Файл: лтты бірыай тестілеуге атысу шін тініш беру барысында туындаан кейбір сратар бойынша шешу жолдары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініш беру барысында туындаған кейбір сұрақтар бойынша шешу жолдары



Туындаған сұрақтар

Шешу жолдары

1

Тестіленуші максималды түрде өтініш берген:




- тестіленуші «Менің іс-әрекетім» бөліміне кіріп, сол жердегі берілген өтінішін жалғастыру керек (қайта-қайта өтініш беруге болмайды).


2

Тіркелу батырмасы арқылы кіріп отыр:


- тестіленуші тіркеліп қойған «Кіру» батырмасын басып кіру керек. Егер почтасын білмесе басқа почтаға ауыстыруға Орталыққа (кураторға немесе филиалдар чатына) жаңа электронды почтасы және ЖСН жіберу керек (артық мәлімет (пароль) қажет емес).


3

ҰББДҚ (НОБД) базасында тестіленушінің мәліметтері (мектебі немесе Сіз ағымдағы жылғы мектеп бітіруші емессіз деген қате) дұрыс емес:


ҰББДҚ бойынша мектептен тексеру керек (егер дұрыс болса скриншотын Орталыққа (кураторға немесе филиалдар чатына) жіберу қажет) және ҰББДҚ-дағы ЖСН-нің (ИИН) дұрыстығына көз жеткізу керек. ҰББДҚ-да дұрыс болмаса мектептен өзгертіп, сосын скриншотын Орталыққа (кураторға немесе филиалдар чатына) жіберу қажет

4

Тіркелу базасына кіретін паролі қате


Келесі қадам бойынша әрекет ету керек:

1) құпия сөзді ұмыттым кнопкасын басады

2) почтасын тексереді (келмей жатса спам, рассылки бөлімдерін карап, почтаны обновить етуі керек)

3) сброс пароль хаты келгенде (сол жерде жаңа пароль ойлап жазады)

4) жеке кабинетіне оралып, жаңа құпия сөзін жазып кіруі керек (КІРУ БАТЫРМАСЫМЕН)


5

Ұлты немесе азаматтығы дұрыс болмаса


- Базадағы мәліметтер ЖСН (ИИН) енгізгеннен кейін ГБДФЛ базасынан алынатын болғандықтан, халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ЦОН) барып түзетуі керек, содан кейін барып өтініш беруі керек. Болмаса қате мәліметімен өтініш бергеннен кейін, ЦОН-ға барып түзетіп, сосын ҰБТ базасында өзгерту үшін Орталыққа өтініш жазу керек.


6

почтасы блокка түсіп, ҰТО-дан хат келмеген жағдайда

– ЖСН (ИИН) және электронды почтасын Орталыққа (кураторға немесе филиалдар чатына) жіберу керек.


7

тестілеу күні мен орнын өзгертуге

– Өтініш бергеннен кейін тестілеу күні мен орнын өзгерте алмайды, тек тіркелу уақыты жабылғанға дейін, яғни 14 мамырға дейін орын болған жағдайда өтінішін өшіріп (жойып), қайта өтініш бере алады.


8

IELTS (АЙЛТС), TOEFL (Тойфл) шет тілін меңгеру сертификаттарын жүктеу бойынша

егер IELTS (АЙЛТС), TOEFL (Тойфл) сертификаттарының нәтижесін өтініш бергеннен кейін алса, тестілеуге дейін өзі жеке кабинетінде «Өзгерту» батырмасы арқылы өзгерте алады, яғни сертификат балдарын енгізе алады (сертификат жүктеу қажеттілігі жоқ).


9

SAT (ЭсЭйТи), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық сертификаттарын жүктеу бойынша

SAT (ЭсЭйТи), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) - сертификаттарының нәтижесін өтініш бергеннен кейін алса, 10 маусымға дейін өзі жеке кабинетінде «Өзгерту» батырмасы арқылы өзгертіп, сертификаттарының балын енгізіп, сертификаттарын жүктей алады.


10

бейіндік пәні мен тестілеу тілін өзгерту бойынша

бейіндік пәні мен тестілеу тілін тестілеу басталғанға дейін жеке кабинетінде «Өзгерту» батырмасы арқылы өзгерте алады (екі мүмкіндікте де бейіндік пәні бірдей болуы керек).