануына ұйтқы болды.
Әдеби тіл мәселесінің өзектілігі тек тілші-ғалымдар қауымын ғана толғандырып қоймады. Әдеби тілдің түрлі мәселелеріне байланысты М.Әуезов, С.Мұқанов бастаған жазушылар өз ойларын ортаға салып, талқылауға, пікірталаска қызу араласты, осылайша бүкіл қазақ ғалымдарының жан-жақты әрі белсенді араласуы нәтижесіңде қазақ тілі тарихының бір саласы қазақ әдеби тілінің тарихы дүниеге келді
Қазақ тілінің тарихы екі үлкен арнаға бөлінеді:
а) қазақ тілінің тарихи грамматикасы;
ә) қазақ әдеби тілінің тарихы.
Қазақ тілінің тарихын танытатын тіл саласына диалектология да жатады. Өйткені өркениеттің белгілері өмірге әркүн араласқанға дейін анық, айқын көрініс беретін, ал өркениет канат жайғанда әрісі тарыла түсетін, құрамыңда көнеден қалған түрлі тілдік қалдықтар кездесетін диалектілер тілдің тарихын қазбалай түсу үшін таптырмайтын тілдік дәректер болып саналады. Өркениетке аяқ басқан елде диалектілердің қатары
кеміп, саны азая түседі, себебі, жазудың құқығы артумен бірге оқу орындарының қызметі жанданады, жалпыға түсінікті, ортақ тілмен халыққа қызмет ететін бұқаралық ақпарат құралдары (аудио-видео, аудио-визуалды түрләрі) іске қосылады, ғылым мен техника жаңалықтары өмірге деңдеп енеді - мұның бәрі де әдеби тілдің өміршеңдігін арттыра береді, сөйтіп әдеби тіл диалектілік әрекшеліктерді ығыстыра бастайды. Өйткені өркениеттің атрибуттары жергілікті жерге (аудан, ауыл) емес, бүкіл халыққа қызмет ететіндіктен, бүкіл халықка түсінікті тілді қолдануы міндетті. Ал өркениетті елдің кез келгенінде ондай тіл әдеби тіл болып табылады.
1950-60 жылдары қазақ әдеби тілі деген термин тіл білімі үшін жаңа құбылыс еді. Тіпті бүгінгі таңда да жоғары оқу орыңдарыңда оқытылатын "Қазақ әдеби тілінің тарихы" пәні жас пәндердің қатарына жатады. Зерттелуі кеш қолға алынуы себепті бұл пәнді оқытуда қолданылатын әдістемелік құралдар қазірде де аз. Ал дамып бара жатқан динамикалық тілдің болашағын, қазақ тілінің келешегі мен сапасын болжап-бағамдау осы пәнді жетік әрі толық игерумен, тарихын тәрең білумен тығыз байланысты.
Әдеби тіл - қазақ тілінің өмір сүруінің ең жоғарғы формасы. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуы қоғам өмірімен сабақтастықта өрістейді. Қазақ халқының өміріңдегі, қазақ қоғамындағы кез келген өзгерістер мен ірі тарихи-саяси оқиғалар ұлт тілінің даму бағытына ықпалын тигізіп келгені сабақтастықтың көрінісі болса, бұл процесс әдеби тілдің даму кезеңдерін белгілеуге бұдан былай да есәр ете береді, себебі әдеби тілдің өзі сыртқы әсерлер мен әлеуметтік жағдайларға көп жағдайда тәуелді.
Кез келген ғылым саласы сияқты казақ әдеби тілінің ғылыми қауымда пікірталас тудырып жүрген проблемалары жеткілікті. Әдеби тіл және оған қатысты теориялық мәселелер күні бұгінге дейін шешімін толық таппай келе жатқан біраз күрделілігімен көзге түседі. Оларға:
1. Әдеби тіл туралы концепцияның бірізді болмауы (жазумен байланыстылығы);
І. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері жөніндегі пікірлердің әр түрлі болуы, тарихи кездері мен арналарын белгілеудегі пікірталастардың орын алуы тіл соның бір тармағы ғана екендігін пайымдай келе: "Шын мағынасындағы әдеби тілмен салыстырғанда жалпыхалықтық қарапайым тіл көркемдік, стильдік, дәлдік, оралымдық
жағынан сұрыпталмаған, шыңдалып жетілмеген, олпы-солпы жақтары көп тіл", - деп кәрсетеді (Н.Сауранбаев. "Қазақ тілінің проблемалары"). Ал әдеби тілді әрекшелеуге келгенде: "Ал әдеби тілдің белгілерінің бірі, онда сөйлеу тілінде не "кітаби тілде" болмайтын, кездеспейтін қасиеттердің болуы, яғни көркем сөз шеберлері мен өнерлі сөз иелерінің қаламынан туындағаныны" болып тұр,- дейді (Сонда).
Әдеби тілдің де жалпыхалықтық сипаты бар, бірақ әдеби тілдің жалпыхалықтық сипаты халық, қоғам өмірінің барлық салаларыңда қолданылуында, халықтың сан алуан тілегін қанағаттандыруға қызмет етуінде. Яғни, әдеби тіл – қоғам өмірінің барлық деңгейіне қызмет етіп, қажеттілікті өтейтін сапасы да, салмағы да жалпыхалықтық тілден де, тілдің басқа түрлерінен де бөлек тіл.
Жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілдің арақатынасы туралы "XX ғасырдағы әдеби тіл" кітабының авторлары әдеби тілдің жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ғана екендігін айта келіп: "...әдеби тілдің жалпыхалыктық тілмен қарым-қатынасы, одан алатын орны, әр кез, әр кезеңде бірдей, біркелкі болмақ емес, өзгеріп, дамып, құбылып та отырады", – дейді (22-б.). Үнемі даму мен жетілу үстіндегі әдеби тілдің қасиеттәрі мен белгіләрі:
♦ жалпыхалыктық тілдің негізінде пайда болып, объективті себептердің ықпал етуі барысыңда нығая түсетін, өркениетпен бірге өсіп-өркеңдейтін;
♦ әдеби тілге қатысты қалыптасқан қағидалардың талаптарына жауап беретін;
♦ бірқалыпта тұрып қалмай өзгеріп отыратын, кезеңдік сипатты белгілері бар, бірақ, кейбір тілдік элементтер мен тілдік конструкциялардың сұрыпталып барып, жүйеленуі барысында талғаммен қолданылуын қажет ететін;
♦ белгілі бір нормалар жиынтығына сай келетін;
♦ ауызекі сөйлеу тіліне қарама-қарсы қою арқылы салыстырылатын, танылатын;
♦ диалектіден жоғары тұратын;
♦ функционалдық стильдік тармақтарының саны дамыған сатысына дейін әр кезенде әр түрлі болып келетін;
♦ қоғам өзгерісімен аса тығыз байланысты, соған орай сөздік қорындағы перифериялық және өзек (ядролық) бірліктері үнемі қозғалыста болып, орындары ауысып отыратын дүниежүзі тілдерінің әлемдік бейнесіндегі өзгерістер әсерін қабылдайтын;
♦ тіл тазалығы үшін тілдің ішкі және сыртқы мүмкіңдіктерін пайдалана отырып үнемі күресетін;
♦ қоғамның қажетін (барлық сфераларыңдағы) толығымен өтейтін тіл.
Әдеби тілдің осы белгілерін "Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері" (Алматы,1968) монографиясыньң авторлары былайша көрсетуге тырысқан: "Ол халықтың қоғамдық, әлеуметтік өміріне, саяси-экономикалық жағдайына байланысты туып, қалыптасып, кемелденіп отырады. Бірін-бірі ауыстырьп, бірақ бірі екіншісімен үздіксіз жалғасып, сабақтасып жататын әдеби тілдер сырттай біртұтас, бүтін құбылыс болып көрінгенімен, олардың нақты тарихи болмысы уақыт, жағдай және кеңістік факторлармен шарттас келетін үзіктерден әр алуан шамадағы тілдесу үлгілерінен тұрады" (6-б.).
Әдеби тілді тек жазумен байланыстыру керек екендігін (әдеби тіл әр елдің қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси-экономикалық жагдайына байланысты пайда болады деген тұжырымның астарында өркениеттің әсері деген ұғым бар, яғни мұның бәрінде өркениеттің белгілері жатыр, ал өркениет жазуды да тудырады — Б.М.) М.Балақаев та айтқан болатын. Әдеби тілді тек жазумен байланыста қарайтын ғалымдарға қарама-қарсы көзқарас білдіруші ғалымдар "жазып калдырылған дүниелердің бәрі бірдей классикалық дүние емес" дегенді уәж еткілері келеді. Бұл – жаңсақ пікір. Өйткені, жазба дүниелердің бәрі бірдей классикалық болуы, жазушылардың (бұл жерде стиль я болмаса жанр түріне байланыссыз жазба дүниелердің авторы) бәрі классик болуының өзі мүмкін емес. Мұра ретінде танылатын дүниелер, айталық, түрлі хаттар, арыз-шағымдар (ресми, эпистолярлық) классикалық дүниелер десек, қателесеміз. Айталық, ресми іс-қағаздарының классикалық болуы тіпті де шарт емес, керісінше, прагматикалық жағы басым, тіл ыңғайына бейімделген күйде болып келеді, кей жағдайда мұндай мәтіндерде тілдің грамматикалық заңдылықтары ішінара бұзылуы да мүмкін. Соған қарамастан, біз оларды мұра деп санаймыз, лингвистикалық фактілердің қатарына жатқызамыз. Жазба дүниелердің көркем әрі кемел шығарма болуы тек көркем әдебиет стиліне қатысты. Мұның өзі әрбір функционалдық стильдің өзіндік ерекшелігі, өзіне ғана тән табиғаты, өзіндік сипаты, әдеби тілдегі өзіндік орны мен маңызы барын аңғартады. Өйткені, жетілген әдеби тіл әр түрлі функционалдық стильдердің жиынтығынан құралып, тұтас категорияға айналады. Ал әр стильдің қалыптасу тарихы мен әдеби тілдің дамуындағы қызметі мен ұлес-салмағы әр түрлі. Қазақ әдеби тілі жағдайында қазақтың ауызша әдеби
тілі көркем әдеби стильдің поэзия жанры негізінде дамыған. Е.Жанпейісовтің "Қазақ прозасының тілі" монографиясындагы: "Қай жұрттың әдеби тілін алсақ та, ең алдымен сол поэзия үлгілерінің негізінде дамыған" - деген көзқарас әдеби тіл мен көркем әдеби шығармалар тілі арасында берік байланыс барын көрсетеді.
Қорыта келе, кемеліне келген әдеби тілдің барлық болмыс-бітімін көркем әдеби стиль көрсете алмайды, ал тұтас әдеби тілдің атқаратын функциясын өркениетті заманда тек қана көркем әдеби стильдің атқара алмайтыны өз-өзінен түсінікті. Диалектика заңына сай ауызша әдеби тілді біртіңдеп жазба әдеби тіл ығыстырады. Жазба әдеби тілдің түрлі жанрлық сипаты (ресми үлгілер) болады, ол түрлі функционалдық стильдік тармақтарының қызметі арқылы қолданысқа түседі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
-
Әдеби тіл туралы консепцияларға тоқталыңыз. -
Қазақ тілінің тарихы арналарын айқындап беріңіз. -
Әдеби тілге қатысты қалыптасқан қағидаларды айтыңыз.
Әдебиеттер:
-
Балақаев М. Қазақ әдеби тiлi және оның нормалары / Павлодар : С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. - 211 с. -
Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы,2014. -
Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы.Алматы, 2001.