Файл: дебиет сыны деби сын, кркем деби сын дебиеттану ылымыны бір саласы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әдебиет сыны – әдеби сын, көркем әдеби сын – әдебиеттану ғылымының бір саласы.
Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдебипублицистикалық, ғылыми-эстетикалық шығармашылық түрі.
Сендерді әдеби сын жазуға баулу тек шығарманың мазмұнын түсінуге ғана емес, сол шығарманың тууына себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды да терең түсінулеріне мүмкіндік береді. Өйткені көркем шығармадағы айтылған ойлардың әлеуметтік астарына мән беру керек. Сонда ғана сын белгілі бір әдеби құбылыс туралы қоғамдық ой қорытады. Сонда ғана сын өзінің жанр ретінде неге дүниеге келгенін, не үшін қажеттігін дәлелдей алады.
Белгілі әдебиетші-ғалым Дандай Ысқақұлы әдеби сынның теориялық мәселелерін зерттей келіп: «Әдеби сын дегеніміз – әдебиеттану ғылымы мен қоғамдық ғылымдардың тоғысқан түйінінен пайда болып, күнделікті әдеби процесті зерттейтін, оған баға беріп, оқырманның рухани әлемі аясында қызмет атқаратын әлеуметтік сананың сан қырлы саласы», – деген тұжырым жасады.
Д.Ысқақұлы ұлттық сынымыздың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ әдеби сынының мынадай негізгі жанрларын атап көрсетеді: әдеби хабар, аннотация, рецензия, мақала, шығармашылық портрет, шолу, эссе, әдеби фельетон, әдеби пародия, әдеби эпиграмма, монография. Бұлардан басқа библиографиялық көрсеткіш, әдеби есеп, әдеби очерк, әдеби шарж т.б. жанрлар бар екенін де ескертеді.
Әдеби эссе жазуды меңгеру үшін, ең алдымен, әдеби эссе құрылымын білу
маңызды. Эссе құрылымы қандай болады? Нені ескеру керек?
1. Кіріспе. Бұл бөлімді үш не төрт сөйлеммен ашуға болады. Алғашқы сөйлемнен-ақ оқырманды баурап алуға тырысу керек. Тақырыптың өзектілігін алға тарту маңызды.
2. Негізгі бөлім. Бұл бөлім кемінде үш азат жолдан тұрып, үш пікірмен ашылғаны дұрыс. Әр пікір кіріспеде көрсетілген мақсатты ашуға жұмыс жасауы керек. Әр азат жол бес-алты сөйлемнен тұрса да болады. Бірінші, екінші сөйлемде негізгі мәселе туралы ақпарат беріледі. Ал үшінші, төртінші сөйлемде осы мәліметке қатысты ой орын алады. Одан кейінгі сөйлемдерде жалпы ойды қорытындылау керек.
3. Қорытынды.
Басты ескеретін мәселе – жаңа ой жазудан аулақ болу. Мұнда
бастапқы көзқарасыңа қайта оралып, оны басқа сөйлеммен жеткізуге тырысу керек. Сонымен қатар негізгі бөлімнің әр азат жолының түйінін топтап жазып барып, жалпы қорытынды сөйлеммен аяқтаған дұрыс.
Эссені топпен жазу. Топқа бөлінгеннен кейін, 1-бала тақырып бойынша тақырыптық сөйлем жазады, 2-бала не талқылайтынын жазады, 3-бала дәлел келтіреді, 4-бала қорытып, барлығын байланыстырады немесе мұғалім ұсынған қиылған эссені дұрыс ретпен құрастыру керек. Сондай-ақ топқа бөлініп, 1-топ кіріспе бөлімін, 2-топ негізгі бөлімін, 3-топ қорытынды бөлімін жазып, сынып алдында қорғап, талқылауға болады.
Эссе жазу кезеңдері:
Проблеманы анықтау – ойлану – жоспарлау – жазу – тексеру.
Эссе жазу барысында сақталуы тиіс талаптар:
• жеке көзқарастың көрінісі;
• фактілі дәлелдер (аргументтер);
• теориялық негіздеме;
• терминдерді қолдану;
• дәйексөздерді келтіру;
• әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• логикалық заңдылықтың сақталуы;
• салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• сауаттылық (пункт., орфогр.);
• юмор, сарказм;
• қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссе жазу барысында жиі кездесетін қателіктер:
• тақырыптың ашылмауы;
• автордың жеке позициясының көрінбеуі;
• теориялық негіздемесінің болмауы;
• терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
• тым қарапайым өмір мысалдарының көптігі;
• ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздердің орын алуы;
• келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы келуі;
• қорытындылау, түйін шығарудың жоқтығы;
• логиканың болмауы.