ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 63

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№___ «____»_____________2022ж Бекітемін:______________________ Педкеңесте қаралды Гимназия директорының м.а Г.Жумабай Физикалық құбылыстартаңдау курсының бағдарламасы7а,7ә кластарыПән мұғалімі:Ж.С.Абишева Ә/Б отырысында қаралды: _______ Ж.С.Абишева№_____ хаттама _____ күні______айы 20____ жТексерілді:______________________ Г.ЖумабайТүсінік хатБүгінгі таңда еліміздің экономикалық, өндірістік дамуының тездетіп өсе түсуіне байланысты техникалық мамандық иелеріне деген сұраныс та арта түсуде. Сол себепті де мектептерде физика пәнін негізгі міндетті пән ретінде тереңдетіп оқыту мәселесі қойылып отыр. Жалпы білім беретін мектептердің 7 –шы сыныбына арналған физика бағдарлы курсының осы бағдарламасы мазмұны жағынан мектептегі негізгі курстың оқу бағдарламасына сәйкестендіріле құрылды. Бағдарлама мектептегі жалпы физика курсының «Физика табиғат туралы ғылым» тарауына негізделген және оны тереңдетіп оқыту мақсат көздейді. Бағдарламада оқушылармен өтілетін сабақтардың түрлері: теориялық, семинар, практикалық сабақтар түрінде берілген және оқып-үйренуге қажетті сағаттар саны келтірілді. Бағдарлама барысында сыныптағы диалогтың маңыздылығы, қалай оқу керектігін үйрету жолдары, сыни тұрғыдан ойлауға, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға, талантты және дарынды балаларды оқытуға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу жолдарын пайдаланып, оқытудағы басқару мен көшбасшылыққа жетелеу жолдарын қарастырылды. Бағдарламада төмендегідей материалдар қамтылған: Физика және табиғат арасындағы байланыс, зерттеу әдістерінің түрлері, табиғаттағы денелердің ауданы мен көлемін анықтау, табиғат пен материаялық нүкте арасындағы байланыс, салыстырмалылық принциптері, қозғалыс түрлері, инерция заңы, табиғттағы денелерге әсер ететін күштер, зат құрылысының молекулалық теориясы, Паскаль, Архимед заңдары, Күн, Ай, шоқжұлдыздардың орналасуы, аспан денелерінің қозғалысының ерекшеліктерін тереңдетіп оқып –үйрену көзделген. Әрбір практикалық жұмысты жасауға кіріспес бұрын оқушы сол жұмысқа қатысты теориялық материалдарды, суреттерді, схемаларды, анықтамаларды толығымен меңгеріп алуға тиіс. Сол мақсатта бағдарламада алдымен теориялық материалдар, содан кейін практикалық сабақтар ретімен келтірілген.
Жұмысты орындау барысында өлшеу құралдарының бөлік құнын табуды үйренуден бастап, өлшеудің және есептеулердің қателігін көрсету және жұмысты қорытындылау талап етіледі. Мұндай талап қою оқушыларды тиянақтылыққа, кәсіби шеберлікке, зерттеушілік сипаттағы білімдерін тереңдетуге баулиды. Жалпы мектепте физика пәнін бағдарлы курстар арқылы тереңдете оқыту оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай мамандық таңдауға, кәсіптік бағдар алуға және өзі таңдаған мамандығының болашағына сеніммен қарауға жетелейді.Оқу бағдарламасын құрастыру барысында 7 сынып оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау деңгейi ескерiлді. Мақсаты:Оқушылардың логикалық, танымдық шығармашылық қабілеттерін дамытып, қоршаған ортаның физикалық ерекшеліктеріне бейімдеуМіндеттері:

  • Мектеп бағдарламасын қайталамай, сабақтарда алған білімдерге жаңа бағыт беру.

  • Оқушылардың әрі кең көлемді, әрі терең физикалық білім алуларына жағдай жасау.

  • Оқушылардың физикалық білімдерін тереңдету.

  • Оқушыларды өзбеттерімен терең ойлануға үйрету.

  • Оқушылардың қосымша физикалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Шәкірттерді еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, жігерлілікке баулу.
Жұмыс түрлері:Жеке, топтық , теориялық практикалық, зертханалық , шығармашылық жұмыстар, талдау түрлері.Жетістікті бағалау өлшемдері: оқушыларға жеке жұмыстар беру арқылы логикалық ойлау дағдыларын, топтық жұмыстардағы белсенділіктерін, практикалық, зертханалық жұмыстарды орындаудағы қорытындылай білетіндіктерін, есептер шығаруда формулаларды түрлендіріп, қорытынды формуланы табуы бағаланады.Күтілетін нәтиже Оқушылар өтілген материал негізінде нақты физика мен табиғат арасындағы байланысты ажыратып, өлшемдер мен шамалардың, салыстырмалылық принциптері бойынша қозғалыстың түрлерін, зат құрылысының молекулалық теориясын , Паскаль, Архимед заңдарының формулаларын, аспан денелерінің ерекшеліктерін түсінеді.7а, 7ә класс элективті курс

Барлығы:36 сағат, аптасына 1сағат



Сабақтың тақырыбы

сағат саны

уақыты

ескерту

І тоқсан 8 сағат

1

Жаратылыстану ғылымдары және физика

1







2

Өлшеу аспаптарымен танысу және қолдану

1







3

Зерттеу әдістерінің түрлері

1







4

Денелердің өлшемдерін анықтау (практикалық жұмыс)

1







5

Физикалық шамаларды өлшеу (практикалық жұмыс)

1







6

Қозғалыс түрлерімен танысу, есептеулер жүргізу

1







7

Жылдамдық шамасымен танысу, есептер шығару

1







8

Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері

1







ІІ тоқсан 8 сағат

9

Зерттеу жұмыстары

1







10

Денелердің өзара әрекеттесуі

1







11

Денелердің массасын өлшеу түрлері

1







12

Қатты денелер мен сұйықтардың тығыздығын анықтау

1







13

Күш, ауырлық күші, серпімділік күші

1







14

Деформацияны зерделеу

1







15

Үйкеліс түрлерін зерттеу

1







16

Зерттеу жұмыстары

1







ІІІ тоқсан 10 сағат

17

Заттың агрегаттық күйлеріне қатысты қысымның ерекшеліктері

1







18

Қысымды анықтау түрлері

1







19

Архимед заңын зерделеу (практикалық жұмыс)

1







20

Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау (практикалық жұмыс)

1







21

Ығыстырушы күштердің сұйық тығыздығына байланыстылығын тексеру (практикалық жұмыс)

1







22

Денелердің сұйықтарда жүзу шаттарын анықтау (практикалық жұмыс)

1







23

Механикалық жұмыс

1







24

Қуат

1







25

Механикалық жұмыс, қуат шамаларына есептер шығару

1







26

Зерттеу жұмыстары

1







ІV тоқсан 10 сағат

27

Кинетикалық, потенциалдық энергия

1







28

Жазық фигураның массалар центрін анықтау (практикалық жұмыс)

1







29

Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау (практикалық жұмыс)

1







30

Пайдалы әрекет коэффициенті

1







31

Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау (практикалық жұмыс)

1







32

Жер біздің ғаламшарымыз

1







33

Планеталар ерекшеліктері

1







34

Зерттеу жұмыстары

1







35

Есептер шығару

1







36

Қорытындылау

1







Барлығы: 36 сағат

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әдістемелік нұсқау хат Нұр-Сұлтан 2021

  2. Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы 2013ж

  3. Қонақова Қ.Ө. ҚР мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. Алматы -2006

  4. Физика пәні бойынша зертханалық жұмыстар мен практикумға арналған проекциялық құралдар жинағы

  5. «Физика және астрономия» журналдары

  6. Есептер жинақтар

  7. www.ustaz.kz www.45minyt.kz www.bilimdiler.kz www.Bilimland.kz