Файл: ызылта ауылыны жалпы орта мектебіні жаратылыстануматематика онкндігі бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қызылтаң ауылының жалпы орта мектебінің жаратылыстану-математика онкүндігі бойынша

жүргізілген іс-шаралардың сараптама есебі.

Тақырыбы:«ХХІ ғасырдың көшбасшы пәндері»

Мақсаты: «Жаңартылған білім мазмұны аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығына бағыт бағдар бере отырып,оқыту мен оқу үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру мен жеке тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру»

Іс-шаралар


Қатысу

шылар

Жауапты мұғалімдер


Анықтама




«ХХІ ғасырдың көшбасшы пәндері» Викториналық сұрақтар.

16.01.2023 16:00

7-11

ЖӘБ жетекшісі: Серкенова Г.Б. пән мұғалімдері

Жаратылыстану –математика онкүндігінің ашылу салтанатында барлық жаратылыстану-математика пәндері бойынша викториналық сұрақтар дайындалып,7-11 сынып аралығында пән мұғалімдері дайындады. Әр сынып оқушысы мүмкіндігінше жауап беріп, соған сәйкес ең көп барлық сұрақтарға 10-сынып оқушысы Муханбетхали Ақерке ең көп ұпай жинап,жеңімпаз атанды.





«Физикалық хоккей ойыны» сайыс сабақ.

17.01.2023 17:00

7-8

Пән мұғалімі: Серкенова Г.Б.

Сыныптар тақырыпқа сай безендірілген,жарық, таза білім алуға толық сай.

Сайыс сабақ кезеңдері қызықты,әрі тартымды өтті.Оқушылар физика пәнінен білгеннің ортаға салып, әр деңгейде берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындап, берілген ұпайларын алыап отырды.Әр кезең бойынша 7-сынып оқушылары үнемі алда болып, 8-сынып оқуышыларынан алға шығып, сайыс сабақ соңында 7-сынып оқушыларын жеңімпаз атанды.





Информатика пәнінен ашық сабақ.18.01.2023

9

Пән мұғалімі:

Жагпаров Н.Е.

Сабақ жалпы жақсы деңгейде өтті. Оқушылар өздерінің бар білімдерін көрсете алды.Мұғалім өткен сабақты сұрап, тапсырманы EasyQuizzy бағдарламасында орындайды. Оқушылар ноутбук және ұялы телефондарн пайдаланады. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіруді Python программалау тілінде деректерді енгізу және шығару операторларын қолдану тәсілімен таныстырады.

Тізімге мәліметтерді енгізу түрлерін жазады.

Тапсырманы ноутбукте Python программалау тілінде орындайды.Әр орныдалған тапсырмаларға кері байланыс жасалып отырады. Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады. Сабақ аяқталып, үй тапсырмасы беріледі.





«География әлеміне саяхат» интеллектуалды ойын.18.01.2023

16:00

8-10

Пән мұғалімі: Бакиров Д.Р.

Әр кезеңге оқушылар тарапынан белсенді қатысып,сыныптар әр топ болып ұйымдастырылды, І топ мүшелері:Махамбетова Даяна, Мүрат Ерасыл,Уралов Асанали, Мұрат Мерей,ІІ топ мүшелері: Амантай Дильнәз, Муханбетхали Ақерке,Аблайхан Айымгул, Байсейтова Дания,Шулембаев Мадьяр.Ойын барысының нәтижесінде ІІ топ мүшелері жеңіске жетіп, 133 ұпаймен жеңімпаз атанды.





«Еңбегімен ел таныр» сыныптан тыс іс шара.

19.01.2023

7-8

Пән мұғалімдері: Неғметжанов О.С. Мендекина М.К.

Оқушылар ойын барысында өздерінің еңбекке деген шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, сонымен қатар білім деген құштарлығын көрсетті.7-сынып қыздары әр кезеңде белсенділік танытып, 32 ұпаймен алға суырылып шығып, жеңіске жетті.8-сынып ұлдары сыммен жасау үлгілерін көрсетті.





« Математика-барлық ғылымдардың патшасы» конференция.20.01.2023

7-11

Пән мұғалімі: Алдабергенова С.Ж.


«М а т е м а т и к а - барлық ғылымдардың п а т ш а с ы» атты 7-11 сыныптар аралығында конференция өтті..7-11 сынып оқушылары қысқаша мәліметтер беріп, математика пәні барлық пәндермен тығыз байланысты екенін айтты. Мысалы: математика –әдеп,математика-поэзия,математика-физика,математика-астрономия,математика-химия және биология,математика-тарих,математика-география, математика-дін, математика- медицина, математика-музыка сияқты көптеген ғылымдармен байланысы туралы шағын мәліметтер берілді. Амантай Дильнәз және Махамбетова Даяна жүргізуші болды. Қорытынды сөз пән мұғалімі: Алабергенова Сауле Жунусовна пікір білдірді.




«Миллион кімге бұйырады» атты зияткерлік,танымдық ойын.23.01.2023 16:00

7

Пән мұғалімі: Жагпаров Н.Е.

7-сынып оқушылары қатысып, әр оқушы өздерінің пән бойынша білімдерін сынады.Ойын барысында Болат Аман 1-орынды, Төлеген Аян-2 орынға, Муханбетхали Нұрдана және Балтин Қорғанбек 3-орынға ие болды.Ойын барысында оқушыларп тарапынан қызығушылық,жеңіске деген құштарлық байқалды.





«Қызықты биология әлеміне саяхат» интеллектуалды сайыс.24.01.2023 16:00

8-10

Пән мұғалімі: Конарова Р.Б.

Тапқыр, білгір, дарынды, Жарыс бар бүгін арынды,
Биология пәнін сүйсең сен,Ортаға сал барыңды- деп басталып, оқушылар арасында тартысты жарыс өтіп, оқушылар мүмкіндігінше қатысып,білім деңгейлері байқалып ойын барысы бойынша ең аз ұпай алған оқушымен қоштасып отырды.Ең соңында тек мықтылар қалып, ең жоғарғы деңгейге жетті. 1-орынға иеленген Аблайхан Сабрина 11-сынып оқушысы, 2-орын Муханбетхали Ақерке 10-сынып оқушысы,3-орынды Махамбетова Даяна 10-сынып оқушысы.





«Құпияға толы химия елі» сыныптан тыс танымдық сайыс.25.01.2023, 16:00

8-11

Пән мұғалімі:

Серкенова Г.Б.

Танымдық сайысқа кейбір оқушылардың келмей қалуына байланысты 11- сынып оқушылары қатысты. Екі топқа бөлініп, өз білімдерін сыңауға ортаға 8-11 сынып оқушылары танымдық қабілеттерін көрсетті.Әр кезеңде оқушылар бар қызығушылықпен қатысып, ең соңында Муханбетхали А.,Булатхан Е., Байсейтова Д.,Аблайхан Д. Топ оқушылары жеңімпаз атанып, өз білімдерін көрсете білді.





.«Түрлі-түсті математика» математикалық ойын.26.01.2023

16:00

5-6

Пән мұғалімдері: Темирбаева Г.С. және Шулембаева Г.С

Оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдетіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.Психологиялық ахуал тудыру.Молекулалар мен атомдар ойынын ойнау. Конфеттер шашу арқылы топтарға бөлу. «Қызылдар» тобы, «Сарылар» тобы, «Жасылдар» тобы, «Ақтар» тобы.

Ойын ережесімен таныстыру.

  • Әр топ кезекпен тапсырма таңдайды.

  • Есепті бірінші дұрыс шешкен топ көрсетілген ұпай санын алады.

  • Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз деп жарияланады.

Математикалық ойынға 5-6 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін сынады.Пән мұғалімі басында екі сынып оқушыларын сергіту сәтін ұйымдастырып, сосын «Атом және молекула» әдісімен ойын ойнатып, топтарға 4-оқушыдан бөлініп, төрт топты түстерге белгіледі. 1- топ-«Сары түстілер»,2-топ – «Ақ тү стілер»,3-топ – «Жасыл түстілер, 4- топ- «Қызыл түстілер».Ойын бірнеше кезеңдерден құралды, ең белсенді және көп ұпайға ие болған топ мүшелері «Сары түстілер» жеңіске жетті.





«ХХІ ғасырдың көшбасшы пәндері» жабылу салтанаты.

7-11

Пән мұғалімдері

Жабылу салтанатына 7-11 сынып оқушылары қатысып, ойын барысында 4-деңгейләк кезеңдерінен тұрды. Бірінші деңгейде әр сынып оқушылары пән мұғалімдері дайындаған сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берсе, 2-деңгейде әр пәннен қызықты сұрақтарға және тапсырмалдар орындады.3-деңгейде әр пәннен практикалық тапсырма орындады. Мысалы: 7-сынып география пәнінен глобуспен берілген тапсырма орындаса,8-сынып информатика пәнінен компьютерді дұрыс жалғауды көрсетіп, әр сымдарын атап шықты.9-сынып биологиядан гүлдің құрылысын дыұрыс жинап,әр бөлігін атады. 10-сынып химия пәнінен тәжірибе көрсетіп, оны дұрыс талдаап шықты. Ал 11-сынып математика логикалық тапсырамларм орындады.4-деңгейде әр сынып оқушыларының шығармашылық деңгейлерін және ораторлық қабілеттерін байқау мақсатында эссе немесе 8 жолды өлең жолдарын ойлап шығару тапсырылды.Барлық деңгейлерден тапсырмаларды толық,дұрыс орындап,ойын соңында жеңімпаз атанған 10-сынып оқушылары І орынға ие болса, ал 8-сынып оқушылары ІІ орын, 11-сынып оқушылары ІІІ орын алды.





Түйіндеме

1.Жоспар бойыша бекітілген іс шаралар өткізілді.

2.Пән мұғалімдері үлкен дайындықпен келіп, өз шеберліктерін көрсетті.

3. Оқушылар әр іс –шара белсенділік танытып, білімдерін шындады.

Ұсыныс

1.Әр өткен іс шара барлық пән мұғалімдері толық қатысу.

2. Сынып жетекшілер өз сыныптарына атсалысса және өз сыныптарымен тығыз қарым –қатынаста болу.