Файл: Аннотация Маалмтелдер халымызды даналыыны крінісі.асырлар бойы лт сабатастыын сатап,атабабаларымызды мдениетімен дниетанымын жеткізген жйелі сз тізбегіндегі гендерлік сипат зекті мселе..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 32
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аннотация: Мақал-мәтелдер – халқымыздың даналығының көрінісі.Ғасырлар бойы ұлт сабақтастығын сақтап,ата-бабаларымыздың мәдениетімен дүниетанымын жеткізген жүйелі сөз тізбегіндегі «гендерлік сипат» өзекті мәселе.Осыған байланысты ғалымдар «Қазақ мақал-мәтелдеріндегі гендерлік сипатты» әлі де болса мағыналық жағынан зерттеуде.Қолданыстағы мақал-мәтелдердің гендерлік сипатын жаңа қырынан ашып,оны дамытудың маңызы зор.
Тірек сөздер: Гендер,лингвистика,ұлттық дүниетаным,мақал-мәтелдер,ер,әйел,қазақ,тарих,рухани мәдениет.
Қазақ халқы - өзіндік өркениетімен, тамаша тәлімімен ерекшеленген,рухани бай халық.Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық мәдениетіміздің рухани қазынасы- қазақ мақал-мәтелдері.Ерекше ықшамдалған,ақыл-өнегесі мол,ой дәлдігі мен мазмұн тереңдігінің керемет көрінісін қазақ мақал-мәтелдерінен көре аламыз. «Жеті рет өлшеп,бір рет кескен» қазақ ұғымында сөз бастау болсын оны қорытындылап жүйелі «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жеткізудің өзі де үлкен маңыздылыққа ие болған. «Ұлт болғың келсе өткеніңді ұмытпа,болашағыңды ұлықта» дегендей ұлттың болашағы қашанда маңызды.Сонымен қоса әр адам өз деңгейінде халқының перзенті және өз Отанының азаматы екенін сезініп,ұлт болашағы өзінен бастау алатындығын түсінуі керек.
Жүйелі сөзге тоқтай білген қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып,ұлт сабақтастығын сақтап келе жатқан,жалпы ауыз әдебиетенің бай саласының бірі қазақтың мақал-мәтелдері.Қазақ мақал-мәтелдері тарих,әдебиет,философия,психология сынды салаларда бүгінде өз сипатына ие болып,қолданылу аясын кеңейтуде.Халықтың рухани өмірінің сонымен қоса шаруашылық,әлеуметтік,жалпы халықтық тақырыптарда мақал-мәтелдердің мағыздылығы жоғары.Мақал-мәтелдерді қолданып,айтқан кезде қандай мақсатта және кімге нақты бағытталып айтылып жатқандығын айқын аңғаруымызға болады.Мысалы жүйелі ой,көрнекі сөз танымында яки әйел адамға немесе ер адамға қаратылып айтылады.Қай қырынан және кімге арнайы айтылғандығын басым бағытта аңғарумызға болады.
Олай болса өз мақаламда сөз еткелі отырған және маған қызық болған биологиялық «гендер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «род» және «тек» деген мағынаны білдіретіндігін байқадым.Жалпы қазақ тіл білімінде гендерлік лингвистика аясында - Ж.Манкеева, Қ.Жанатаев, К.Күркебаев, Ә.Қайдар, Ө.Маханова,Мамаева Г. сынды ғалымдар өз зерттеу еңбектерін жазған.[28-29б]. Менің ойымша:нақты айтқанда «гендер» әлеуметтік жыныстық сипатта әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтардың негізін құрайды.Жалпы гендерлік жайлы мәліметтер осыдан отыз жылдың төңірегінде әлеуметтік ғылымдарда кездескен.Гендер мен жыныс ұғымдарының арасындағы үлкен айырмашылық-басты негізгі тұжырымдама болып табылады.Осыған орай гендер ұғымы-қоғамдағы әйелдер мен еркектердің жалпы билогиялық рөлдеріне байланысты олардың тұрмыс-тіршілігін, әрекеттеріне бағытталған қылықтарын эмоционалды түрде сипаттап, айырмашылықтарын танытады.Осыған байланысты тіл білімінде «гендерлік лингвистика» пайда болады.Гендерлік лингвистика қазақ тілінде және қазақ ауыз әдебиетінде,сөз қолданысында және айрықша , айқын көрінетін мақал-мәтелдерде керемет көрініс тапқан.Қазақ халқындағы қай мақалды алып қарасақ та әйел адаммен ер адамның іс-әрекеті мен мінез құлқына және алшақтық пен тұтастыққа сәйкес жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.Мысалы , тіліміздегі қайсібір мақалды алып қарасақ та, әйелдер жайлы айтқанда:мейрімділік, асқақтық , кербездік , сезімталдық , еңбекқорлық , байқағыштық , әлсіздік , күмәншілдік, сабырлылық , отбасының анасы, шаңырақтың ұйытқысы сынды ойлар гендерлік сипатта тікелей әйелдер қауымына сәйкес келеді.Жауапкешілік,қайсарлық, мінездің ауырлығы мен қызмет құмарлық,отбасының отағасы сынды бейнелерде ерер қауымы еске түсетіндігі сөзсіз.Адам баласын өмірге әкеліп,оны бағып-қағып қатарға қосқан әйел затына қайсібір жылы сөзді арнасақта лайықты.Үлкенге құрмет, кішіге ізет танытқан және ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік бағытымен ерекшеленетін ер азаматтарды да мақал-мәтелде мадақтап,астарлы ойды жеткізуге әбден лайық.
Әйел атауына байланысты тіл бірліктерінде: бойжеткен, қыз, ару, ана, жұбай, зайып, жар, қосақ, шеше, апа, әже, келіншек, келін, кемпір сияқты сөздермен жасына қарай өз ішінен бөліп қарастыруға болады.Осыған орай осы бөлініс сипатында нәзік жандыларға байланысты гендерлік сипаттағы мысалдарды көрсетуге болады.
«Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі»-деген мақалда қыз баласы елінің жалпы айтқанда әулетінің өскен ортасының сәулетті дәулеті және маңызды абыройы деген айрықша мәнді білдіріп тұр.
Ал, «Әкеге қарап-ұл өсер,
Шешеге қарап-қыз өсер»
деген мақалдың мәнінде баласы әкесіне қарап,қызы шешесіне қарап бой түзейтіндігін аңғаруға болады.Ұл бала мен қыз баланың кездейсоқ жаман атағы мен аты сол баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың өзіне тікелей байланыстылығын көрсетеді.Қыз баласы саналы,тәрбиелі,ақылды , ибалы да инабатты болып өссе, анасының шын бақыты.Ал, ұл бала жаман нәселерден аулақ болып,өзін зиянды нәрселерден тыя білсе, әкесінің мерейі үстем болмақ.Қыз қонақ және жат жұрттық.Ол табиғат заңдылығы.Осыны түсінген қазақ халқы ежелден ойланған ел аналары - қыз баласына барлық әдет-ғұрып,салт-дәстүрді бойына дарытып, еңбекке тәрбиелеудің өзін ошақ қасынан,отбасы басынан бастаған.Олай дегенім қарапайым ас қайнатып,жүк жиып,үй жинаумен кесте тігудің өзі үлкен сын болған.Осыған орай қазақ ұғымында:
«Шешесін көріп,қызын ал,аяғын көріп асын іш» ,
«Қызың жақсы болса суда жүзген үйрек, қызың жаман болса ішіңе түйген түйнек.»
« Жақсы қыз біреу келсе есік ашар, жаман қыз біреу келсе төрге қашар» деген мақалдар жоғарыда айтылған дүниетанымның озық көрсеткіші.Киелі қазақ халқында қыз баласын тұрмыс құрған соң келін ретіндегі бейнесін айқындап,ұлттық сабақтастықты санаға сіңіретін мақал-мәтелдерде баршылық.
«Келіні жақсының керегесі алтын»
«Келіннің аяғынан,қойшының таяғынан»
«Келін жақсы болса үйіңе көп кісі келеді.
«Келін жаман болса келген кісі кеткісі келеді.»
«Әрбір мықты еркектің артында-ақылды әйел тұрады»-деген.Шын мәнінде қазақ ұғымында түзден келген ерін күліп қарсы алып, ер азаматының жақсысын асырып,жамандығын жасыратын өзінің әйелі ғана.Олай болса ер азаматтар өзін дүниеге әкелген,тар құрсағын кеңейткен, тоғыз ай он күн көтерген анасына қарыздар болса, екінші өзіне серік бола білген және ұрпақ сыйлаған асыл жарына борыштар.
«Әйелдің жақсысы -ақылшың»
« Жақсы әйел-теңі жолдас,
Түбі жоқ сырлас»
« Ердің асылы күшінен білінеді,
Әйелдің асылы ісінен білінеді»
- деген мағыналы мақал-мәтелдер осыдан қалса керек.Өзінің даналығымен еріне қолдау білдіріп,ақылын көркем бағыттап отыру, қазақ әйеліне тән асыл қасиет,абыройлы міндет. «Жаман әйел жақсы еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді, Жақсы әйел жаман еркектің көрдегі басын көрге сүйрейді»-деп тұжырым жасауында үлкен мән мағына жатыр.Олай дейтін себебім « төр» - қазақ халқында жоғарыдан берілетін құрметті орын.Яғни әйел адамның жалпы халықтық қоғамдағы рөлінің жоғары екендігін байқаймыз.Ал қарама қарсы бағыттағы «көр» -дүниеден өткен адамды жерлейтін жер.Ер азаматтың қоғамдағы орынының жоғары болып,өз кәсібінде,өз ортасында беделді болуы тікілей әйел адамға байланысты.Ер азаматына күш-жігер сыйлап,қиялына қанат бітіретін өмірлік жолдасы,ұрпақ тәрбиелеуші – әйел адамның атқаратын рөлінің басымдығын жоғарыдағы мақалдардан айқын көре аламыз.
Гендерлік сипат екі жақты қарастырылғандықтан әйелдермен бірге ерлердің де дүниеге келуі,оның ішінде балалық шағы,өсіп жетілуі,ересек кезеңі мен еңбекке араласуы,болашағы,азаматтық,жастық,ақсақал,қария кезеңдерін көрнекі сөзбен әсерілеп бейнелеген.Сондықтан халқымызда дүниеге ұл бала келсе, бөрігін аспанға лақтырып шексіз қуанған.Себебі ұрпақ сабақтыстығында ер балаға мол сенім, үлкен үміт артқан.Тегімді жалғастырар,артымда қалатын асыл тұяғым деп білген.
«Адал туған бала-
Әкесіне пана.»,
«Әкеден ұл туса - игі,
Әкенің жолын қуса – игі»
сынды мақалдардан ер балаға артылған үміт пен үлкен сенімділікті көре аламыз.Қазақ ұғымында ерге қатысты аға-іні,бауыр деген туытық атауды білеміз.Осылай бөліп қарастыруының өзі үлкенге кішінің,кішінің үлкенге деген асқан сыпайылығын,сыйластығын білдіреді.
«Ағасы бардың жағасы бар»,
«Аға бастар,іні қоштар»
«Ағайын тату болса-ас көп»
-сияқты мақалдардан көре аламыз.
Сонымен қоса қазақ халқының ежелгі тұрмыс-салтынан көрініс беретін ерекше салт сол кезеңде қалыптасып,халықтың арасында кең тарап,үлкен қолданысқа ие болған.Яғни атап айтқанда: үйлену салтына байланысты қызға қалың мал беру,әмеңгерлік, бірнеше әйел алу, атастырып үйлену сынды тақырыптар аясында да мақалдар жетерлік.Мысалы:
« Қыз мұраты кету»
«Бәйбішеге малын берер,тоқалға жанын берер»
«Бастапқы қызыңды жасаулы ұзат,соңғы қызыңның өтеуіне жақсы»
« Қалыңсыз қыз болмас»
«Аға өлсе,жеңге мұра» -мақал-мәтелдерінен көре аламыз.
Қорытындылай келе:қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты әлі де үлкен зерттеуді қажет етеді.Бірақ мен үшін үлкен ізденістің тамшыдай бастауы болды.Киелі қазақ халқының тәрбиесінде ананың ақ сүтімен бойға дарыған тәрбиемен әкенің асыл қасиетін ұштастырып,әжнің әлдиімен сусындап,атаның киелі сөзінен тәлім аламыз.Қай кезеңде болмасын өзіндік қадір-қасиетімен ерекшеленген қазақ халқындағы мақал-мәтелдердің гендерлік сипаты жоғарғы көрсеткіште екендігін байқадым.Ғалымдардың тұжырымды еңбектерімен салыстырып,өзге тілдерден тағы да бір озық үлгісімен ерекшеленетініне көзім жетті.
«Барлық тілде-сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілін жасау керек мәңгілік.» -дегендей , әлемдік бейне,ұлттық санамен сабақтасқан мәдениет,ежелден дамып келе жатқан дүниетамның алтын сабақтастығын халық мақал-мәтелдерінен айқын көре аламыз.Алдағы уақытта әлі де болса бұл тақырыпты кеңінен зерттеп,қазақ тілнің өзіне тән байлығын әлемге танытқым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Қайдар Ә. Этнолингвистика// Білім және еңбек. –1985. –5-6-б.
-
Маханова Ө. Білім беру жүйесіндегі гендерлік өлшем // Ақиқат. – 2003. – № 3. – Б. 28-29.
-
Шоқым Г.Т. Тілдің гендерлік жіктелімінің ғылыми негіздері. Филол. ғыл. докт. дис. – Алматы, 2009. – 227 б. – Б. 21.
-
Аханов К.А. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп, 1965. – 600 б. – Б. 250.
-
Күркебаев К.К. Қазақ этнолингвистикасының Хантәңірі. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2004. –№8 (80). –28-30-б.
-
Мамаева Г.Б. Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысындағы ерекшеліктер (гендерлік зерттеу): филол. ғыл. канд. ... дисс. –Алматы, 2003. –150 б.