ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: Сынып: 1 | Сынып:2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі. Дене тәрбиесі дегеніміз не | Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы жалпы түсінік | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау 2.3.1.1 Дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру артықшылығын талқылау және сипаттау. 2.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды | ||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді түсінеді. Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||||
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | Бой сергіту жаттығулары. | Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар. | |||
Сабақтың ортасы 8 минут 1 минут 5 минут 3 минут 16 минут | Жаңа сабақты түсіндіру Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Тақырып бойынша жинақталған ресурстармен танысу. СЕРГІТУ СӘТІ. Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. Ұлттық ойындар: Арқан тарту. (Ортақ) Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді. Хан «алшы» «1 сынып» Бұқл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы. Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады. Қозғалыс ойындар «2 сынып» Оқушылар«Доппен көзде» ойынын ойнайды. Ойынға бір волейбол добы және оқушылар санының жартысына тең болатын теннис добы керек. Ойыншылар 2 топқа бөлінеді және бір-бірінен 18-20 м аралықтағы қарсы жақта сапта тұрады. Ойыншылардың аяқтарының алдында сызықтар жүргізіледі, ал алаңның ортасында волейбол добы болады. Бір топтың ойыншылары (жеребе бойынша) кішігірім доп алады. Мұғалімнің сигналы бойынша ойыншылар допты волейбол добына лақтырады, оны қарсы топқа домалатуға тырысады. Басқа топтың ойыншылары тасталған доптарды жинайды және сигнал бойынша оларды да волейбол добына лақтырады, оны кері домалатуға тырысады. Осылай, кезекпен топтар доптарды қажетті лақтыру саны бойынша лақтырады. Ойын ұзақтығы 8—10 мин. Допты қарсы тұрған топтың сызығынан дөңгелетіп апара білген топ жеңеді | Сергіту сәті Сұрақ парақшалары. Оқулық, дәптерлер. Ойын ойнайық. Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер. | |||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау. | Смайликтер | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Сөйлеу-речи-speeches Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады. | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) | |||
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап ереді | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |