Файл: ысамерзімді жоспар Химиялы элементтерді табии топтары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар

Химиялық элементтердің табиғи топтары

Бөлім:

Химиялық элементтердің периодтық кестесі

Педагогтің аты-жөні:

Съез Елжан

Күні:

14.02.23

Сыныбы: 7 А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтердің табиғи топтары


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.1. Табиғи ұяластар ұғымын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысал келтіру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататынын, табиғи топтарда орналасқан 5-6 элементті атай алады.6-7 сілтілік металды атай алады, металдар мен бейметалдарды ажырата алады. Оқушылардың басым бөлігі: Химиялық элементтерді сілтілік металдар, галогендер, инертті газдар қатарына топтастырады.

Кейбір оқушылар:  2-3 оқушы синквеин, 1-2 оқушы эссе жазады.Тұрмыстағы өмірмен мысал келтіре алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

3 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.




Жаңа сабаққа кіріспе

4 мин


«Артығын тап» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Интерактивті тақтада көрсетілген элементтерді топтары бойынша орналастырып, басқа топтың артық элементін табады.

Li Na K O F CI He B Ar

Be Rb H Br I At Ne Kr Xe


Дескриптор:

* элементтің атауын білу

*металл мен бейметал элементтерін ажырата алады.




Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу 31 мин.

І тапсырма

І топ «Жүзім шоғыры» әдісі бойынша сілтілік металдар туралы топтастырып, постер қорғайды.

ІІ топ «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі. Галогендер топшасы туралы әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып, топ болып талқылайды

Постерде жұмыс жасайды
ІІІ топ «Дара диаграмма» әдісі арқылы инертті газдарды, ауыспалы элементтерді топтастырады.




Постер

Жеке жұмыс



Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

«Дойбы» әдісі


Оқушылар үш – үштен тақтаға шығады.

Екі оқушы дойбы тақтасындағы тастарды сұрақтарға жауап бере отырып жылжытады.Үшінші оқушы олардың жауаптарын

«Жұлдызша» арқылы бағалайды.




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.