Файл: Мені азастаным Мені туып скен жерім егеменді азастан.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шығарма
Менің Қазақстаным
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан.
Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.
Біздің ел көп ұлтты мемлекет. Қазақстан халқы бірін-бірі силайды, әр ұлттың дәстүрлеріне құрметпен қарайды.
Жақында біздің елде үлкен өзгерістер болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатты. Қазір Қазақстанды презденттік сайлау өткенге дейін Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады. Ол бұрын Сенат төрағасы қызметін басқарған болатын.
Қазақстан астанасының аты өзгерді. Бұл тұңғыш президентіміздің атымен Нұр-Султан деп аталды.
Қазақстан көркейе берсін, елімізде бейбітшілік тек жақсылықтар болсын!
Шығарма
Көктем
Көктем тамаша жыл мезгілі. Көктемде табиғат оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік аймақтарына, біздің Алматы қаласына көктем ерте келеді.
Әр көктем, әр қалада ерекше, керемет құлпырады. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Жыл мезгілдерінің ішінен маған әсіресе қызығы, көктем мезгілі. Бүкіл табиғат көктемде ұйқысынан оянғандай. Алғашқы көктем гүлі – Бәйшешек өте нәзік гүл болса да, жұмсақ күн сәулесінің арқасында қарды жарып, жер бетіне шығады.
Биылғы көктем ерекше көрінді маған, біздің елімізде жаңа дәуір басталғандай, жаңа белестерге бет бұрғандай, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты. Себебі көктем мезгілімен біздің елде үлкен өзгерістер болды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатты.
Қазір Қазақстанды презденттік сайлау өткенге дейін Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады. Ол бұрын Сенат төрағасы қызметін басқарған болатын.
Қазақстан астанасының аты өзгерді. Бұл тұңғыш президентіміздің атымен Нұр-Султан деп аталды.
Биылғы көктем осындай жағымды жаңалықтармен есімізде қалатын болды.