Файл: Химия пнінен Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 11сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 651
Скачиваний: 9
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Химия» пәнінен
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлықбағыт)
МАЗМҰНЫ
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 12
-
A «Көмірсутектер және олардың көздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16
-
B «Оттекті органикалық қосылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 20
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 24
-
A «Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Гетероциклді қосылыстар. Нуклеин қышқылдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 24
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
| 11.1A «Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | ||
| Оқу мақсаты | 11.4.2.4 | Көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, |
| | | құрылымдық формулаларын ажырату |
| | 11.4.2.5 | Изомерлердің түрлерін атау және көміртек қаңқасы, |
| | | еселі байланыстың орналасуы, функционалдық |
| | | топтар және класаралық изомерлерінің |
| | | формулаларын құру |
| | 11.4.2.9 | Гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын |
| | | түсіндіру |
| | 11.4.2.10 | Қосылыстардың құрылымдық формулаларын құру |
| | | және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау |
| Бағалау критерийлері | Білімалушы
| |
| Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану | |
| Орындалу уақыты | 20 минут | |
| Тапсырмалар 1. Суретте феназиннің құрылымдық суреті бейнеленген. Феназиннің эмпирикалық формуласын анықтаңыз: | ||
-
Молекулалық формуласы C5H11Br болатын қосылыстың құрылымдық формуласы берілген.-
Функционалдық топтардың орналасуы бойынша екі изомер формуласын бейнелеңіз және атаңыз. -
Көміртек қаңқасы бойынша екі изомер формуласын бейнелеңіз және атаңыз.
-
-
Сығылған газ тамақ пісіруде, үй жылытуда т.б. қолданылатын, молекулалық формуласы C3H8 және C4HХ болатын газдар қоспасы. C4HХ және C3H8 көмірсутектері бір-біріне гомолог болып табылады.
-
C3H8 және C4HХ органикалық заттардың қандай класына жатады?
-
C4HХ затының молекулалық формуласын аяқтаңыз.
-
Осы бір-біріне гомолог болып келетін заттардың бір ұқсастығы мен айырмашылығын жазыңыз.
-
Төменде Р –U қосылыстары бейнеленген.
-
P және R қосылыстары бір-біріне изомер болып табылады. R қосылысының еселі байланыстың орналасуы бойынша құрылымдық формуласын бейнелеңіз.
-
Берілген қосылыстар ішінен S затына изомер болатын затты табыңыз және изoмер түрін атаңыз.
-
Q және U қосылыстарын IUPAC номенклатурасы бойынша атаңыз.
-
Төмендегі құрылымдық формулалардың қайсы(лары) 2,2 – диметилпентанның формуласы болып табылады. (бірнемесебірнешежауапболуымүмкін)
-
(СH3)2СHСH2СH(CH3)2
-
(СH3)3CCH2CH2CH3
-
CH3CH2 CH2C(CH3)
| Бағалау критерийлері | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
| Білімалушы | |||
| Көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажыратады | 1 | феназиннің эмпирикалық формуласын белгілейді; | 1 |
| Изомерлер формулаларын құрады және IUPAC номенклатурасы бойынша атайды | 2 | молекулалық формуласы C5H11Br болатын қосылыстың функционалдық топтардың орнасуы бойынша изомерлер формуласын бейнелейді және атайды; | 2 |
| молекулалық формуласы C5H11Br болатын қосылыстың көміртек қаңқасы бойынша изомерлер формуласын бейнелейді және атайды; | 2 | ||
| 4 | R қосылысының еселі байланыстың орналасуы бойынша құрылымдық формуласын бейнелейді; | 1 | |
| S затына изомер болатын затты табады және изомер түрін атайды; | 2 | ||
| Гомологтық қатар құрады және ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіреді | 3 | C3H8 және C4HХ қосылыстарының органикалық класын жазады; | 1 |
| C4HХ қосылысының молекулалық формуласын аяқтайды; | 1 | ||
| гомологтардың бір ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіреді; | 2 | ||
| Қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрады және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атайды | 4 | Q қосылысын IUPAC номенклатурасы бойынша атайды; | 1 |
| U қосылысын IUPAC номенклатурасы бойынша атайды; | 1 | ||
| 5 | 2,2 – диметилпентанның құрылымдық формуласын табады. | 1 | |
| Барлығы | | 15 | |
11.1 «Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білімалушының аты-жөні
| Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
| Төмен | Орта | Жоғары | |
| Көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажыратады | көмірсутектердің құрылымдық формулаларынан эмпирикалық формуласын анықтауда қиналады | көмірсутектердің құрылымдық формулаларынан эмпирикалық формуласын анықтауда қателіктер жібереді | көмірсутектердің құрылымдық формулаларынан эмпирикалық формуласын анықтайды |
| Изомерлер формулаларын құрады және IUPAC номенклатурасы бойынша атайды | изомерлердің түрлерін атауда және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құруда қиналады | изомерлердің түрлерін атауда/ көміртек қаңқасы/еселі байланыстың орналасуы/функционалдық топтар / класаралық изомерлерінің формулаларын құруда қателіктер жібереді | изомерлердің түрлерін атайды және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құрады |
| Гомологтық қатар құрады және ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіреді | гомологтық қатар құруда, гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіруде қиналады | гомологтық қатар құруда/ гомологтарды ұқсастығы мен айырмашалығы түсіндіруде қателіктер жібереді | гомологтық қатарды дұрыс құрады, гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіреді |
| Қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрады және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атайды | қосылыстардың құрылымдық формулаларын құруда және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атауда қиналады | қосылыстардың құрылымды формулаларын құруда/ оларды IUPA номенклатурасы бойынша атауд қателіктер жібереді | қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрады және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атайды |