Файл: 1мамыразастан халытарыны бірлігі кні Трбиеші рметті балалар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 12
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Тәрбиеші: Құрметті балалар,
Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана-қуана қарсы алады. Ендеше бірінші қонақтарымызды қарсы алайық.
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
Нұрали:
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Мансур: Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Азамат: Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Бақтияр: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Айша: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Ән «Керек маған тыныштық».
Би «Көбелектер»
Мансур: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
Ильяс : Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.
Димаш: Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным –Қазақстан.
Ән «Домбырасыз ән қайда»
Би: «Шығыс биі»
Ясмин: Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Алуа: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Нурали: Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Би «Достық биі
Тәрбиеші: Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік тақырыптық сабағымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!
№ 35 «Звоночек» бала – бақшасы
№ 7 «Күншуақ» тобы
Тәрбиеші:Кенжибаева С.Қ.
Көкшетау