ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
# №13 Тарих философиясы
Created: 2023-04-11 20:31
Тарих философиясы.Бүгінгі лекцияда біздің қарастыратын мәселелеріміз:
-
1-ншіден-тарихты философияның пайымдау пәні ретінде талдау -
2-нші мәселе -Тарих түсінігі мен уақыт туралы көріністердің байланысы -
3-нші мәселе-Орта ғасырлардағы және қайта өрлеу дәуіріндегі тарих философиясы.Эсхатология,Августиннің тарихнамасы,Жан Батиста Виконың тарихи цикл теориясы -
4-нші мәселе-Тарихты десакрилизациялау.Білім беру тұжырымдамалары.Гегель тарихының философиясы.Тарихты және оның қозғаушы күштерін Марксистік түсіну -
5-нші мәселе-Тарихтың сыни философиясы.Дилтей,Риккерт,Ясперс және осьтік уақыт ұғымы.Шпеньглер мен Тойнбидің тарихнамасы -
6-ншы мәселе-Қазіргі заман философиясындағы тарих мәні,тарихтың соңғы мәселелері.
Ең алдымен тарих философисы мәселесіне тоқталайық.Тарих философиясы — ол тарихты бағалау мен талдау философиясы.Яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.
Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие.
-
Біріншіден тарихты антологиялық және гнесологиялық талдау. -
Екіншіден 19-ншы ғасырдың аяғы мен 20-ншы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт.
Адамдар болған,белгілі бір оқиғаны бірқатар уақыт мерзімі өткеннен кейін ұмытып,басқа оқиғаның маңыздылығын жоғары көтеруге,яғни маңыздылығын арттыруға биім болады.Тарих үдеріс ретінде,яғни процесс ретінде—өзара тығыз байланыстағы табиғат пен қоғамның дамуы болып табылса,тарих ғылым ретінде — сан алуан қырлары бар,адамзат қоғамының даму туралы ғылым болып табылады.Осыдан келіп тарих ғылымының зерттеу пәні,тарихи кеңістік пен уақыт ішіндегі қарастырылатын,адамдардың қызметі мен әрекеті,қоғамдағы қатынастардың барлығы болып саналады.
Эсхатология (грек εσχατολογία ← др-греч. ἔσχατος ) грек тілінен аударғанда мағынасы соңғы және ілім деген мағынаны білдіреді.Эсхатология дүниенің адам өмірінің баянсыздығы туралы,ақырзаман мен о дүние туралы діни ілім.Эсхатологияның негізіне:ақиқат дінге ортақ,бұл дүниенің фәни жалған екендігі,о дүниенің бақи екендігі,тозақта күнәһарлардың жазалатыны және адал құлдардың жұмақта рахатқа кенелетіні туралы діни түсінік.
Орта ғысыр философиясы философия тарихында діни ілімдердің қалыптасып,үстемдік құрылыммен ерекшеленсе,қайта өрлеу дәуірі және орта ғасыр философиясының аяқталуы мен жаңа заман философиясының басталу кезеңіне пайда болған.Мұндай философия мифилогиялық ойдан арылып,философияны мәдиениеттің жаңа саласы ретінде құрды.Ендігі философия діни түсініктерден бөлек мәдениеттің жеке саласы болып келеді.
Аврелий Августин "Құдай қаласы" шығармасында қарама қарсы екі әлемнің,Аспан қаласы мен Жер қаласының күресіне арналған.Ол қоғамның дамуы табиғаттан тыс тылсым күшке деген тұжырымға келді.Яғни адамның өмірі,оның қоғамдағы қызметі бір Құдайдың ғана қолында.
Жалпы тарих дегеніміз-жақсылық пен жамандықтың,діншілдер мен күнә жасаушылар арасындағы күрес болып табылады.
Тарихи сананың жоғары теориялық деңгейі ретінде тарих философиясына деген қызуғышылықтың Француз Ағартушылығы кезеңінде пайда болғаны айтылды және Вольтер «тарих философиясы» терминиін енгізгенде бүкіл әлемдік тарих туралы философиялық пікірлердің жиынтығын ұқтырғанмен,оған арнайы философиялық-теориялық негіздеме берген жоқ.
Осы кезеңнің көрнекті өкілдері,Жан Жак Руссо айғақты берумен шектелетін сипаттамалы тарих пен тарихи үдерістің теориялық реконструкциясы арасындағы айырмашылықты көрсетсе,Жан Батиста Вико әртүрлі халықтардың империялық тарихы мен жаңа ғылымның алға тартқан мәңгі идеалды тарихының арасын ажыратуды ұсынды.
Философиялық білімнің арнайы бөлімі тарих философиясының одан арғыдан дамуы,батыс еуропалық ойды тұңғыш рет философия мен тарихты біріктірген неміс классикалық философиясының өкілі,Гегельдің «Тарих философиясы жөніндегі дәрістерімен» байланысты болды.Ол бүкіл әлемдік тарихи үдерістің зерделігі тұжырмдамасын бекітті.Философияның енгізген жалғыз ойы:әлемде зерде үстемдік етеді деген пайымның қарапайым ойы болып табылады.Басқаша айтқанда Гегель мұны бүкіл тарих-бүкіл ойдың тарихы деп түйіндеді.
Тарихтың философиясын матералистік негізде түсіндіруді Карл Маркс жүзеге асырды және оның салдарының қандай болғанын бәрімізге де белгілі.
Фредрих Энгельстің диалектикалық болжамы белгілі дәрежеде дәл келді: Материалистік тәсіл тарихи зерттеулер барысында жүгінетін жетекші емес,тарихи айғақтарды соған лайықтап,пішетін дайын қалыпқа айналған кезде өзінің қарама қарсылығына өзгерді.
Тарих философиялық бағыт ретінде 19-ншы ғасырдың аяғы мен 20-ншы ғасыр басында Еуропада пайда болды және тарихи білімнің логикалық әдіснамалық,гнесологиялық және дүниетанымдық мәселелерді көтерді.Бұл бағыттың негізін қалаушы Вилгельм Дилдей аталмыш мәселеде Шеллингтің тепе теңдік философиясын қолданып,тарихи болмыс пен тарихи танымның өзара байланысын анықтады.Кейінірек 3 бағытқа бөліп көрсетті.Вильгельм Виндельбанд пен Генрих Ридгер бейнесіндегі Жаңа Кантшылдық метадологизм ұғымдардың түзілуі мен қызметі бойынша тарих пен жаратылыстануды қарама қарсы қойды.
Освальд Шпенглер мен Арнольд Тойнби тарихи болмысты мәдениет ұғымына енгізіп,ал мәдениетті интуиция арқылы ғана түсінуге болатын өмір,біртұтас тарихи үдеріс көптеген дербес,дербес өмір сүретін мәдени ағзаларды жасыратын фикция деп тарихи,мәдени,монодологиялық тұжырым ұсынды.
Тарих философиясындағы одан кейінгі негізгі тақырып тарихтың мәні мен бағыты,қоғамның типологиясындағы әдіснамалық мәселелер,тарихи кезеңдердің өлшемдері,тарихи прогресстің өлшемдері,тарихи үдерістің субъектілеріне қатысты өрбіп,өркениеттік тәсіл ғылымда берік орын алды.Атап айтар болсақ,Мәдени тарихи типтер(Данелевскийде),мәдениеттер(Шпенглерьде),өркениеттер(Ясперс,Тойнби,Гегель ілімдерінде) ,этностар мен суперэтностар (Гумелевта),нәсілдер(Вольтман теорияларында) көрініс тапты.
Шпенглер бойынша мәдениеттердің өмірлік циклы бұл кез-келген организмнің өмірлік циклы.Әрбір мәдениеттің өлімі және оның басқа мәдениеттерден оқшаулығы мәдениет және адамзаттың тұтас тарихи өмірінің бірлігін қамтамасыз ете алмайды.Бұл ұстанымда Освальд Шпенглер,өзінің аяқталуына жеткен , 8 мәдениеттер типін атап көрсетеді.Олар : қытайлық,вавилондық,үнділік,антикалық ,араб мұсылмандық,батыс еуропалық және маяалық.
Қазіргі тарих философиясы бұл қоғамынң табиғаттан ерекше дамуының сапалық өзінділігін ұғынуға арналған философиялық ілімнің салыстырмалы дербес саласы.Осыған орай тарих философиясы бірнеше маңызды мәселелерді қарастырады.Олар тарихтың мәні мен бағытталуы,қоғамды типологияландырудың әдістемелік тәсілдері,тарихты кезеңдерге бөлудің кретерийлері,тарихи процесстің ілгерілеуі
## Links
1.