Файл: ымызды адам организміне пайдасы. Иммунитет ктерудегі рЛІ Адатпа.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«ҚЫМЫЗДЫҢ АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ ПАЙДАСЫ.ИММУНИТЕТ КӨТЕРУДЕГІ РӨЛІ»
Аңдатпа. Мақалада орыс синтаксистік дәстүріндегі тәуелсіз таксис ұғымы қарастырылады. Бұл терминді Р. Якобсон басқа фактіге қатысты және хабарлама сәтіне тәуелсіз хабарланған фактіні белгілеу үшін енгізді. Бұл мәселені А.Х. Востоков, содан кейін А.А. Шахматов және А.М. Пешковский өз еңбектерінде қарастырды, олар предикат етістіктерінің әрекет ету уақытының арақатынасын анықтады. А. В. Бондарконың функционалды грамматика теориясында таксис мәселесі предикат етістігінің аспектілік сипаттамасымен байланысты ашылады. В. Храковский біртекті мүшелер көрсеткен жағдайлардың бір мезгілде/ реттілігін ажыратудың маңызды факторы анықтамалық нүкте деп санайды. Р. Джейкобсонның сөйлемнің синтаксистік құрылымындағы таксистік қатынастардың көрінуінің иконизмі/ некионизмі туралы ұстанымы таксис санатын сипаттау үшін де қолданды.

Түйінді сөздер: тәуелсіз таксис, бір уақыттағы, әрекеттер тізбегі, таксистің белгішесі.
Кіріспе

«Қымыз» сөзі түркі тілінен аударғанда «ашыған жылқы сүті» деген мағынаны білдіреді. Бұл сусын туралы мәлімет ежелгі грек тарихышысы Геродоттың жазбаларында да кездеседі. Сақтардың тұрмыс-тіршілігін сипаттаған ғалым, олардың сүйікті сусыны «ашытылған бие сүті болған» деп көрсетеді. Сондай-ақ, сақтардың қымыздың дайындалу тәсілін құпияда ұстағанын, бөтендер біліп қоятын болса, оның басын алған жағдайлар болғанын жазады.

Қымыздың денсаулыққа пайдалы сусын екені алғаш рет араб дәрігері Әбу Ибн-Синаның жазбаларында аталған. Ол қымыздың көмегімен Сухайлия нөкерінің қуық ауруын жазған екен.

XIX ғасырда қымыздың емдік қасиеттері жайлы ғылыми зерттеулер жасала бастайды. Содан кейін бұл саладағы зерттеулер біраз тоқырауға ұшырады. Тек 1858 жылы Нестор Постников Ресей Империясындағы алғашқы қымыз емханасын салады. Қымыз құрамын зерттей келе, ол оның қасиетін үш сөзбен көрсеткен. «Nutrit, roborat, etalterat» – «қуаттандырады, күшейтеді, жаңартады». Бұл туралы 1873 жылы жарық көрген кітапшасында жазған. Қымыздың көмегімен сол уақытта (құрт ауруын) туберкулезді емдеген.
Материалдар мен әдістер

Зерттеудің өзектілігі:Қымыздың химиялық құрамын зерттеу;

Қымыздың дайындалуы мен пайдасын зерттеу.
Материалдар

Қымыз ішу арқылы жүйке ауруларын емдеуге болады. Қымыз ағзаға жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорыту органдарының , жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке жүйесі мен басқа органдардың қызметін жақсартады. Қымыздың әсері бүкіл ағзаны өзгертеді. Физиологиялық және биохимиялық процестер күшейіп, зат алмасу қалпына келеді.


Қымыз тәбетті ашады. Қымыздың құрамында сүт қышқылы бар. Соған орай ол тағамның құрамындағы белоктардың, майлардың, әр түрлі қанттардың жақсы қорытылуына ықпал жасайды. Ал құрамындағы көмір қышқылы аздығына қарамастан ас қорыту бездеріне әсер етіп, қарын сөлінің бөлініп шығуын тездетеді. Қымыз ішкенде тәбеттің ашылатыны сондықтан. Бие құлындағаннан кейін алғашқы 2-3 күндей сүт бездері уыз бөліп шығарады, ал сол уыздың құрамында белок пен витаминдер 2-3 еседей көп.
Зерттеу әдісі:Эксперименттік әдіс




Зерттеудің тақырыбым бойынша сауалнама жүргізілді.Сауалнама нәтижесінде 13 адамның 15.4% жылына қымызды 2-3 рет,30.8% айына 1 рет ішетін болса,ал 53.8% қымызды мүлдем ішпейді екен.Және қымыздың туберкулез ауруын емдеу үшін қолданылатынын 53.8% білсе,46.2% мүлдем хабарсыз. Жалпы қымыздың пайдасын 6 адам 10/10 бағаласа, 1 адам 9/10,ал 5 адам 8/10 деп бағалады.Сауалнама қатысқан адамдарға қымыз немесе энергетик сусын деп таңдау қойғанда 61.5% қымызды таңдады.

Нәтижелер және талқылау

Зерттеу нәтижесінде,алынған мәліметтерді талқылау нәтижесінде қымыздың құрамында кальций тотығы - 48%, магний тотығы – 3,4%,фосфордың–21,3%,хлор–7,5%.
Қан құрауда маңызды роль атқаратын кобальт пен мыс сияқты элементтер сиыр сүтінен гөрі бие сүтінде едәуір көп: кобальт онда 1,5 есе, ал мыс 3,2 есе артық.. Бір литр қымызда 1,60 мг мыс болады. Бие сүтінде белок 1,8 – 2,2 % болады.Қымыздың тубуркелез,ас қорыту органдарының , жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке жүйесі ауруларына пайдалы екені анықталды.

Қорытынды

Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.

Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.



Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді.

«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады.

Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. М.Г.Курамшина «Қымыз» Алматы, 1951

  2. Қымыздың емдік қасиеті-«Жәрдем» (zhardem.kz)

  3. Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов «Қымыз» Алматы «Қайнар» 1968, 23-32б.

  4. Қымыздың ағзаға әсері | Скачать Реферат - ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (kznews.kz)

  5. ДӘМДІ ҚЫМЫЗ ДАЙЫНДАУДЫҢ СІЗ БІЛМЕЙТІН ӘДІСІ (asylarna.kz)

  6. Қызылорда қаласы, "Ел тілегі" газеті

  7. 7.З.С.Сейітов «Кумыс шубат» Алматы, 2005-288 с




  1. В Казахстане научились делать кумыс и шубат в таблетках | Спортивный портал Vesti.kz