Файл: 5. Студенттерді білімін баылау бойынша материалдар 1ші аралы баылау сратары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 161
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені
Мамандығы: Кеден ісі
Шифр: 5В030400
Пән:Кеден ісі саласындағы криминалистика
5. Студенттердің білімін бақылау бойынша материалдар
5.1. 1-ші аралық бақылау сұрақтары
-
Сот-жедел фотографиясы және оның қылмысты тергеу кезіндегі маңызы (ролі) -
Адамның қол, аяқ ( аяқ киім) іздерін криминалистикалық зерттеу -
Транспорттық құралдарды, құлыптарды және құлыптап жабатын құрылғыларды криминалистикалық зерттеу -
Сот баллистикасының түсінігі, объектілері, міндеттері -
Баллистикалық объектілерді табу, бекіту және алу -
Суық қаруды криминалистикалық зерттеу -
Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу -
криминалистикалық қолжазбатану -
Құжаттарды технико-криминалистік зерттеу -
Қылмыстарды тергеу кезіндегі ауызша суреттеудің маңызы -
Криминалистикалық тіркеулер және оның қылмысты тергеу кезіндегі ролі.
-
Болжау туралы криминалистикалық ілім. -
Тергеу және анықтама органдарының қызметінде арнайы білімді қолдану. -
Қылмыстарды тергеу кезінде тергеуші мен анықтама органдарының өзара әрекеті. -
Оқиға болған жерді қарау тактикасы (жалпы ережелері). -
Оқиға болған жерді қарау (қылмыстың түрлеріне байланысты). -
Құжаттарды қарау тактикасы. -
Куәландыру тактикасы. -
Үй-ғимараттарда тінту жүргізу тактикасы. -
Куәлар мен жәбірленушілерден жауап алу тактикасы. -
Сезікті мен айыпкерден жауап алу тактикасы. -
Кәмелетке толмағандардан жауап алу тактикасы. -
Беттестіру кезінде жауап алу тактикасы. -
Тергеу экспериментін жүргізу тактикасы. -
Тану үшін көрсету тактикасы. -
Жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы. -
Сот сараптамасының кейбір түрлерін тағайындауды дайындаудың ерекшеліктері (бухгалтерлік, медициналық, психиатриялық, материалдар мен бұйымдар, өрт-техникалық және т.б.) -
Жекеленген қылмыс түрлерін тергеу әдістемесі. -
Қылмыстардың криминалистикалық сиапттамасы. -
Жәбірленушінің жоғалуына байланысты қозғалған адам өлтіру қылмыстарын тергеу. -
Зорлық белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты қозғалған адам өлтіру қылмыстарын тергеу. -
Меншікке қарсы бағытталған қылмыстарды тергеу әдістемесі (ұрлық, тонау, шабуыл жасап тонау, бөтеннің мүлкін иемдену және талан-таражға салу, алаяқтық және қорқытып талап ету).
Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар:
Вариант 1.
1. Беткі қабатты және көлемді іздер дегеніміз не? Оларды алудың жолдары мен тәсілдері қандай?
2. Қол саусақтарының және алақан іздерін бояу үшін қандай ұнтақтарды т.б. химикаттарды қолдануға болады?
3. Көлік құралдарының колеясы және базасы дегеніміз не және оларды зерттеу нәтижесінде қандай мәселелерді шешуге болады?
Вариант 2.
1. Іздер, оларды түсу, пайда болу механизміне байланысты қалай жіктеледі, оларға сипаттама беріңіз.
2. Көлік құралдарының іздерін бекітудің негізгі амалдарына және олардың пайдаланудың кезектілігіне түсініктеме беріңіз.
3. Бұзу құралдарының іздерін зерттеу арқылы қандай идентификациялық емес мәселелерді шешуге болады.
Вариант 3.
1. Сот трасологиялық сараптамасының объектісі болып табылатын іздердің негізгі түрлерін атаңыз.
2. Із жолдарын зерттеу арқылы адамның қандай ерекшеліктерін анықтауға болады?
3. Папиллярлы сызықтардың негізгі қасиеттерін атаңыз.
Вариант 4.
1. Іздердің түсінігін және олардың пайда болу механизмін сипаттаңыз.
2. Із бойынша көлік құралдарының қозғалыс бағытын қалай анықтауға болады?
3. Адамның дәстүрлі емес іздері (тістің, тырнақтың, еріннің және тағы басқа), олардың криминалистік маңызы.
Вариант 5.
1. Алфавитті-дактилоскопиялық тіркеу дегеніміз не және ол қалай жүзеге асырылады?
2. Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігі бойынша оның негізін анықтаңыз: 78968 / 17329
3. Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігі бойынша қай саусақта шеңбер тәріздес өрнектің бар екенін анықтаңыз. 15 / 17
Вариант 6.
1. Қылмыстық тіркеу түрлері және олардың міндеттері.
2. Дактилоскопиялық формуланың қосымша бөлігі бойынша оның негізін анықтаңыз: 87349 / 15682
3. Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігі бойынша қай саусақта шеңбер тәріздес өрнектің бар екенін анықтаңыз. 9/11
Вариант 7.
1. Хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды тіркеу қалай және кіммен жүзеге асырылады?
2. Дактилоскопиялық формуланың қосымша бөлігі бойынша оның негізін анықтаңыз:31785 / 91347
3. Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігі бойынша қай саусақта шеңбер тәріздес өрнектің бар екенін анықтаңыз: 27 / 19
Вариант 8.
1. Белгісіз, танылмаған мәйіттерді тіркеу қалай және кіммен жүзеге асырылады?
4. Дактилоскопиялық формуланың қосымша бөлігі бойынша оның негізін анықтаңыз:31645 / 82546
5. Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігі бойынша қай саусақта шеңбер тәріздес өрнектің бар екенін анықтаңыз: 16 / 4
5.2. Емтихан сұрақтары
Криминалистиканың теориялық негіздері мен криминалистикалық техника
№ | Сұрақтар |
| Криминалистика ғылымының басқа ғылымдармен өзара байланысы. |
| Криминалистік диагностиканың ұғымы |
| Криминалистиканың пәндік сипаттамасы, жүйесі және әдістері |
| Криминалистика ғылымының жалпы, арнайы және нақты мәселелері. |
| Криминалистік техника криминалистиканың негізгі бір бөлімі, оның пәні және түсінігі |
| Трасологияның түсінігі, оның ғылыми негіздері. |
| Криминалистік идентификацияның түсінігі, оның ғылыми негіздері |
| Криминалистік фотографияның түсінігі және оның маңызы |
| Трасологиялық іздерінің сипаты және жүйесі. |
| Сот-тергеу фотографиясы және оның қылмысты ашудағы мәні. |
| Адамның трасологиялық іздері, олардын криминалистік маңызы |
| Сот-тергеу фотографиясының әдістері |
| Сот-тергеу фотографиясының түрлері. |
| Қолдың іздерінің сипаттамасы, өрнектердің түрлері |
| Қолдың іздерін табу, бекіту, алу |
| Аяқтың және аяқ киімнің іздері, олардың криминалистік маңызы. |
| Бұзу құралдарының іздері,оларды табу, бекіту және алу |
| Сот баллистикасының түсінігі, объектілері, мәселелері. |
| Аяқтың және аяқ киімнің іздерін табу, бекіту және алу |
| Атыс қаруларын криминалистік зерттеу. |
| Көлік іздерін криминалистік зерттеу және оның қылмысты ашудағы маңызы. |
| Криминалистикалық қолжазбатанудың түсінігі, объектісі және ғылыми негіздері |
| Оқ және гильзаны криминалистік зерттеу, олардың табу, бекіту және алу |
| Ату іздерін криминалистік зерттеу. |
| Криминалистикалық қолжазбатанудың белгілері |
| Қолжазба үлгілерінің түсінігі |
| Құжаттарды техника-криминалистік зерттеудің түсінігі, объектілері |
| Криминалистикалық габитологияның түсінігі және оның ғылыми негіздері |
| Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі |
| Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері |
Криминалистік тактика
№ | Сұрақтар |
| Криминалистік тактика криминалистиканың негізгі бір бөлімі. |
| Тактикалық ұғымдардың түсінігі және маңызы. |
| Тергеу қарауының түсінігі, түрлері |
| Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, түрлері, процессуалдық шарттары мен маңызы. |
| Оқиға болған жерді қараудың тактикалық ұсыныстары |
| Оқиға болған жерді қарау кезеңдері |
| Мәйітті қараудың тактикасы |
| Қуәландірудің тактикасы |
| Тінтудің тактикалық ұсыныстары |
| Тінтудің түсінігі, түрлері, маңызы. |
| Тінтудің кезеңдері. |
| Тергеу экспериментінің түсінігі, түрлері, процессуалдық шарттары мен маңызы. |
| Тергеу экспериментінің кезеңдері. |
| Тергеу экспериментінің жеке түрлерін жүргізудің тактикалық ерекшеліктері |
| Жауап алу, оның түсінігі, түрлері және маңызы. |
| Жауаптың қалыптасу кезеңдері |
| Жауап алудың тактикалық ұсыныстары |
| Жауап алудың дайындық кезеңі. |
| Қайшылықсыз жағдайда жауап алу |
| Жауап алудың жұмыс кезеңі |
| Кәмелетке жасы толмаған сезіктіден, айыпкерден жауап алудың тактикасы. |
| Қайшылықты жағдайда жауап алу |
| Кәмелетке жасы толмаған куәдан, жәбірленушіден жауап алудың тактикасы. |
| Беттестірудің түсінігі және оның тактикасы. |
| Тану үшін көрсетудің түсінігі, түрлері, маңызы |
| Тану үшін көрсетудің кезеңдері |
| Адамдарды тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері. |
| Мәйітті, объектілерді тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері |
| Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі, маңызы. |
| Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың тактикасы |
Криминалистік әдістеме
№ | Сұрақтар |
| Криминалистік әдістеме криминалистиканың негізгі бір бөлімі. Есеп: Атыс қаруынан жарақат алған супермаркет күзетшісі З. азаматы табылды. Алғашқы тергеу әрекеттері қандай және болжаулар жүйесін анықтаңыз? |
| Криминалистік әдістемесінің құрылымы. Есеп: Пәтерде атыс қаруынан жарақаттанған коммерциялық фирманың директоры азамат Х-тың. мәйіті табылды. Қарау барысында құнды заттар мен мүліктің ұрлану фактісі анықталынбады. Тергеудің жоспарын, алғашқы тергеу әрекеттерін және болжаулар жүйесін құрыңыз? |
| Тергеу органдарының басқа органдармен өзара байланысы. Есеп: 30 – қазан күні түнде белгісіз адамдар Х. азаматының шаруа қожалығына келіп, екі бұзау мен бір сиырды ұрлап алып кеткен. Оқиға болған жерді қарау кезінде әртүрлі өлшемдегі аяқ іздері мен дөңгелек іздері табылды. Қылмыстың мән-жайын анықтау үшін қандай сараптамалар тағайындалады? |
| Криминалистік сипаттаманың ұғымы. Есеп: Өрт фактісі бойынша оқиға болған жерге тергеу-жедел тобы шықты. Тергеу-жедел тобына қатысатын тұлғалар кімдер және оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетінің ерекшелігі қандай? |
| Криминалистикалық болжау, оның түсінігі. Есеп: Жауап алу барысында сезікті К. жалған мәліметтер берді. Шынайы мәліметтер алу мақсатында қандай тактикалық тәсілдер қолдануы қажет? |
| Тергеуді жоспарлау және оның қағидалары. Есеп: ІІБО-на Н. азаматы жеке басы анықталмаған азаматтардың 500000 тенге қорқытып талап етеді деп арызданады. Қылмыстық істі қозғау кезінде қандай алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу қажет? |
| Криминалистикалық сипаттаманың элементтері. Есеп: Алматы-Астана трассасында екі автокөліктің қақтығысуы орын алды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде бір жолаушы қайтыс болды. Жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері қандай және олардың жүргізу ерекшеліктері? |
| Бөтеннің мүлкін талан-таражға салып пайда ету қылмыстарының криминалистік сипаттамасы. Есеп: Оқиға болған жерді қарау кезінде үстелдің үстінен қол саусағының үш таңбасы табылған. Осы іздерді бекіту, алу және хаттамада сипаттау ережелері қандай? |
| Бөтеннің мүлкін талан-таражға салып пайда ету қылмыстарын тергеудің алғашқы әрекеттері. Есеп: Кәсіпорын директорында ақша қаражаттарының талан-таражға салыну фактісі анықталды. Алғашқы тексеру және тергеу әрекеттері қандай? |
| Алаяқтық қылмысының криминалистік сипаттамасы. Есеп: А. азаматшасын тонау фактісі бойынша сезікті ретінде Н. азаматы ұсталды. Қандай тергеу әрекеті жүргізіледі және оны жүргізу тәртібі мен ерекшелігі қандай? |
| Алаяқтық қылмысын тергеудің алғашқы әрекеттері. Есеп: Тонау фактісі бойынша жәбірленушіден жауап алынды. Жауап алу кезінде жәбірленуші қылмыскердің сипаттамасын берді. Сыртқы келбеті бойынша сипаттаудың ережесі қандай? |
| Алаяқтық қылмысын тергеудің кейінгі кезеңі. Есеп: Н. азаматының пәтерінде есірткі заттары мен атыс қару жарағы бар екендігі туралы ақпарат түсті. Қандай тергеу әрекеті жүргізіледі және оны жүргізу тәртібі мен ерекшелігі қандай? |
| Ұрлық қылмыстарының криминалистік сипаттамасы. Есеп: Сезікті М. азаматы ұрлық әрекетін бірінші қабатта орналасқан терезенің темір торы арқылы кіріп жасағанын көрсетті. Қандай тергеу әрекеті жүргізіледі және оны жүргізу тәртібі қандай? |
| Пәтер ұрлау қылмыстарын тергеудің кейінгі кезеңі. Есеп: Қалалық клиникалық ауруханаға пышақ жарақатымен жәбірленуші Н. азаматы түсті. Жауап алу барысында жәбірленуші Н. жарақатты таныс көршісі Г. азаматы салғанын мәлімдеді. Қандай тергеу әрекетін жүргізу қашан және оны жүргізу тәртібі қандай? |
| Пәтер ұрлау қылмыстарын тергеудің алғашқы кезеңі. Есеп: Ұсталған Г. азаматы жауап алу кезінде ұрлық әрекетін жасағанын хабарлады. Көрсетпесін тексеру мақсатымен қандай тергеу әрекеті жүргізіледі? Тергеу әрекетін жүргізу тәртібі қандай? |
| Қарақшылық қылмысын тергеудің кейінгі кезеңі. Есеп: Б. азаматының сыртқы киімі – қара түсті күртешесі ұрланған. Тергеу барысында сезікті тұлға ретінде К. азаматы ұсталып, одан ұрланған күртеше алынды. Қандай тергеу әрекетін жүргіземіз? Оны жүргізу тәртібі қандай? |
| Қарақшылықтың криминалистік сипаттамасы. Есеп: Куә А.азаматы оқиға болған жерде өзі танитын сезіктіні көргенін хабарлады. Ал сезікті Н. болса оқиға болған жерде болғанынан бас тартты. Қандай тергеу әрекетін жүргіземіз? Оны жүргізу тәртібі қандай? |
| Қарақшылық қылмысын тергеудің алғашқы әрекеттері. Есеп: Сот-қолжазба сараптамасына қандай үлгілер жіберіледі. Оларды алу ережелері қандай? |
| Қорқытып алу қылмысын тергеудің кейінгі кезеңі. Есеп: Тергеу кезінде мекемеден бухгалтерлік құжаттарды алу қажеттілігі туындады. Қандай тергеу әрекеті жүргізіледі? Жүргізу тәртібі қандай? |
| Қорқытып алу қылмысының (рэкет) криминалистік сипаттамасы. Есеп: Өрттенген үйдің ішінен мәйіт табылды. Тағайындалатын сараптамалардың түрлері? |
| Қорқытып алу қылмысын тергеудің алғашқы әрекеттері. Есеп: Луганский көшесінің бойында мәйіттің табылуы туралы хабарлама түсті. Типтік тергеу болжаулар қандай? |
| Адам өлтіру қылмысын тергеудің типтік ситуациялары және болжаулары. Есеп: Дене жарақаттары бар мәйіт табылды. Тергеудің алғашқы кезеңіндегі типтік тергеу ситуациялары қандай? |
| Адам өлтіру қылмысын тергеудің алғашқы кезеңі (зорлықпен өлтірілген белгілері бар мәйіт). Есеп: Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің алғашқы кезеңіндегі типтік тергеу ситуациялары қандай? |
| Адам өлтірудің криминалистік сипаттамасы. Есеп: Н. азаматының үйінде тінту жүргізу қажеттілігі туындаты. Тергеушінің тінту жүргізуге дайындық жұмыстары қандай? |
| Адам өлтіру қылмысын тергеудің алғашқы кезеңі (хабар-ошарсыз кеткенде). Есеп: Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің алғашқы кезеңіндегі типтік тергеу ситуациялары қандай? |
| Адам өлтіру қылмысын тергеудің кейінгі кезеңі. Есеп: Н. азаматының пәтерінде ұрлық қылмысы барысында заттар ұрланды. Алғашқы тергеу кезеңіндегі типтік тергеу ситуациялары қандай? |
| Адам өлтіру қылмысын тергеудің алғашқы кезеңі (жеке басы анықталмаған адамның мәйіті). Есеп: Зорлау фактісі бойынша жәбірленушіден арыз түсті.Осы оқиға бойынша қандай болжаулар құруға болады, егер де қылмыскер мен жәбірленуші таныс болған жағдайында қандай алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіледі? |
| Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен байланысты қылмыстардың криминалистік сипаттамасы. Есеп: Қалдық салынатын жәшіктің ішінен нәрестенің мәйіті табылды. Оқиға болған жерді және мәйітті қараудың ерекшелігі қандай? |
| Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен байланысты қылмыстарды тергеудің алғашқы кезеңі. Есеп: Азамат А-ны ұстау кезінде жеке тінту жүргізілді. Тінту барысында есірткі зат – 200гр. марихуана табылды. Осыған байланысты тергеудің алғашқы кезеңі қандай? |
| Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен байланысты қылмыстарды тергеудің кейінгі кезеңі. Есеп: Қапқа салынған белгісіз әйел адамның бөлшектелінген мәйіті табылды. Қандай алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіледі? |