Файл: Реляциялы деректер базасы. Бастапы кілт Оу масаты.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 53

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Реляциялық деректер базасы. Бастапқы кілт
Оқу мақсаты
10.3.2.1 деректер қоры жолдарының мәліметтер типін анықтау (SQL) (эс кю эль);
10.3.2.2 біркестелі деректер қорын құру (SQL) (эс кю эль);
Ms Access – реляциялық деректер базасын басқару жүйесі. Реляциялық деректер базасының моделін 1970 жылы американдық математик Э. Ф. Кодд ұсынған. бұл база моделі бүгінгі таңда ең танымал деректер базасының моделіне жатады. Кестенің бағаны атрибутқа сәйкес келсе, кесте қатарын кортеж деп атайды. Реляциялық деректер базасындағы кестелерді реляциялық кестелер деп атайды. Қарапайым 2 өлшемді кестелер реляциялық деректер базасына мысал бола алады. Деректер базасында 2 өлшемді кестенің жолдары жазбалар, бағандары өрістер деп аталады. Дәлірек айтқанда, деректер базасында, кестелерде әрбір жол жазба, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді Деректердегі реляциялық процесс келесі қасиеттерге ие
• кестеде екі бірдей жазбалар болмайды. Ең болмағанда бір баған болады
кестеде барлық өрістер дара, яғни бір түрге ие
кестенің әрбір элементі – деректердің бір элементі
Әрбір өріс бірегей атқа ие болады;
• кестедегі жазбалардың тәртібі еркін болады, деректер түрінің өрістер санымен сипатталады;
кестенің қатары мен бағаны қиылысқан жерде тек жеке бір мән болады
Әртүрлі кестедегі деректерді байланыстыру үшін, әрбір кестеде әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. мұндай өріс не өрістер жиынтығын бастапқы кілт деп атайды