Файл: Білім алушыны емтихан тапсыру ережесі міндетті Білім алушыныны емтихан тапсыру ережесін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ ЕРЕЖЕСІ

Міндетті:



  1. «Білім алушынының емтихан тапсыру ережесін» білуге;

  2. Емтихан болатын аудиторияға емтихан кестесінде көрсетілген уақыттан 20 минут бұрын келуге. Кешіккен студент емтиханға жіберілмейді!

  3. Жеке заттарды (сумка, сөндірілген ұялы телефон, кітап, дәптер және т.б.) аудиторияда арнайы бөлінген орынға қалдыруға және сырт киімдерін гардеробқа өткізуге міндетті;

  4. Өзімен бірге тек қаламсап, емтихан сессиясына жіберілгені туралы мөр басылған сынақ кітапшасын және рұқсат етілген қосымша материалды* алуға;

  5. Қатысу (Келу) парағына қол қойып, сынақ кітапшасын емтихан қабылдаушы үстеліне қалдырып, емтихан қабылдаушы** көрсеткен орынға отыруға;

  6. Тест ЭЕМ түрде емтихан кезінде компьютердегі MOODUL бағдарламасының терезесі аудиторядағы емтихан қабылдаушының қатысуымен логин парольмен кіру;

  7. Емтихан қабылдаушы айтқан нұсқауларды мұқият тыңдап орындауға;

  8. Емтихан қабылдаушыдан жауап парағын алуға;

  9. Емтихан сұрағы түсініксіз болып немесе жауап парағында мөр болмаған жағдайда емтихан қабылдаушыға хабарлауға;

  10. Қосымша жауап парағы*** керек болған жағдайда емтихан қабылдаушыдан алуға;

  11. Емтихан сұрақтарына көрсетілген уақыттан ерте жауап беріп болған жағдайда емтихан қабылдаушыға жауап парағын беріп, сынақ кітапшасын алып аудиториядан шығуға.

  12. Тест ЭЕМ түрде емтихан кезінде әр білім алушы орнында отырып емтихан қабылдаушыға тест аяқтағаның белгілетеді және алған нәтижесін қатысу парағына тіркейді, рәсімдейді (қол қояды).

  13. Білім алушы емтиханның сұрақтары дұрыс қойылмағандығы немесе сұрақтың пәннің оқу бағдарламасына сәйкес емес екендігіне сенімді болса апелляциялық өтініш беру үшін жауап парағында ол туралы жазба жазып қалдыруға

Тыйым салынады:




  1. Уақыт тәртібін бұзуға (кешігуге);

  2. Шпаргалка, ұялы телефон (қосылған немесе өшірілген), кітап, дәптер және т.б. электронды құрылғыларды пайдалануға;

  3. Шулауға, сөйлесуге, емтихан қабылдаушының рұқсатынсыз орын ауыстыруға;

  4. Жауап парағын басқа білім алушыға беруге;

  5. Емтихан басталмай тұрып жауап парағына жазуға;

  6. Жауап парағында идентификациялық белгілерді (аты-жөнін, қолтыңба және т.б. күдік тудыратын белгі) қалдыруға;

  7. Емтихан аяқталғаннан соң жауап парағына жазуды жалғастыруға;

  8. Емтихан жауап парағын өзімен бірге алып кетуге;

  9. Аудиториядан емтихан басталғаннан кейін шығуға;

  10. Емтихан қабылдаушы барлық материалдар жинап алғанша орнынан тұрып кетуге;

  11. Емтихан аяқталғанына қарамастан жауап парақтарын өткізуге кедергі жасауға.