Файл: 7 а сыныбында "Тарматалан алгоритмдерді программалау" таырыбындаы жаа білімді мегерту сабаыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Герасимовка орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бердыгожаева Шынар Базархановнаның 7 А сыныбында "Тармақталған алгоритмдерді программалау" тақырыбында өткізілген сабаққа өзіндік талдау

7 А сыныбында "Тармақталған алгоритмдерді программалау" тақырыбындағы жаңа білімді меңгерту сабағының оқу мақсаты: Python тілінде тармақталған алгоритмдерді программалау. Сабақ соңында оқушылар алдыңғы білімдері тармақталған алгоритм ұғымын, Python тілінің синтаксисін қайталац отырып , программа құру барысында тармақталған алгоритм құрылымын, тармақталған алгоритмдерді блок схемасын құруды, Python тілінде программаллау кодын жазуды меңгеруі тиіс.

Осы мақсатқа жету үшін оқушылардың мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді, соның ішінде жағымды психологиялық ахуал тудыра отырып, цифрлық білім ресурстарының көмегімен миға шабуыл тәсілімен сабақтың тақырыбы және мақсаты ашылды. Жаңа сабаққа көшпес бүрын өткен материалды қайталау мақсатында WordWall платформасында білімдері тексерілді. Жаңа тақырыпта меңгеруде естіген, білгенін талдап, салыстырып, өз ойын нақты жеткізуге бағытталған топтық жұмыс жасалды. Бағалауда Әрбір тапсырмаға дескрипторлар құрылып, өз-өзін бағалау, бір-бірін бағалау, топ басшысының топ мүшелерінің бағалауы жүзеге асырылды, бағалары тақтаға шығарылып ортақ бағасы жариялы түрде шығарылды.

Сабақ соңында "тик-ток" әдісімен рефлексия жасалды. Оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерімен ашық бөлісті.

Сабақ барындаалынған әдіс-тәсілдер әртүрлі болды: сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топтық, жұптық жұмыс, компьютермен жұмыс, үлестірмемен жұмыс.

Жұмыс қарқыны бірқалыпты, оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас үйлесімді болды деп есептеймін, сабақта оқушылар өздерін еркін ұстап, ойларын жеткізе білді.

Сабақтың барлық этаптарын сақтай отырып, мақсатыма толықтай жеттім, сабақ барысында оқушылар түгелдей дерлік сабаққа белсене қатысып, практикалық тапсырмаларды орындай алды.

Сабақтың ұтымды жағы: