Файл: останай аласыны білім бліміні 7 жалпы білім беру мектебі кмм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қостанай қаласының білім бөлімінің №7 жалпы білім беру мектебі» КММ
9 «А», «Б», «В», «Г» сынып оқушыларының 2022-2023 оқу жылындағы білім алушылардың білімдену жетістіктерінің нәтижесібойынша білім сапасына сараптама
2022-2023 оқу жылында 9 сынып оқушылары үшін Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сынақ тест өткізілді. Тест 10 сұрақтан құрылды. 9 «А», «Б», «В», «Г» сыныптарында 109 -бала оқиды. Әр ай сайын мектеп бойынша ББЖМ-ға дайындық жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. 9-сынып оқушылары үшін бір мәтінге негізделген міндетті үш тапсырмадан тұрады.
1-тапсырма мәтін тақырыбы бойынша арнайы лексиканы түсінуге негізделеді. Мәтінде кездесетін 5 сөздің лексикалық мағынасына балама сөздер ұсынылады. Білім алушы ұсынылған сөздерге мағыналас сөздерді мәтіннен тауып жазуы қажет. Берілген сұрақтар білім алушылардың тілді қолдана алуы мен контексте жекелеген лексиканың мағынасын түсіну дағдыларын көрсетуін бағалайды.
2-тапсырма перифраз тәсілі арқылы орындалады. Мәтінде кездесетін сөйлемдердің түпнұсқалық мағынасын сақтай отырып, құрылымын перифраз тәсілі арқылы өзгертіп, қайта жазу жұмысы ұсынылады. Ол үшін сөйлемдердің басы (сөз, сөз тіркесімен) ғана беріледі. Бұл жұмыс білім алушының мәтін мазмұнын тұтастай түсінуі мен грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды.
3-тапсырма қысқа және толық жауапты қажет ететін ашық сұрақтардан тұрады. Білім алушылар мәтін бойынша қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 ашық сұраққа жауап береді. Берілген тапсырманың сұрақтары білім алушылардың мәтін бойынша нақты сұраққа жауап беру мен тілді қолдана алуын және өз ойы мен көзқарасын жеткізе білуін, қорытынды жасай алуын, сондай-ақ грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды.
Максималды балл 30 балл
№ | Оқушы саны | 5 | 4 | 3 | 2 | Сапа | Үлгерім |
І сынақ тапсырмалары | 109 | 10 | 52 | 49 | - | 60 | 100% |
ІІ сынақ тапсырмалары | 109 | 10 | 52 | 49 | - | 60 | |
Сараптама
Тапсырмаларды орындауда кейбір білім алушылар мәтін бойынша ақпаратты дұрыс анықтай алмайды. Сондай-ақ оқушылардың арасында мәтіннің негізгі идеясын анықтау, қарама-қайшы ақпаратпен мәтінді түсіну қиынға соғатын балалар бар. Әр айдың соңында ең аз нәтиже көрсеткен, яғни үлгерімі төмен нашар оқушылармен жеке жұмыс жүргізіледі.
Білім алушылардың білімдену жетістіктерінің нәтижелері бойынша «5» - ке жазған оқушы – 10, «4» - ке жазғандар -52 , «3» -ке - 49
Алдағы сынақ тесттерге койған мақсат – міндеттерім:
1.Үлгерімі төмен оқушыларды жеке жұмыстың жүйесін жандандыру,өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру болып табылады.
Міндетім:
1. Оқушының жеке бас қауіпсіздігі, әрбір оқушының жақсы оқуына ықпал ету, көмектесу.
2. Дайындық сабағын күшейту,сабақтарына қатынасу.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Абеугали А.Б
Ульжебаева Л.К