Файл: Отбасы ндылытары блімі бойынша жиынты баалау. Т. Нрмаамбетов Анасын саынан бала.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 171
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау. Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»Оқу мақсаттары:Т/Ж4. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазуБағалау критерийлері:Шығармадағы кейіпкерлер портретін анықтайды;Шығармадан кейіпкерлер іс-әрекетін табады;Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашады;Шығармадан алған әсері туралы жазбаша жеткізеді.1-тапсырма.Тест тапсырмаларын орындаңыз.1. «Мен қалған балмұздақтарды Сағынай деген досыма беріп кетемін. Оның балмұздақ сатып әперетін аталары да жоқ»-осы үзінді қай кейіпкердің сөзі?А) Күміскүлдің сөзі.Б) Сержанның сөзі.С) Аязбайдың сөзі2. Атаңның мазасын алма. Баламыз тентек екен деп кетеді ғой, - деп..... тоқтау айтқан болып еді.-шығармадағы осы сөздерді айтқан кейіпкер Сержанның кімі еді?А) Сержанның анасыБ) Сержанның нағашы әжесіС) Сержанмен достасып кеткен қонақ атасы.3. -Ол сатып әпермек түгілі... тамағың ауырады деп ұрсады...- осы жерде Сержан кім туралы әңгімелеп тұр?А) Аязбай атасы туралы Б) Есмағамбет атасы туралыС) Балмағамбет атасы туралы2-тапсырма. Берілген үзінділерде кейіпкердің қандай көңіл-күйі, білінеді? (Қобалжу, қуану, сағыныш, жақсы көру, жек көру т.б.)
| Әңгімеден үзінді | Кейіпкер көңіл-күйі | Менің ойымша... |
| Баланың қуаныштан есі шығып, екі беті ерте піскен алмадай алабұртып тұрды. | | |
| Сержан туралған нандарды Есмағамбеттің алдына жақындатып қояды. Шай құйылған кесесін Есмағамбетке алып береді. Оның кесесі босаған сәтте қайтадан әжесіне қарай ұзатады. | | |
| | |
| Мамасы мен папасы жайлы баланың шабыттанып айтқаны сондай, осы қалпында пойызға қазір мініп кетердей, тіпті пойызды күтпеспен-ақ құс болып ұшып кетердей алып-ұшқан екпін бар еді. Ол – ол ма, сәлден соң Сержанның көздерінде үлкендігі бұршақтай жас тамшыларының пайда болғанын қайтерсің. | | |