ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспар: 7.3С Түзудің өзара орналасуы | Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы «№12 жалпы білім беру орта мектебі» | ||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Базарбаева Нурипа Тазабайкызы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7- сынып | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Үшбұрыштар теңсіздігі | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 7.1.1.20 Үшбұрыштың бұрыштарымен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану 7.1.3.1. Үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатынас теоремасын түсіну Үшбұрыштар теңсіздігі туралы түсінік алу Үшбұрыш теңсіздігінің қасиеттері мен теоремаларын қолданып, есептер шығару | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатынасты біледі; - Осы қатынасты есептер шығаруға қолданады - Үшбұрыштар теңсіздігін біледі. - Үшбұрыштар теңсіздігін есептер шешуде қолданады | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан ............... болады ; Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының айырмасынан .................. болады ; | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтары дарыту | Қоғамдағы ұлттық бірлік , бейбітшілік пен келісім ; Ынтымақтастыққа, ойын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу. Топпен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, қазақ тілі. Сызу сабағы. Оқушылар үшбұрышты сызады. Қазақ тілі: Есептерді түсіндіру жолдарында сөйлемдерді байланыстыру, жалғауларды дұрыс жалғау, математикалық тілде дұрыс сөйлеу. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Бұрыштарына және қабырғаларына қарай үшбұрыштар қандай түрлерге бөлінетінін біледі | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | I кезең. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу. түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Жылы лебіз» әдісі. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады. Топқа бөлу. Оқушыларды әр түрлі түстегі асықтар арқылы 4 топқа бөлемін. I топ: «Қызыл асық», II топ: «Сары асық», III топ: «Жасыл асық», IV топ: «Көк асық», Қ ызыл түс Жасыл түс Сары түс Көк түс ІІ кезең. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталау. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақтар қою. 1. Үшбұрыш деп ? Ж: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз. 2. Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, қабырғалары әр түрлі болатын үшбұрыш. 3. Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш.. 4. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі деп аталады. 5. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз ? Ж: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрышты айтады 6. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттен (кіші, тең, үлкен) болады. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды мадақтау сөздер арқылы сабаққа белсенділігін арттырып отыру. ІІ. Жаңа сабақ. Оқушыларға бүгінгі сабақтың оқу мақсаты айтылады. Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың оқу мақсатын ашу үшін практикалық тапсырмалар беру. 1-практикалық тапсырма Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын, ой қозғау мақсатында оқушыларға «Ойлан, топтас, бірлес» әдісі бойынша 4 топқа әртүрлі бұрыштардың кесіндері бар үлестірмелерді таратамын, қабырғалары мен бұрыштарын өлшеуді, үлкен қабырғасын, үлкен бұрышын табуды ұсынамын және қабырғалары мен бұрыштардың қатынастары туралы болжам жасауын сұраймын. Мақсаты:Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қарама-қарсы жатқан бұрыштардың өлшеміне тәуелділігін айқындау. Теориялық бөлім. 1 теорема. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады және керісінше, үлкен бұрышына үлкенқабырғасықарсы жатады. 1-сурет АВС үшбұрышында АС қабырғасы АВ қабырғасынан үлкен болсын. ∠В > ∠С теңсіздігі орындалатынын дәлелдейік. Ол үшін АС-ның бойына АВ-ға тең ADкесіндісін өлшеп саламыз. 2- сурет орындалады. AD=AB Сондықтан ∠1 ∠В бұрышының бөлігі болып табылады және ∠1<∠В. Ал ∠2 BDC үшбұрышының сыртқы бұрышы болғандықтан, ∠2=∠С+∠DBC теңдігі орындалады. ∆ABD теңбүйірлі үшбұрыш болғандықтан, ∠1=∠2. Олай болса, ∠В>∠1=∠2>∠C теңсіздігі орындалады. Керісінше, АВС үшбұрышында ∠В >∠С теңсіздігі орындалсын. Онда АС>АВ теңсіздігі орындалатынын көрсетейік.Қарсы жорып, бұл теңсіздік орындалмайды делік.Онда не АС=АВ, не АС<АВ болуы керек.Егер АС=АВ болса, онда ∆АВС теңбүйірлі үшбұрыш болып, ∠В=∠С теңдігі орындалар еді, бұл ∠В<∠Стеңсіздігіне қарсы келеді.Егер АС<АВ болса, онда дәлелдегеніміз бойынша ∠В<∠С теңсіздігі орындалуы қажет, бұл да ∠В>∠С теңсіздігіне қарсы келеді. Онда біздің қарсы жоруымыз қате, яғни АС>АВ теңсіздігі Теорема дәлелденді. 2-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі. Жеке жұмыс. Суреттер бойынша анықтаңыз: Үлкен бұрыш_________ Үлкен бұрыш_________ Кіші бұрыш_________ Кіші бұрыш_________ Үлкен қабырға_________ Үлкен қабырға_________ Кіші қабырға _________ Кіші қабырға _________ Дескриптор: - үлкен бұрышты анықтайды; - кіші бұрышты анықтайды; - үлкен қабырғаны анықтайды; - кіші қабырғаны анықтайды | http://festival.1september.ru/articles/311585/ Bilimland.kz | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Жаңа сабақты өз бетімен меңгеру тапсырмалары. 2-практикалық жұмыс: 1. а)Дәптеріңнен кез келген үш нүктені белгіле, сызғышпен оларды кесінділермен қос. Қандай фигура шықты? Қабырғаларды өлшеп шамасын жаз. Мысалы, АВ=5см, ВС=4 см, АС=7 см. ә)Ең үлкен қабырғасының ұзындығы қандай?. Қалған екі қосындысы және айырмасы қандай? Ең үлкен қабырғаны осы шамалармен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар, АС< BC+AВ , АС BC-AВ болуға тиіс. Кез келген үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан (үлкен, тең, кіші) болады. Бір түзудің бойында жатпайтын кез келген үш нүкте үшін үшбұрыштар теңсіздігі тура болады 2) 10см, 15см, 30см үш сызғышты пайдаланып үшбұрыш құрап көрелік. Үшбұрыш шығама? (тақтаға 3 оқушы шығады) – бұдан үшбұрыш құрау мүмкін емес. ( үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу барысында оқушылар кез-келген үш кесінді көмегімен үшбұрыш тұрғызу әрқашан мүмкін бола бермейтінін тереңірек сезінеді). 9см, 7см, 12см үш сызғышты пайдаланып үшбұрыш құрап көрелік. – бұл с ызғыштардын үшбұрыш құрауға болады. Осы мысалдар арқылы қандай қорытынды шығаруға болады? AB < BC + АС, себебі 9 см < 7 см + 12 см ВС < АВ + АС, себебі 7 см < 9 см Теорема: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан кіші болады. Оқу мақсатына жету үшін, оқушыларға bilimland сайтынан материалдар көрсетіп, теореманы толықтырып, дәлелдеймін. 3-тапсырма. «Кім жылдам» әдісі. Төмендегі суреттерден мүмкін болатын үшбұрыштарды анықтаңыздар.(ауызша) Дискриптор: Білім алушы
Есептер шығару. Оқулықпен жұмыс. Жұптық тапсырма. 1.Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы: а болса, үшінші қабырғасын тап. 2.Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 25см- ге, ал басқасы 10см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады? 3.Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы: а болса, үшінші қабырғасын тап. 4.Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 7 см- ге, ал басқасы 13 см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады? Саралау тапсырмасы 4-тапсырма. Суретпен жұмыс. Дәптерге орындау, есептеу. Дискриптор:
Топтық жұмыс: «Эстафета» тәсілі. Әр топқа есеп жазылған тапсырма парағы таратылады. Осы тапсырманы топпен оқып талқылайды да, кез келген бір оқушы есепті шешу жолын жазуды бастайды, бірінші оқушы үшбұрыштың суретін салады, екніші оқушы есептің берілгенін жазады, т.с.с.
Барлық есепті орындаған оқушыны «жұлдызшамен»,оқушы есептеулерден қателік жіберген болса «смайликпен», есептің шығару жолында қате бар болса «қызыл түсті смайликпен» бағалаймын. Сергіту. | презентация http://festival.1september.ru/articles/612863/ Әртүрлі өлшемді сызғыштар | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Ақпаратты қорытындылау. «Математикалық диктант» Үшбұрышта: 1) Үлкен қабырғаға қарсы ...... бұрыш жатады, үлкен бұрышқа қарсы ....... қабырға жатады. 2) Қабырғалар тең болса, оларға қарсы жатқан бұрыштарда ....... болады, бұрыштар тең болса, оларға қарсы жатқан қабырғалар ...... болады. 3) Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300 болса, оған қарсы жатқан катеті .......... тең болады. 4. Үшбұрыштың кез келген қабырғасы оның қалған екі қабырғасының қосындысынан ...... болады. Рефлексия . Стратегия «Менің көңіл күйім» баспалдағы Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе адам суретін салып), тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет», «Өзіме сенімдімін», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады. Үйге тапсырма. Теорема жаттау . № 5 есеп Бағалау. | стикерлер | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||
Өткен материалды қайталау мен тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылды | Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбір оқушының қатысуы қадағаланады. | Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды. Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |