ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
20- 20оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)
Топ/сынып
Балалардың жасы 2
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету)
Айы | Ұйымдастырылған іс-әрекет | Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Қыркүйек | Дене шынықтыру | – жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық қимылды саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;– негізгі қимыл түрлерін дамыту;– салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін және құрдастарымен бірлескен әрекетке дайындықты қалыптастыру. |
Сөйлеуді дамыту | Балаларды заттардың қасиеттері мен олармен әрекеттердің атауын айтуға, тілдік қарым-қатынасқа, ауызша сөйлеуге, зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға үйрету. | |
Көркем әдебиет | ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіруге үйрету | |
Сенсорика | қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру | |
Қоршаған ортамен таныстыру | тірі және өлі табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту; | |
Құрастыру | жеке жиһаз заттарын түрлі нұсқада құрастыру, бірден екі-үш құрылысты тұрғызу (үстел және орындық, үстел және диван), құрылыстық қасиетін ескере отырып, материалды таңдау; | |
Сурет салу | балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту. | |
Мүсіндеу | балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру; | |
Жапсыру | Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету. | |
Музыка | музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру; |
Айы | Ұйымдастырылған іс-әрекет | Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Қазан | Дене шынықтыру | педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру, бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге ауысу, бағдар бойынша жүру (кілемнің бойымен, жіпке дейін), кедергілерден аттап жүру. Ұзындығы 2,5-2 м, ені 25 см (2 жаста), 20 см (3 жаста) тақтай бойымен жүру, жіптен немесе таяқтан аттап өту; |
Сөйлеуді дамыту | – халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу; | |
Көркем әдебиет | кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталау | |
Сенсорика | түрлі сенсорлық әсерлермен байыту | |
Қоршаған ортамен таныстыру | табиғи материалдардың қасиеттерімен (құм шашылады, құмнан қуыршақтарға ыдыс мүсіндеуге болады) таныстыру; | |
Құрастыру | Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру | |
Сурет салу | сурет салу техникасын жетілдіру | |
Мүсіндеу | сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру; | |
Жапсыру | фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру және орналастыру; | |
Музыка | әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру; |
Айы | Ұйымдастырылған іс-әрекет | Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Қараша | Дене шынықтыру | бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу; |
Сөйлеуді дамыту | Балалардың түрлі әрекеттердегі ауызша және байланыстыра сөйлеуін дамыту. | |
Көркем әдебиет | арманың мазмұнын түсіну және эмоциалы қабылдау, ойында кейіпкерлер бейнесін қарапайым түрде бейнелеуд | |
Сенсорика | көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды; | |
Қоршаған ортамен таныстыру | суреттен жануарларды тауып, атау; | |
Құрастыру | құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып, оларды ойнату және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинастыру; | |
Сурет салу | түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету (жаңбыр, қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені орналастыру; | |
Мүсіндеу | техникалық дағдыларды қалыптастыру: заттардың қарапайым және одан да күрделі пішіндерін мүсіндеу. | |
Жапсыру | фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа орналастыру. | |
Музыка | н айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту дағдысын жетілдіру |
Айы | Ұйымдастырылған іс-әрекет | Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Желтоқсан | Дене шынықтыру | секіру. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен, лентамен еденде 10-20 см қашықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру; 10-15 см биіктен секіру; 4) еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу; 5) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай), баланың көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату; |
Сөйлеуді дамыту | дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру | |
Көркем әдебиет | халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу; пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту; | |
Сенсорика | түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру. | |
Қоршаған ортамен таныстыру | жануарлардың сипаттық ерекшеліктерімен таныстыру, дене бөліктерін (танау, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білу; | |
Құрастыру | балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастыру | |
Сурет салу | дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелеу | |
Мүсіндеу | шыны аяқ, табақты илеп жасауда саз кесегін саусақпен басып, тереңдете алуғак үйрету | |
Жапсыру | Симметриялық пішіндерді орналастыра білуді және жапсыру мен сурет салуды кіріктіруді қалыптастыру | |
Музыка | Ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, |
Айы | Ұйымдастырылған іс-әрекет | Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Қаңтар | Дене шынықтыру | Тепе-теңдік сақтау. Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модульге және тағы басқа), тұру, қолын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см), шеңберден шеңберге аттау; төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттау, орнында баяу айналу. Мәдени-гигиеналық дағдылар. Мәдени-гигиеналық ережелерді орындау білімін бекіту. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру. |
Сөйлеуді дамыту | айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді; | |
Көркем әдебиет | Таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнап көрсетуді | |
Сенсорика | Түстерді ажырата алу қабілеттерін дамыту | |
Қоршаған ортамен таныстыру | көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, сәбіз, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру; | |
Құрастыру | қағазбен жұмыс істеудің бірлескен қарапайым тәсілдерін құру ( қию және жырту), қиылған кесектерде және жыртылған қағаздарда "бейнені" көру; | |
Сурет салу | қағаздың қасиеттерін біледі; қарындашты дұрыс ұстай алады (үш саусақпен) | |
Мүсіндеу | заттардың ұқсастықтарын таба алудағдысын қалыптастыру | |
Жапсыру | дайын сұлбаға элементтерін салып аяқтай алу дағдысын қалыптастыру | |
Музыка | музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүруге үйрету |
Айы | Ұйымдастырылған іс-әрекет | Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Ақпан | Дене шынықтыру | Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды кеудеде айқастыру және екі жағына жазу, артына жіберу, шапалақтау. Таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою, табандарды бүгу (жазу), қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру, шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру, арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу, алға, жан-жағына қарай еңкею. |
Сөйлеуді дамыту | Балалардың белсенді сөздік қорын байыту: заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау. | |
Көркем әдебиет | 3–5 сөзден тұратын тіркестерді, сөйлемдерді айтады, ақпараттармен бөліседі; | |
Сенсорика | берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу; | |
Қоршаған ортамен таныстыру | үй құстарымен таныстыру(тауық, қораз,үйрек); | |
Құрастыру | тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды пайдалана отырып, олармен ойнау дағдыларын қалыптастыру | |
Сурет салу | парақ бетіне бояу жағу арқылы қарама-қайшы түстегі дақтарды үйлестіріп бейнелей білу; | |
Мүсіндеу | кесектерді біріктіруге үйрету | |
Жапсыру | кеңістікті бағдарлауға үйрету, қағаз бетінде жұмыс істеуге жаттықтыру | |
Музыка | қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу дағдысын дамыту |