ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«№25 ЖОББМ» КММ
«ШҚО Семей қаласы білім бөлімі» ММ
«Жас биологтар» үйірмесі
Жауапты мұғалім: биология пәнінің мұғалімі Қоңырова Е.М
Жетекшісі: Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университетінің
жаратылыс ғылымдары пәндерін оқыту
кафедрасының аға оқытушысы,
биология магистрі: Құнанбаева Н.С.
Түсінік хат
Жалпы білім беретін орта мектептерде жаратылыстану пәндерінің маңызы зор. Жаратылыстану пәндері баланың дүниетанымын кеңейтіп, ақыл-ойын дамытатын, білімін шыңдайтын, жан-жақты білім беретін пәндер жүйесі.
Мектеп оқушылары жаратылыстану пәндерімен бастауыш сыныпта танысып, жоғары сыныптарда толық білім алады. Атап айтсақ бастауыш сыныптағы дүниетану, математика пәндері, 5-сыныптағы жаратылыстану,
6- сыныпта биология, география пәндеріне жалғасады. Биология курсының
6-сыныбында өсімдіктер дүниесімен, 7- сыныпта жануарлар дүниесімен,
8-сыныпта адам ағзасымен танысады. 9,10,11-сыныптарда жалпы биология тірі ағзалардың тіршілігі туралы оқып біледі.
Мектеп оқушыларының биология пәніне қызығушылығы артатын кезі бұл 6-7 сыныпта оқу кезеңдерінде. Осы уақыттарда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, білім беру өте маңызды. Балалардың дүниетанымын арттырып, сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануда сыныптан тыс жұмыстар мен үйірмелердің маңызы зор.
«Жас биологтар» үйірмесінің мақсаты оқушылардың биология пәнінен білімдерін арттыру, практикалық жұмыстар жасау арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту. Биология пәнін экология пәнімен байланыстыра отырып, оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар, бұл үйірменің оқушыларға болашақта биология саласы бойынша мамандық таңдауда, ғылыми жоба сайыстарына қатысып, шығармашылықпен жұмыс жасай білуде маңызы зор.
Үйірменің теориялық оқытылуы:
Табиғатты пайдалануда өнегелік және құқықтық принціпті сақтау, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауы, оқып үйренуге, табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологиялық жауапкершіліксіздіктің кері әсері туралы идеяларды насихаттауды жаңа көзқарас негізінде қалыптастыру қажеттілігінен туындаған.
Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың биологиялық, экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға, тәжірибе жасауға, қорытынды жасай білуге үйрету. Мектеп институт арасында шығармашылық байланыс орнату
Үйірменің міндеті:
-
Оқушыларға биологиялық білім мен тәрбие беру проблемасын теориялық жағынан негіздеу; -
Экологиялық тәрбие мен білім беруді жергілікті жердің табиғатын қорғау міндетімен ұштастыру; -
Оқушы экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыру жолдарын қарастыру; -
Оқушылардың биологиялық білімін мектепті көгалдандыру жұмысына бағыттау; -
Болашақ мамандық таңдауға ықпал ету; -
Жергілікті жердің өсімдіктері мен жануарлары; -
Жергілікті жер табиғатына қамқор болу: -
Мектеп жылыжайында тәжірибелер жүргізу.
І Мазмұндық бөлім
Курстың мазмұны Қоршаған орта мен табиғат. Жергілікті жердің экологиясы, өсімдіктері, жануарлары. Өсімдіктердің мүшелері, олардың атқаратын қызметі, маңызы. Өсімдіктер әлемінің саналуандылығы, түрлері. Өсімдіктер әлемінің ғажайыптары.
ІІІ Білім мен біліктерге қойылатын талаптар.
Оқушылар білуге тиіс:
-
Биология ғылымының міндеттері мен мақсаттарын; -
Биологияның зерттеу әдістерін, биология салаларын; -
Табиғат заңдылықтарын, өсімдіктердің маңызын; -
Жылыжайда өсімдіктерді күтіп-баптаудың тиімді әдістерін; -
Жергілікті жер экологиясын, өсімдіктер дүниесін, жануарлар дүниесін; -
Мәліметтер жинау, қорытынды жасау; -
Өсімдіктерді күту, өсіру жолдарын; -
Тәжірибе жасау, салыстыру, зерттеуді.
2019-2020жж
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
1 | Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы сипаттама | 1 | |
2 | Қазақстанда кездесетін емдік қасиеті бар өсімдіктер | 1 | |
3 | Қазақстанда мекен ететін өсімдіктер мен жануарлар | 1 | |
4 | Өсімдіктердің тыныс алуы және фотосинтез | 1 | |
5 | Мәдени өсімдіктер | 1 | |
6 | Қазақстанды мекендейтін құстар | 1 | |
7 | Құстардың құрылысы және тіршілік ерекшіліктері | 1 | |
8 | Қызыл кітап | 1 | |
9 | Қорықтар және олардың маңызы | 2 | |
10 | Гигиена туралы жалпы түсінік | 1 | |
11 | Жұқпалы аурулар және олардан сақтану жолдары | 1 | |
12 | Тері аурулары | 1 | |
13 | Көру мүшесінің құрылысы мен гигиенасы | 1 | |
14 | Ағзаның ішкі дәрігері иммунитет | 1 | |
15 | Иммунитетті қалай көтереміз? | 1 | |
16 | Қан топтары және қан құю | 1 | |
17 | Табиғатты қорғау | 1 | |
18 | Қазақстанның экологиялық проблемалары | 2 | |
19 | Адамның табиғаттағы рөлі | 1 | |
20 | Ауа рай және климат | 1 | |
21 | Топырақ және оның түрлері | 1 | |
22 | Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар | 1 | |
23 | Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері | 1 | |
24 | Өкпе жұмысының көрсеткіштері | 1 | |
25 | Тістердің құрылысы мен қызметі | 1 | |
26 | Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы | 1 | |
27 | Дәрумендер және олардың сипаттамасы | 1 | |
28 | Гиподинамия.Сымбаттың бұзылуы | 1 | |
29 | Маңғыстау ауданының флорасы мен фаунасы | 2 | |
30 | Экожүйе құрамбөліктері | 1 | |
31 | Қорытынды сабақ | 1 | |