Файл: Слу ыза ызыпайтын жан барма.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

8-наурыз мерекесіне орай гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің магистр, оқытушы-дәріскері Гүлмира Саятовна өзі сынды әйелдер қауымына жылы лебізін арнады.

«Құрметті, аналар, әпкелер,сіңілілер, әріптестер, жалпы қыз-келіншектер! Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, қайнар көзі. Ыстық ықылас пен мейірімді көңілдің, пәктік пен тазалықтың негізгі тірегі. Әрбір отбасының, мемлекеттің дамып, көркейуі осы нәзік жандылырдың арқасы. Сондықтан баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, денсаулықтың мұқалмауын, отбасы бірлігі мен бақытының сарқылмауын тілеймін. Бар адамзаттың ардақтылары, жақсылықтың жанашырлары, мейірімділік пен адамгершіліктің мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, әсем көркімен талай жанды табындырған аяулы аналар, асыл қыздар, сүйкімді келіншектер, мерекелеріңіз құтты болсын!»

Сонымен қатар гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Сейітқұл Мирас өз құттықтауын жолдады.

«Құрметті аналар,әпкелер, қарындастар мен әжелер, жалпы әйел қауымы! Сіздерді жыл басы көктемнің айтулы мерекесі 8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында. Азамат баласына тән қасиетті, сүйіспеншілік пен іңкәрлік, сұлулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын шынайы рухта бір бойына сіңіре білген, ақпейілді, дархан жүректі, нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылық атаулыны тілеймін. Сіздерге қажымас қайрат, талмас талап, мұхалмас жігер тілей отыра, осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!»

Осындай ізгі тілектен кейін жас талапкер барша қыздар қауымына өзінің шығарған өлең жолдарын арнады.


«Сұлу қызға қызықпайтын жан барма?

Қара сөзбен бейнелесем қағазға,

Мына әлемнің ең керемет сөздерін,

Жинап-теріп арнар едім, қыздарға.
Қыз, қарындас, ана, әпке,сіңілі

Алақанда аялаған әлемді.

Арайланған, сәуле шашқан ақ таңдар,

Сыйлап өткен өзің маған әкемді.
«Елім аман болса екен»-, деп тілеген,

Елін ойлап, шын қайғыра жүдеген.

Екі елдің татулығын сақтаған,

Керемет жан, данагөй ғой қыз деген.»