Файл: Оушыларды байланыстырып сйлеу тілін дамыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 110

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.Байланыстырып сөйлеу логика мен грамматика заңдылықтарына сай, бір тақырып төңірегінде байланыса құрастырылған бірнеше сөйлемнен тұрады. Нақтылап айтқанда, сөйлемдердің, мәтін бөліктерінің арасындағы логикалық байланысты сақтап сөйлеген үлкендердің байланыстыра сөйлеу тілі балаларға түсінікті қабылданады. Байланыстыра айтылған ойды қабылдау оның сыртқы жамылғыш компоненттері: сөйлемдерді, сөздерді және сөз тіркесі мүшелерін даралап дұрыс меңгеру қабілетін дамытпайынша балада мүмкін болмайды. Балалардың осы қабілетін дамытуға көмектесу және сол арқылы оның байланыстыра сөйлеуді үйренуін жеңілдету үшін дидактикалық тілдік материалды әзірлеу кезінде айтылуы қиындық тудыратын сөздер мен грамматикалық тұлғалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алу қажет. байланыстырып сөйлеудің негізгі қызметі – коммуникативтілік. Байланыстыра сөйлеудің 2 типі бар: диалогтік (диалог) және монологтік (монолог) сөйлеу.Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыс 1) Сөйлем құруғағ 2)ойды алуантүрлі сөйлемдер арқылы білдіру. Бұл жұмыс практикалық жолмен игертіледі.«Диалог гректің dia – бірнеше және logos – сөз, сөйлеу дегендерінен шыққан, яғни бірнеше кісінің сөйлеуі дегенді аңғартады. Шынында, диалогтік сөйлеу кемінде екі адам арасындағы сөзге байланысты құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар біріне-бірі қақпайлап, реплика тастап, сұрақ қойып, оған тиісті жауап алып отырады. Бірінің сөзін бірі қайталап, оны қуаттай сөйлеп, сөздер мен сөйлемдерді тұжырымдай түседі» деп оқулықта көрсетілгендей, тәрбиеші мен балалардың сөйлесуі, тілдік материалдары әртүрлі келеді.Әңгімелесудің бірінші ерекшелігі – сөйлесушілердің сөздері қысқа репликадан, қойылған сұраққа жауап беруден тұратындығында. Екінші ерекшілігі – екі адамның бір-бірімен сөйлесуі арқылы жүзеге асырылатын сұрақтар мен жауаптар тізбегі түрінде келетіндігінде. Үшінші ерекшелігі – сөйлесушілер не туралы сөйлесетінін білгендіктен, әрі қарай әңгіме созылмайтынында. Төртінші ерекшелігі – тілдесім қысқа, қарапайым және тұрмыстық лексикалы келетіндігінде. Екеуара не бірнеше адам арасындағы әңгімелесудің шаблон, клишелері көп, ой қысқа, сөйлемдері толық болмайды, аракідік сөз байланыстары екі жақты толықтырылып отырады. Әңгіменің дамуы сырттан келетін түрткілерге, сөйленім жағдаятына қарай өрбиді және аяқталып отырады.Сонымен, диалог дегеніміз – екі немесе одан да көп адамның әңгімесі. Балалармен болатын әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайлы сұрап, оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.
Ал монолог – бір-бірімен логикалық байланыста, бір мезгіл аралығында ұзақ та және тыңдаушылардың қабылдау әрекетіне бағытталмаған, бір адам атынан жеткізілетін ой тізбегі. Мұндағы ой-пікір тыңдаушыларына таныс емес адам атынан да айтылуы мүмкін. Диалогке қарағанда монологте қамтылған ақпарат кеңінен жеткізіледі. Ойы аяқталған, лексикасы әдеби, ақпараты жүйелі, толық, олар синтаксистік нормада толық құрылады. Монологтік сөйлеу тілінде сөйлеушінің іштей және алдын ала дайындығы болуы керек. Ой байланыстары бір адамның атынан беріледі. Әңгіменің тартымды болуы ішкі мотивтерге: тілдік құралдарға және мазмұнға байланысты болады. Монологтік тілде сөзді байланыстырып отыратын әдеби тілге тән жай және күрделі синтаксистік кұрылымдардың барлық түрлері пайдаланылады: бірыңғай мүшелі сөйлемдер, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер. Балалар монологтік тілді түсіне алуы және өз хабарын беруде оны пайдалана білуі үшін, олар соған сәйкес синтаксистік кұрылымдарды білуі қажет. Бала жайылма сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер құрастыра білмейінше, оның тілі байланысты түрдегі тіл бола алмайды. Ендеше монологттік тілдің әртүрлі типін үйрету – бұл ең алдымен грамматиканы үйрету. Мәдениеті төмен ортада қандай да бір әдеби дарыны бар аздаған адамдар ғана монологке қабілетті, көпшілігі ештеңені байланыстырып айта алмайды. Монологтік сөйлеуге мектепте оқыта бастау кеш: монологтік тіл дағдыларын алдын ала мектепке дейін жетілдіру керек. Бастауыш сыныпта балалардың байланыстырып сөйлеуі туралы қазақ тілінің әдіскер ғалымы С. Рахметова: «Мектептерде көбінесе мынадай жағдайлар көзге түседі: оқушы материалға «түсіндім» дейді; ол тіпті сол материал бойынша кейбір амалдарды (сурет салу, ермек саздан жасау, т.б.) мүмкін. Ал сол материалды әңгімелеуге келгенде ол әбден бейшаралық халге ұшырайды. Тілі күрмеліп, күмілжіп, сүрініп-қабынып сөз таба алмай қиналады. Бұл неліктен? Мұны елемеуге бола ма? Оның себебі: бала осы тақырыпқа жататын ұғымдарды, әсіресе ол ұғымдардың арасындағы байланыстарды толық меңгере алмаған. Егер оқушы өз ойын тіл қабығына енгізе алмаса, ойдың өзінде олқылық болғаны. Егер адам өз ойын екінші біреуге анық және түсінікті білдіре алса, оның ойының толық, дәл болғаны» деп жазған. Балаларға монологтік тілді үйрету оңай емес, себебі ересектер балалармен сөйлесу кезінде көбінесе сөйлеудің диалог формасын көбірек пайдаланады. Мақсат қойып, баланың әңгімесін құптап, соңына дейін тыңдап, жетекші сұрақтармен оның ойын аяғына дейін жеткізуді дәстүрге айналдырса, бала тілін аз уақыт аралығында жетілдіруге болады. Бала жас өскін тал сияқты, бапталған, күтілген талдан бәйтерек өсіруге болатыны белгілі.

Мектепке дейінгі кезеңде-ақ бала айналасынан ана тілінің байланысты сөз құрылысын естиді. Алдымен бұлар – оған қаратып айтылған қысқа-қысқа репликалар, сонан соң ертегілер, әңгімелер, ересектердің монологтік сөйлеу тілі. Бала тілді жүйелі тілден тіл бірліктерінің (дыбыстардың, морфемалардың, сөздердің, сөйлемдердің) мүшеленуі барысында меңгереді; ол жүйелі тілдегі әрбір тіл бірлігінің орнын, тілдік сезімнің даму үдерісінде байланысты сөйлеуді қалай құрайтынын есте сақтайды.Диалог пен монолог сөйлеудің негізгі типтері есебінде әрі теориялық, әрі практикалық жұмыс жүйесі үшін пайдаланылады.Диалогтік сөйлеу бірнеше зерттеушілердің зерттеу нысаны да болды. Л.П. Якубинский «Диалог сөйлеу тілі формасы ғана емес, ол адамның түрлі мінезінің көрінісі» деп бағалаған [118.–53]. А.Г. Рузский мектеп жасына дейінгі бала диалогінің қалыптасу ерекшеліктерін қарастырса, Т. Слама деген зерттеуші кіші топтардағы баланың диалогтік сөйлеу ерекшеліктерін сипаттады. Тілі жаңа да шығып келе жатқан балалар тіліндегі диалог элементтері мынандай екендігін көрсеткен: - Балалардың сөзінде қарапайым сөйлеумен қатар өтініш білдіру, өкпелеу, бұйыру, тыйым салу, жалынышпен түсіндіру формалары кездеседі.

  • Көптеген сөздері бұйрық мәнінде («Қара!», «Тыңда!», «Бар!») болып келеді. Осылай жеке сөздер толық бір фразаны ауыстырады.

  • Диалог балалар арасында қарапайым немесе күрделі әңгіме (реприкалардан тұратын) екі немесе одан да көп құрылымда келеді;

  • Балалардың диалогі бір-біріне ұқсас және қызықсыз болады. Бірінші сөйлеуші екіншісіне қарата сөйлесе, ал тыңдаушы оған ешнәрсе қоспай, сол күйінде қайталай салады;

  • Үлкен мен бала арасындағы диалог күрделі сипатта келеді. Ал балалардың өзара сөйлесуі және реприкалардың жүйелі болуы, үлкеннің бағыт беруіне байланысты болады;

  • Диалогтердің құрылымы неғұрлым қарапайым екі-ақ сөйлемді келеді, репликалары қарсы сөйлеушінің сұрағына орай қысқа келеді;

  • Белгілі бір жастағы бала диалогінде ерекше орынды қарсыласу репликасы алады;

  • Топтасып сөйлесулер аз кездеседі тіпті екі үш бала болып
сөйлесу ұзаққа созылмайды;

  • Әңгімелесу мазмұны жүйесіз келеді. Егер де сөйлесушінің бірі басқа нәрсеге назар аударылып кетсе де, топ оған көңіл аудармайды, керісінше олар да тақырыптан ауытқып кетулері мүмкін .
Жоғарғы топ балалардың диалогтік сөйлеу ерекшеліктеріне бақылау жасаған Н.Ф. Виноградова, өз ойларын жеткізуде төмен нәтиже берген балалардың тіліндегі кемшіліктерді атайды. Олар:

  • Сөйлемді дұрыс құра алмау;

  • Қарсыласын тыңдай білмеу;

  • Сұрақ мазмұнына сәйкес жауап беріп және сұрақ құрастыра білмеуі;

  • Реприкаларды айта білмеуі;

  • Қойылған сұрақтарға жауап бермеуі;

  • Реприкалы сөйлем, реприкалық келісім, реприкалық толықтыру сияқты күрделі сөйлемдер тәсілін бермеуі [128.–55б.]
Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін зерттеген ғалымдар Е.И. Тихеева, Н.Я. Мехайленко, Н.А. Короткова т.б. да осындай қорытындылар жасаған.Байланыстырып сөйлеу жағдаятқа орай және тақырыпқа байланысты туындайды. Осыны ажырату үшін сөйлесу мен белгілі бір тақырыпта әңгімелесудің екі түрлі екенін білу қажет. Сөйлесу – жағдаятқа байланысты әрдайым болып тұратын, сөйлеушінің жағдаятқа қарай түрлі ым-ишарат, бет-әлпеттік толықтырулармен келетін тілдесім. Ал тақырыптық әңгімелесу сөйлесуге қарағанда тақырыптан тарқатылатын толыққанды әңгімелесу. Ойды толық жеткізу үшін әңгімелесушілердің сөздік қоры бай, тілдік құралдары жеткілікті болуы тиіс.