ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ГЛОССАРИЙ
«Ақшадан безіну» - адамдар мен кәсіпорындардың жылжитын және жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы және тұрақсыз, инфляцияға ұшырайтын валютаны жинамауға және сақтамауға тырысуы. Тәуекелсіз кірістілік нормасы – капиталды немесе кірісті жоғалту қаупі төнбейтін қаржы операциялары бойынша кірістілік нормасы.
Авансталған капитал – бизнес кіріс әкелгенге дейін іске алдын –ала салынған ақшалай қаражат немесе мүліктің құндылығы түріндегі капитал.
Автоматты қайта инвестициялау - инвестициялық комапаниялар инвесторларға олардың кірісін осы қаржы делдалының қосымша акциялар мен басқа да құнды қағаздарды сатып алуға автоматты түрде қайта инвестициялауға мүмкіндік беріп көрсететін, инвестордың салым ақшасын үнемі өсіретін қызмет.
Агрессивтік (басқыншылық) құнды қағаздар – едәуір пайда алу мақсатында стаып алынатын, алайда оларды сатып алу өте тәуекелді акциялар, облигациялар және т.б. түнірдегі құнды қағаздар.
Агрессивтік (басқыншылық) портфель – заңды немесе жеке тұлға сатып алатын, олар қатысында бағамның күрт көтерілуі күтілетін құнды қағаздар жиынтығы.
Адал емес бәсеке – қатысушылар рынокта қабылданған бәсеке ережелері мен нормаларын бұзады, басқа бәсекелестерге қарсы ауыз жаласып, оларға қарсы ұйымдасып, кемсітуге және т.б. тырысады.
Айналым капиталы – бір циклға қатысатын және осы цикл ішінде толық жұмсалатын капитал.
Активтің нақты ставкасы – инфляцияға байланысты ақшаның сатып алу құнының өзгеруі ескерілген пайыз ставкасы.
Акционерлік сертификат – акцияға меншіктің заңды құқығын растайтын құжат.
Акционерлік капитал – акционерлік капиталдың акция шығару мен оны сату арқылы құрылатын негізгі ақшалай капиталы.
Акционерлік қоғам – өзінің капиталын акция шығару және оны сату арқылы қалыптастыратын кәсіпорын, азаматтар, кәсіпорындар бірлестігі.
Акциялар–акционерлік қоғамдар айналыс мерзімі белгіленбей шығарлатын, иелену, басқару мен кірістілік құқығы беретін құнды қағаздар.
Акциялар (кәдуілгі) жай – жылдың шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша анықталатын дивиденд алуға мүмкіндік береді және акционерлердің жиналысында дауыс беру құқығын береді.
Ақшаның келешектегі құны – белгіленген пайыз ставкасы ескерілген, межеленген уақыт кезеңінен кейін айналатын қазіргі мезетте инвестицияланған ақшалай қаражаттың сомасы.
Аннуитет – мемлекеттік жедел қарыздың жыл сайын пайыз төленетін және соманың бөлігі өтелетін бір түрі.
Артықшылықты акциялар – алдын –ал белгіленген дивиденд алу құқығын береді, алайда басқару құқығынан айырады.
Баға бәсекесі – бағаларды төмендеті арқылы жүзеге асырылатын бәсеке.
Баға тәуекелі – алдағы кезеңде өнімнің баға деңгейінің өзгеруінен немесе сатып алу –сату операцияларын жүргізуден күтпеген қаржы ысырабының пайда болу ықтималдылығы.
Балама құн – ресурстардың сол шығынын қажет ететін басқа тауар немесе қызмет түрін шығарудың уыстан шығарылған мүмкіндігі тұрғысынан алып қарағанда тауар немесе қызмет шығарудың құны; бір игілікті екінші игілікпен алмастырудың бағасы.
Банкроттық – борышкердің төлеу үшін қаражат болмауына байланысты өзінің міндеттемелері бойынша төлеу, борышты қайтару қабілетсіздігі.
Биржа басқыншылығы – мемлекеттің, банктердің және ірі кәсіпкерлердің құнды қағаз бағамдарына заңды түрде ықпал ету мақсатында қор биржасындағы операцияларға араласуы.
Биржада баға белгілеу - қор биржасында құнды қағаздардың бағамын және тауар биржасында ұсынылатын тауарлардың бағасын белгілеу; осы бағаны белгілейтін комиссияның, сондай –ақ сұраныс пен ұсыныстың ара – қатынасының нәтижесінде реттелуі мүмкін.
Биржадағы үрей – акциялардың бағамы күрт түскен биржалық дағдарыстың ең шиеленісті кезеңі.
Бонус – қосымша сыйақы, сыйлықақы, үстеме ақы, сондай-ақ тауардың құнынан берілетін қосымша жеңілдік.
Бюджет – экономикалық субъектінің межеленген уақыт кезеңі, әдетте, жыл ішіндегі кірісі мен шығысының ресми күші бар тізбектемесі.
Бюджет желісі–нүктелері сатып алушының шектеулі бюджетіне сәйкес сатып алынуы мүмкін жиынтықтағы ықтимал шекті тауарлар санының құрамдастырымына сәйкес келетін қисық сызық.
Бюджет тапшылығы–бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асуы.
Бюджеттік қаржыландыру – мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырумен, мемлекеттік бағдарламаларды орындаумен, мемлекеттік ұйымдарды ұстаумен байланысты шығысқа ақысыз тәртәппен берілген ақшамен қамтамасыз ету, мемлекеттік (жергілікті) бюджеттен ақшалай қаражат бөлу.
Даму банкі – экономикағы инвестицияларды салуға ықпал ететін, ірі жобаларды ұзақ мерзімді несиелерді жүзеге асыратын мемлекеттік немесе жеке меншік қаржы несие институты.
Декорт –сатушы сатып алушыға мерзімнен бұрын төлегенде немесе тауардың сапасының шартта қарастырылғаннан төмен болуына байланысты тауардың бағасынан беретін жеңілдік.
Демпинг – нарыққа кіру, онда орын алу, бәсекелестерді ығыстыру мақсатында тауарларды жасанды түрде төмендетілген, кейде оның өзіндік құнынан төмен баға бойынша сату.
Депозитарий – сақтауға, ақша, құжат, құнды қағаздар мен басқа да құнды активтерді қабылдайтын мекеме.
Депозиттеу – ақша мен құнды қағаздарды кредит және басқа да мекемелерге сақтауға табыс ету.
Депозиттік сертификат – ақашалай қаражаттың банктегі депозитке салынғаны, орналастырылғанын растайтын құжат.
Депозиттік тәуекел – банктің немесе басқа да қаржы мекемесінің банкрот болуына байланысты депозит салымының толықтай немесе ішінара ықтимал қайтарылмау тәуекелі.
Дефолт – кәсіпорын тарату процесінде болғанда құнды қағаздарға пайыз төлеуді тоқтату.
Дисконт – нарықтың жай – күйін ескере отырып бағадан жеңілдік беру.
Әртараптандыру – өндіріс тиімділігін арттыру, экономикалық пайда алу, банкроттыққа жол бермей мақсатында өнім түрлерін кеңейту, жаңа өндіріс түрлерін игеру.
Жағымды леверидж – қосымша қарыз қаражат тартудан түскен кіріс осы операцияға жұмсалған шығыстан артқан жағдай.
Жалпы айналым–кәсіпорын межеленген уақыт кезеңі, әдетте, жыл ішінде шығарған өнімнің бүкіл көлемінің жиынтық құны.
Жалпы инвестициялар - белгілі бір кезеңде нақты және қаржы инвестициясын жүзеге асыруға бағытталған инвестициялық ресурстардың барлық нысанының жалпы көлемі.
Жалпы кіріс – кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінде алған ақшамен есептелген жылдық жиынтық кірісі; еңбекақы мен таза кірістің сомасына тең;
Жалпы шығындар – меншікті шаруашылық қызметте одан әрі пайдалану үшін тауардың (жұмыстың, қызметтің) құнының өтеу тәртібімен жүзеге асырылатын ақшалай, материалдық немесе материалдық емес нысандағы шығындардың барлық түрінің сомасы.
Жаңғырту – объектіні жетілдіру, жақсарту, оны жаңа талаптар мен нормаларға, техникалық ережелерге, сапа көрсеткіштеріне сәйкестікке келтіру.
Жүйелі (нарықтық) тәуекел - бүкіл қаржы рыногының жағдаятының макроэкономикалық факторлардың ықпалымен өзгеруімен байланысты тәуекел. Осы нарыққа барлық қатысушылар тәуекелге бас тігеді және инвестициялық қоржынды әртараптандыру арқылы жойылмайды, өйткені бүкіл қаржы нарығының жағдаяты ауытқыған жағдайда жекеленген қаржы құралдарының бағасы жалпы нарықтық индекс сияқты өзгереді. Көрсеткіші бета – коэффицент болып табылады.
Икемділік – экономикалық қызметпен айналысатын ұйымдар мен адамдардың жағдайдың өзгеруіне бейімделуі.
Инвестициялық банк – өнеркәсіптік корпорациялардың акцияларын сатып алу арқылы инвестициялық саясат жүргізетін, халықтың ақша салымын қабылдаумен айналыспайтын арнайы мамандандырылған банк.
Инвестициялық қызмет – инвестордың инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс –әрекетінің жиынтығы. Осы қызмет заңнамада реттеледі.
Инвестициялық менеджмент – экономиканың нақты саласына немесе компанияның, кәсіпорынның дамуына салынатын инвестицияларды басқару.
Инновациялық банк – негізгі операциясы венчурлық капиталды, ең жаңа әзірлемелерді, техникалық және технологиялық процестерді несиелеу жөніндегі операциялары болып табылатын арнайы мамандандырылған банк.
Интеграция – экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың ықпалдасуын тереңдету, олардың арасындағы байланысты дамыту; компаниялардың сатылыс және деңгейлес интеграциясы қолданылады.
Ипотекалық банк – кепілмен немесе жылжымайтын мүлік сатып алуға ұзақ мерзімді сипаттағы ипотекалық кредит берумен айналысатын арнайы мамандандырылған коммерциялық банк.
Капитал – кәсіпорынның активтерін қалыптастыруға авансқа алынған ақшалай –материалдық және материалдық емес нысандағы жалпы құн.
Капитал сыйымдылығы – қай негізгі капитал құны бір ақша бірлігін құрайтын өнім тауар, қызмет шығару үшін қажетті екенін сипаттайтын көрсеткіш.
Капиталдан айырылу – кәсіпорыннан меншікті капиталдың бөлігін немесе жаңадан қалыптастырылған меншікті қаржы ресурстардың (таза кірістің, амортизациялық аударымының) бөлігін тұтыну мақсатына немесе оның өндірістік дамуымен байланысты емес мақсаттарға алу.
Капиталдың құрылымы –кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалайтын, меншікті және қарыз капиталдың ара-қатынасын сипаттайтын ең маңызды бір көрсеткіш.
Капиталдың өлшенген орташа құны – кәсіпорын әр түрлі көздерден қалыптастырылыған жиынтық капиталды пайдалану үшін төлейтін орташа баға. Ол пайдаланылатын капиталдың жалпы сомасындағы әрбір көздің өзіндік салмағына өлшенген әрбір нақты көзден тартылған капиталдың құнының орташа мағынасын сипаттайды.
Кәсіпорынның өміршендік циклы – оның қызметінің басынан бастап табиғи түрде тоқтағанға немесе жаңа негізде қайтадан жаңғыруына дейінгі жалпы уақыт кезеңі. Кәсіпорынның өміршеңдік циклы теориясында әдетте «туу», «балалық шақ», «ерте кемелдену», «жастық шағы», «түпкілікті кемелдену», «егделену» деп аталатын алты саты аталады.
Қайта реттеу – қаржы нарығындағы еркін бәсекелестікті тежейтін іс – шаралардың күшін жою.
Қаржы инновациясы – шығынды төмендету, кірісті арттыру және кәсіпорынның қаржы тәуекелінің деңгейін азайту мақсатында қаржы менеджментінің практикасына енгізілетін қаржы операцияларын жүзеге асырудың жаңа схемалары немесе жаңа қаржы құралдары.
Қаржы коэффиценттері – кәсіпорынның қаржы қызметінің негізгі нәтижелерінің, жеке құрылымдық элементердің, пайдаланылатын активтер мен капиталдың ара – қатынасын сипаттайтын қаржы көрсеткіштерінің өте кең жүйесі.
Қаржы левериджі–пайдаланылатын меншікті және қарыз қаржы құралдарының ара – қатынасын оңтайландыру есебінен меншікті капиталдың пайдалылығын басқарудың қаржы механизмі.
Қаржы бөлу – мемлекеттік және өзге де көздерден белгілі бір қажеттілікке, мақсаттарға немесе белгіленген ұйымдарға, адамдарға бөлінген ақшалай қаражат.
Қаржы инвестициялары, қаржы салымдары – капиталды әр түрлі қаржы құралдарына, ең бастысы, құнды қағаздарға салу.
Қаржы менджменті – кәсіпорын мен ұйымның қаржы ресурстарын қалыптастырумен, бөлумен және пайдаланумен және оның ақшалай қаражатының айналымымен ұйымдастырумен байланысты басқарушылық шешімдер әзірлеу мен іске асырудың қағидлары мен әдістер жүйесі.
Қаржы ресурстары – кәсіпорынның алдағы кезеңдегі дамуын қаржыландыру мақсатында қалыптастырлатын ақшалай қаражатының жиынтығы. Кәсіпорынның қаржы ресурстары әр түрлі көздерден, меншікті және қарыз ішкі және сыртқы көздерден қалыптастырылады.
Қаржы ресурстарын бөлу– қаржы ресурстарын қосымша активтерді қалыптастыруға және кәсіпорынның алдағы кезеңдегі дамуын қамтамасыз ететін басқа да міндеттерге бағыттау пропорцияларын анықтау процесі.
Қаржы тәуекелдері – белгісіз жағдайда күтпеген қаржы ысырабының (көзделген кірістің төмендеуі, капиталдың бөлігінің немесе оның барлығын жоғалту) туындау ықтималдылығы.
Қаржы тәуекелдерін ішкі сақтандыру –қаржы қызметі процесіндегі қаржы тәуекелдерінің келеңсіз салдарын бейтараптандыруды қамтамасыз етуге тиіс кәсіпорын ауқымында әзірленетін іс –шаралар жүйесі.
Қаржы тәуекелдерін сыртқы қаржыландыру – кәсіпорынның жекелеген қаржы тәуекелдерін арнайы сақтандыру компанияларының (сақтандырушылардың) толық көлемде немесе ішінара сақтандыруы.
Қаржы тәуекелі аймағы – қаржы тәуекелдерін ықтимал қаржы ысырабының деңгейі бойынша топтастыру. Қаржы менеджментінде тәуекелсіз аймақ, жол берлетін тәуекел аймағы, сыни тәуекел аймағы, апатты тәуекел аймағы деген ұғымдар қолданылады.
Қаржы тәуекелінің деңгейі - жекелеген қаржы тәуекелін бағалау үшін пайдаланылатын негізгі көрсеткіш. Қаржы тәуекелінің деңгейі оның туындау ықтималдылығы мен тәуекелді жағдай туғандағы ықтимал қаржы ысырабының ықтималдығына көбейтінді ретінде анықталады.
Қаржыландыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы мен нарықтық құнының өсуін қамтамасыз ету мақсатында қаржы ресурстарын пайдалану бағыттарын, нысандары мен әдеттерін таңдау процессі.
Қаржылық дербестік – кәсіпорынның банкрот болу қаупін барынша төмендететін, негізнен өзінің қаржы ресурстарын қалыптастыратын меншікті көздерді пайдалануға бағдарланған өзінің экономикалық дамуын қамтамасыз ету қабілеті.
Қаржылық жайғасым – активтердің, капиталдың, сондай – ақ кәсіпорынның межеленген күнгі қызметінің негізгі қаржылық нәтижелерінің көлемі мен құрылымының жай - күйі. Қаржылық жайғасым кәсіпорынның қаржылық жай – күйін анықтау мақсатында талданады.
Қаржылық қызмет - сыртқы көздерден капиталдың қажетті көлемін тартуды жүзеге асыру және оған қызмет көрсету мен қайтару жөніндегі міндеттемелерді уақытылы және толық орындау жөніндегі іс – шаралар жүйесі.
Қаржыны тұрақтандырудың ішкі механизмдері–дағдарыстан сырт-орынға банкроттық қаупі төнгенде пайдаланылатын, оның қаржылық жай – күйін тұрақтандыратын әдістер жүйесі.
Қаржыны жоспарлау – кәсіпорынның алдағы кезеңдегі қаржы стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін қаржы қызметінің жекелеген аспектілері бойынша қаржы жоспарлары жүйесін әзірлеу процесі.
Қарыз капиталы – кредит алу, облигация шығару мен сату, ақшалай міндеттемелердің басқа түрлері бойынша қаражат алу есебінен құралатын капитал.
Қасақана банкроттық – кәсіпорынның меншік иесінің немесе басшының жеке мүддеде немесе үшінші тұлға-лардың мүддесінде кәсіпорынға экономикалық залал келтіріп, оны әдейі төллһем төлеуге қабәһілетсіз етуі.
Қоржын – экономикалық, қаржылық қызмет нысандары мен әдістерінің, оларға сәйкес құжаттардың, ақша-лай қаражаттың, тапсырыстардың, объектілердің жиынтығы.
Қоржындық инвестициялар – құнды қағаз портфелі түрінде қалыптас-тырылатын құнды қағаздарға са-лынатын инвестициялар немесе иелеріне кәсіпорынды бақылауды қамтамасыз ете алмайтын көлемі бойынша шағын инвестициялар.
Кемімелі қайтарым заңы – факторды кейбір деңгейден асыра пайдаланудың өндіріс көлеміне ықпал ететін кез-келген өзгермелі фактор өзгерген жағдайда өндіріс факторларының кейбір белгіленген мағыналарына сәйкес шекті өнім осы фактордың тартылу ауқымының өсу шамасына орай азаятын заң.
Клирингтік банк – өзі мүше болып табылатын есеп айырысу пала-тасында ашылған шоттар бойынша қызмет көрсететін банк.
Коммерциялық тәуекел – бизнес-операция жүргізген, мәмілелерді жүзеге асырған кезде белгісіздік жағдайында жасалған іс-әрекеттің салдарынан кәсіпорын кірісінің ықтимал төмендейтін, ысырап шегілетін жағдайда пайда болатын кәсіпкерлік, шаруашылық тәуекел.
Монополистік бәсеке – сатушылар мен сатып алушылар көп рынокта әр түрлі баға бойынша сатылатын тауар көп болған жағдайда орын алады.
Консалтинг – арнайы компаниялар-дың өндірушілерге, сатушыларға, сатып алушыларға экономикалық қаржы, сыртқы экономикалық байланыстар және т.б. мәселелер бойынша консультация беру жөніндегі қызмет.
Консигнация – тауарды иеленушінің (консигнант) делдалдың рөлін атқаратын комиссионерге (консигнаторға) комиссионердің қоймасынан сату үшін беру нысанында комиссиялық сату.
Қосылған құн – құнның тікелей осы кәсіпорында үстемеленген бөлігі.
Қосылу – кәсіпорындардың бірігуі, осының нәтижесінде кемінде бір кәсіпорын заңды тұлға мәртебесінен айырылады (әдетте қосылу процесінде жаңа заңды тұлға құрылады). Қосылу процесінде кәсіпорындар өздерінің баланстарын біріктіреді.
Кредиторлық берешек – кәсіпорын уақытша тартқан, заңды және жеке тұлғаларға қайтаруға тиіс ақшалай қаражат.
Күшін жою – шартты бұзу, тапсырысты жою, бұрын жасалған келісімді, қа-былданған міндеттемелерді жа-рамсыз деп тану, олардан бас тарту.
Күшін жою – акция немесе басқа құнды қағаз жоғалған жағдайда, оның күшін жою процесі.
Құнды дисконттау – ақшаның бола-шақтағы құнын оның қазіргі құнына келтіру процесі.
Құнды қағаздар қоржыны – инвестордың қолында бар құнды қағаздар жиынтығы.
Құнсыздану – ел валютасы бағамының тұрлаулы валютаға, халықаралық есеп бірліктеріне қатысты төмендеуі, ақша бірлігінің нақты алтын құрамының азаюы.
Мемлекеттік инвестициялар – мемлекеттік бюджеттің қаражатынан, мемлекеттік қаржы көздерінен құралатын ұзақ мер-зімді капитал салымы.
Мониторинг – экономикалық обьек-тілерді үздіксіз қадағалау, олар-дың қызметін талдау басқарудың құрамдас бөлігі ретінде.
Монополияға қарсы заңнама – бәсекенің дамуына ықпал ететін, монополияны шектеу мен тыйым салуға бағытталған заңдар мен басқа да үкіметтік актілер.
Монополиясыздандыру – мемлекет пен оның органдары моно-полияны тежеуге және бәсекені дамыту үшін жүргізу саясаты.
Нақты инвестициялар – негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне, инновациялық материалдық емес активтерге, тауарлық-материалдық құндылықтардың запасын өсіруге, кәсіпорынның өндірістік коммерциялық қызметін жүзеге асырумен тікелей бай-ланысты инвестицияланатын басқа да объектілерге капитал салу.
Нарыққа дендеп ену – нарықты ұсынылған тауарлардың түрінің кеңеюімен және белгілі бір тауарды алмастырғыштарды атау санының артуымен байланысты процесс.
Нарықтық экономика – ел шаруашылығының дамуының басты шарты тауарлық өндіріс заңдары, яғни сұраныс, ұсыныс, құн заңы және т.б. болып табылатын экономикалық жүйе.
Нарықтық концепция – тауар өн-діруші соган сәйкес тұтынушыға және нарықтағы жағдайға бағ-дарланатын концепция. Сатып алу-шылардың сұранысын, экономика-лық мінез-құлқы мен мүмкін-діктерін егжей-тегжейлі зерттеу қарастырылады.
Нарықтық экономиканы реттеу – мемлекет тарапына салық саясаты, дотация мен жеңілдіктер жүйесі, кредиттің пайыздық ставкасын өзгерту арқылы экономикаға ықпал ету шаралары.
Нарықтың молығу мезеті – қор (валюта, тауар) нарығының сатып алушылар, сатушылар бағаны түсірмейтін ұсыныстарын қабыл-даудан бас тартатын жай-күйі.
Нарықтың сезімталдығы – нарықтың сұраныстың барлық өзгерістеріне жылдам ден қою қабілеті.
Нарықтың сыйымдылығы – белгілі бір тауардың межеленген кезең ішінде тауарға сұранысқа, бағаның деңгейіне, нарықтың жалпы жағ-дайына, халықтың кірісіне, іскерлік белсенділікке байланысты ықти-мал сату көлемі; уақытпен өлшенеді.
Нәтиже – әртүрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру немесе жекелеген іс-шаралар мен операциялар жүргізу есебінен қол жеткізілетін нәтиже.
Өндіріс тиімділігі – өнеркәсіптік кәсіпорынның шаруашылық қыз-метінің нәтижесімен еңбек және материалдық ресурстардың шығы-нының арақатынасы. Өндіріс тиімділігін бағалауға арналған өнімділік, қор сыйымдылығы өнімнің материалдар сыйым-дылығы және қорытынды нәтиже – пайдалылық сияқты көрсеткіш-тер жүйесі қолданылады.
Өндірістен тыс операциялар – ресурс немесе ағымдағы өндірістің нәтижесі емес кез-келген тауар-ларды сатып алу немесе өткізу.
Өндірістен тыс шығыстар – өнімнің өзіндік құнына оның өндірістік өзіндік құнынан тыс кіретін, өн-дірілген өнімді сатумен байла-нысты шығыстар.
Өндірістік емес инвестициялар – жаңа құрылыс салуға, жұмыс істейтін кәсіпорындарды қайта жаңартуға, кеңейту мен техни-калық қайта жарақтандыруға бағытталған инвестициялар.
Роялти – кіріс алу мақсатында интеллектуалдық, оның ішінде өнеркәсіптік құқықтарды пайда-лану немесе пайдалануға рұқсат беру төлемі. Роялтиға авторлық құқықтарды, өнерді, ғылымды және т.б. пайдалану кіреді.
Сақтандыру – жекелеген қаржы тәуекелдерін іске асырған кездегі ( сақтандыру жағдайы туғанда) ықтимал залалды ақшамен өтеуге бағытталған қаржы операциясы.
Сақтандыру нарығы – әр түрлі ұсынылатын өнім түріндегі сақ-тандыру қорғанысы сатып алу-сату объектісі болатын қаржы нары-ғының түрі.
Сақтандыру сыйақсы – қаржы тәуекелін сыртқы сақтандыру бағасы: сақтаушы тәуекелді өзіне қабылдаған тәуекел үшін сақ-тандырушыға төлейтін сыйақы.
Салынған капитал - акционерлік компанияның меншікті капиталы-ның бөлігін құрайтын акцияларға айырбас ретінде акционерлердің компаниның активтеріне салған қаражаты.
Сатудан тыс шығыстар – кәсіпорынның негізгі өнім өнді-рісімен және оны сатумен байла-нысты емес шығындары.
Сатудан тыс шығыстар – корпорацияның негізгі өнім өн-дірісімен және оны сатумен байла-нысты емес шығыстары.
Стратегиялық мақсаттар – соған сәйкес қаржы стратегиясы әзірленіп, қаржы қызметінің негізгі аспектілері бойынша саясат қалып-тастырылған кәсіпорынның ұзақ мерзімді дамуының негізгі бағдар жүйесі. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің негізгі стратегиялық мақсаты оның нарықтық құнын барынша арттыру болып табыла-ды. Стратегиялық мақсаттардың қатарына меншікті капиталдың өсу қарқынын арттыруды, тәуекелдің қолайлы деңгейі тұрғысынан капиталдың құрылымын оңтай-ландыруды, қаржылық тепе-тең-дікке жету және оны қолдауды меншікті капиталдың пайдалылық коеффициентін арттруды жатқызу-ға болады.
Табиғи монополия – тауарлар мен қызметтер өндіру мен сатуға ресми түрде танылған оларға қатысты монополизм немесе монополисттің табиғи құқық-тарымен не болмаса бүкіл мем-лекетпен халық үшін экономи-калық пайдалы болады деген пікірмен байланысты мәжбүрлі монополия.
Табиғи олигополия – тиімді өндіріс үшін жеткілікті ірі кәсіпорын-дардың шамалы саны бар сала.
Таза дисконтталған кіріс – инвестициалық жобаның ең тиім-ді нұсқасын таңдау үшін пайда-ланылатын экономикалық көрсет-кіш. Бүкіл кезеңнің ағымдағы нәтижелері (кіріс немес үнем) мен шығындарының күрделі салым жүзеге асырылатын бастапқы жылға келтірілген айырмасы немесе интегралдық нәтижемен интегралдық шығынның арасын-дағы айырма ретінде есептеледі.
Таза кіріс – кәсіпорынның жалпы кірісінен өнімнің бағасына кіретін салық төлемдерінің сомасы тө-ленгеннен кейін оның иелігінде қалатын кірістің сомасы.
Тарату – ұйым құрылған мерзімнің аяқталуына байланысты жалпы жиналыситың шешімімен, жоғарғы органның немесе соттың шеші-мімен оның қызметін тоқтату.
Тауардың өміршеңдік циклы – тауардың тіршілік етуге қабілеті бола алатын, рынокта айналатын, сұранысқа ие болатын, өндіру-шілер мен сатушыларға кіріс әке-летін уақыт кезеңі; аталмыш цикл-ға тауардың кең сатуға түсу, сату көлемінің өсу, кемелдену кемел-дену кезеңі, рыноктың молығу, сату көлемінің күрт түсу кезеңі кіреді.
Тәуекелдерді бөлу – қаржы тәуекелдерін бейтараптандыру-дың оларды қаржы (инвестиция-лық) операциялар бойынша әріп-тестерге ішінара транфертіне (бе-руге) негізделген ішкі бір механизмі.
Тәуекелді (венчурлық) кәсіпорын – нәтижесінде белгісіздік факторы бар инновация негізделген кәсіп-орын.
Тәуекел менеджменті – кәсіпорында тәуекелдерді сәйкестендіру, олар-дың туындау ықтималдығын есеп-теу, қаржы ысырабының ықтимал көлемін анықтау, тәуекелдерді алдын-ала қадағалау ішкі және сыртқы сақтандыру қамтылатын тәуекелді басқару жүйесі.
Тұрақты бағалар – сатушылар белгі-лейтін бағалар; икемді бағалардың қарама-қайшылығы; экономика-ның өзін өзі реттеуін тежейді.
Тұтынушылық құн – заттың тұтыну заты ретіндегі пайдалылығы, онда адамның қажеттілігін қанағаттан-дыруға мүмкіндік беретін қасиет-тер мен белгілердің болуы.
Экономикалық дағдарыс – елдің экономикалық жай-күйінің күрт нашарлауы, яғни өндірістің едәуір құлдырауы, қалыптасқан өндірістік байланыстардың бұзылуы, кәсіп-орындардың банкрот болуы, жұ-мыссыздықтың өсуі және осының нәтижесінде халықтың әл-ауқаты-ның, өмір сүру деңгейінің тө-мендеуі.
Экономикалық нәтиже – тиісті іс-шараны енгізу нәтижесінде өзіндік құнды төмендету, кіріс және т.б. арқылы алынған нәтиже.
Эмиссиялық саясат – сыртқы көздер есебінен шекті құнды қағаз шығарып, оларды бастапқы қор рыногында орналастыру арқылы қаржы ресурстарының қажетті көлемін тартуды қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын қалыптастырудың жалпы саясатының бөлігі.