ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Наурыз

Дене шынықтыру

1) бірқалыпты жүру, жан-жаққа және берілген бағытқа шеңбер бойынша қолдарының әртүрлі қалыптарымен, аяқтың ұшымен, шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, ирелеңдеген баудың бойымен еркін жүру, едендегі немесе еденнен 15-30 см көтерілген арқаннан, бөренеден, текшеден, гимнастикалық таяқшадан аттап жүру;
2) бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу;
3) секіру. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру (10-15см), орнынан ұзындыққа (20-50см) секіру, 10-15 см биіктен секіру, еденде 10-20 см қашықтықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан, таспадан секіру, секіртпеден секіру;

Сөйлеуді дамыту

айналасындағылардың сөздерін, тұрмыстық немесе ертегілер тақырыптарындағы әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдауға баулу

Көркем әдебиет

қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алуға үйрету

Сенсорика

заттардың санын ажырату (біреу — көп);

Қоршаған ортамен таныстыру

өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсету

Құрастыру

 көлік құралдарының, автомобиль бөліктерінің атауларын айтуға үйрету

Сурет салу

қағазға, құмға саусақпен сурет салу

Мүсіндеу

қуыршаққа арналған әшекейлерді мүсіндеу: білезік, жүзік, қол сағаттар

Жапсыру

Дайын пішіндерді дұрыс орналастыруды үйретуСаусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.


Музыка

бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік - ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау;




Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Сәуір

Дене шынықтыру

4) еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тізесімен тіреп) еңбектеу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу;
5) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай), баланың көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа отырған және тұрған қалыптан доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату, бір және екі қолымен допты еденге ұру;
6) тепе-теңдікті сақтау. жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м), гимнастикалық орындықтың үстімен, еңіс тақтайдың үстімен (ені 25 см, бір басы 15-20 см көтерілген) жүру, заттарға шығу гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге және тағы басқа) тұру, қолын жоғары көтеру, түсу, заттардан (биіктігі 10-15 см), шеңберден шеңберге аттау, төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (таспалардан, текшелерден және тағы басқа) аттау, орнында баяу айналу.

Сөйлеуді дамыту

сөз тіркестерін айту (3–5 сөзбен), таныс шығармалардан үзінді ойнауға үйрету

Көркем әдебиет

халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу;

Сенсорика

әртүрлі көлемдегі заттарға (үлкен үй-кішкентай үй, үлкен матрешка - кішентай матрешка, үлкен доп-кішкентай доп және т.б) және оларды сөйлеуде атауға назар аудару біліктерін қалыптастыру.

Қоршаған ортамен таныстыру

аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер,қарғалар);

Құрастыру

қарапайым пазлдарды жинай алу қабілеттерін қалыптастыру

Сурет салу

балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру;

Мүсіндеу

сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей алу дағдысын қалыптасытру

Жапсыру

Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру

Музыка

әнді уақытында бастау және аяқтау, озып кетпеу немесе қалып қоймау, кідірісті сақтауға үйрету





Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Мамыр

Дене шынықтыру

 Мәдени-гигиеналық дағдылар:

      1) мәдени-гигиеналық ережелерді қолдану білімін бекіту. Дербес қимыл әрекетін қамтамасыз ету;

      2) дербес ойындарында қозғалыс белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

      1) балаларды шынықтыру серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерімен ауа, су шараларының үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті және жалпы шаралар қолданылады;

      2) балалар жылдың салқын мезгілінде, ауа температурасы 15°С төмен болмағанда, 4–5 қабат киіммен далаға шығып, серуендей алады;

      3) ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде жүргізіледі, ұзақтығы 2–3 минуттан 6–10 минутқа дейін артады;

      4) сумен шынықтыруда бала ұсақ тастары бар ваннада жүреді.Су температурасы +35°С ден +34°С -ге дейін +23°С ден +22°С -ге дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады. Басқа күнделікті шараларда су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін біртіндеп төмендетіледі.


Сөйлеуді дамыту

кітаптағы суреттерді қарау, олардың мазмұны бойынша сұрақ-жауаптар құрастыру, көлемі бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтар жаттауды бекіту.

Көркем әдебиет

Балаларды педагогтің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға, зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) құрауға үйрету.

Сенсорика

 көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыра алады

Қоршаған ортамен таныстыру

қоршаған табиғаттың сұлулығын байқау біліктерін қалыптастыру

Құрастыру

Құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер) негізгі пішінін ажыратып,құрастыру

Сурет салу

түрлі-түсті қарындаштармен, фломастердің, гуашьтің төрт түсімен сурет салу дағдыларын қалыптастыру

Мүсіндеу

мүсіндеуге арналған түрлі материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру

Жапсыру

фланелеграфтың кенебін қолдану арқылы қарапайым композицияларды құрастыруға машықтандыруҚағазға «қошқармүйіз»,

«көз» оюларын орналастыруды үйрету.

Музыка

әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып, айту дағдыларын қалыптастыру.