Файл: Физика, ылым ретінде, бізді оршаан лемдегі барлы табиат былыстарыны задылытарын жанжаты зерттейді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы Қазақстан Республикасының жалпы отра білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері турулы әдістемелік нұсқау хаты негізінде әзірленді.

Физика, ғылым ретінде, бізді қоршаған әлемдегі барлық табиғат құбылыстарының заңдылықтарын жан-жақты зерттейді. Физиканы оқытудың негізгі мақсаты-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, олардың философиялық көз-қарасын, политехникалық ой-өрісін, танымдық және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, табиғат пен техникадағы физикалық құбылыстар дүниесіне ынтасын арттыру болып табылады. Физика курсын игеру- бұл физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсініп қана қоймай, сондай- ақ оларды практика жүзінде қолдана білу болып саналады. Физикалық теорияның қағидаларын практика жүзінде қолданудың бір шарты, ол физикалық есептерді шығара білу.

Мектептегі физика курсында сабақтарды өткізуге бөлінген уақыт аздығы және әрбір тақырыптан кейінгі есеп шығаруға бөлінген сағаттардың аздығы осы қолданбалы курстың болуын қажет етеді.

Есеп шығаруға кіріскенде ең алдымен, оның мағынасын ұғыну, сонымен бірге есептің негізіне қандай физикалық құбылыстар мен заңдылықтар алынғанын, есепте келтірілген процестердің қайсысы бастылары екенін және қайсыларын ескермеуге болатынын жете түсініп алған жөн. Есепті шығару үшін қандай жеңілдету шараларын енгізуге болатынын анықтап алу керек. Мысалы, белгілі бір биіктіктен дененің түсу уақытын есептегенде дененің материалдық нүкте деп есептелуі, еркін түсу үдеуінің тұрақты деп алынуы , ауа кедергісінің есепке алынбауы сияқты жеңілдіктер енгізілді. Есепке талдау жасағанда қабылданған жеңілдету ұйғарымдары атап көрсетіледі.

Сабақты өткізудің басқа түрлерімен салыстырғанда есеп шығаруда пайдаланылатын әдістер жеткілікті түрде болуы тиіс. Шындығында барлық шығарылатын есептер оқушының қызығушылығын тудыратындай, оның ынта жігерін арттыратындай, күнделікті өмірде кездесіп жүрген жағдайларға жақын келетіндей есептер болған жөн.

Мақсаты:

- Есеп шығару тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, табиғат пен техникадағы физикалық құбылыстар мен заңдылықтар ұғыну барысында оқушылардың философиялық көзқарасын, политехникалық ой-өрісін қалыптастыру.


- Оқушылардың физика және техника ғылымына қызығушылығын ояту, еркін шығармашылығына жол ашу, өздігінен ізденушілікке баулу.

-Пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, оқушының шығарамшылық қабілетін арттыру;

-Жеке тұлғаны білімділікке және іздемпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, болашық мамандығына дұрыс бағдар беру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Міндеттері:

-Физикалық құбылыстардың жүру процесін есеп шығару барысында ұғынып, заңдар мен теорияларды оқушылардың еркін түсуіне ықпал ету.

-Физикалық құбылыстың, обьектінің негізгі қасиеттерін бөліп, физикалық шамалардың мағынасын анықтау.

-Физика заңдарының бір-бірімен байланыстылығын ұғыну.

-Қоршаған орта жөнінде танымдық ақпарат бере отырып, оқушылардың терең және берік білім алуын қалыптастыру.

- Есеп шығару арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:

-Физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне біледі;

-Физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп игереді

- Белгілі теориялық қағидаларды, математикалық аппараттарды, графиктік

әдістерді, анықтамалық әдебиеттерді, есептеу техникасын пайдаланып

есептерді шығара біледі;

-Оқушылардың есептер шешу және шешуді дұрыс жазу икемдігі мен

дағдыларын қалыптастырады;

-Есеп шығару барысында табиғат заңдарының физикалық мағынасын

дұрыс түсінеді;

-Теориялық білімді практикада қолдана біледі;


  1. Ж. Абдула, Ә. Мұқашева, Л. Сатаев. Жалпы физика курсының есептер жинағы.-Астана 2006

  2. Ш.Б.Тынтаева. Электромагниттік құбылыстарды қайталауға арналған есептер. –Математика және жаратылыстану журналы. №2,99

  3. Т.С. Рамазанов. Сақталу заңдары.Репититор. №1.99

  4. В.А.Балқаш. Задачи по физике и методы их решения.-М; Просвещение, 1983г

  5. С.П. Мясников, Т.Н. Осанова. Посовие по физике. –М.В.ш 1981г

  6. Н.И.Гольдфарб. Сборник вопросов и задач по физике.-М. Высшая школа 1982г

  7. В.И.Лукашик. Физическая олимпиада. – М. Просвещение, 1987

  8. Қ.Қ. Әбдіғапаров. Физикадан есеп шығарудың тәсілдері. Алматы 1975 ж.

Оқушыларға ұснылатын әдебиеттер тізімі.

  1. Н. Қойшыбаев. Физика-анықтамалық құрал. Алматы «Атамұра»2008ж.

2.В.Н. Комиссаров. Уроки физики в профтехучилищах. Москва. «Высшая школа» 1990г

3.А.Б.Маженова, В.В.Усанов, О.Ш. ҚожахметоваА.А.Фадаеева. Физика негізгі бөлім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар. Алматы « Мектеп» 1985ж



4.Н. Косов. М. Сәметқызы. Молекулалық физика.I-II бөлім Алматы «Рауан» 1997

5.Б.Кронгарт ,В.Кем Дидактикалық материалдар

6.Тест жинағы 2010-2015 ж.ж.

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Қазіргі заман талабына сай физика және астрономияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін құру жеке оқушыны жан-жақты дамытужәне оның ой-өрісін кеңейту мақсатында жүргізіледі. Элективті курстың бұл түрі физика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету – бағдарлы оқытуды ұйымдастыру, оқушыларды олимпиадалық есептерді шығаруға дайындау, жеке тұлғаны интелектуальды дамыту мақсаттарын басты бағытта ұстайды.

Орта жалпы білім білім беретін мектептердің физиканы тереңдетіп оқытылатын сыныптарына арналған бағдарлы элективті курсы мазмұны жағынан мектептегі негізгі курстың оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.

Ұсынылып отырған бағдарлама физиканы меңгерудің жоғарылататын деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі бағдарламалық курстың толықтыруы, онда қамтылмай қалған қажетті материалдарды оқушыларға қамтамасыз етеді.

Бағдарламада теориялық материалдар, практикалық жұмыстар, оқушылардың курс бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау мақсатындағы бақылау, тест жұмыстары толық қамтылған.

Ұсынылып отырған бағдарлама қазіргі заман талап етіп отырған қажеттілік пен сұранысқа сәйкес туындап отыр.

Элективті курстың мақсаты:

Қоғам талабына сай білім беруге элективті курстың бұл түрі төмендегі мақсаттарды басты бағытта ұстайды:

  • Физика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;

  • Мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу;

  • Пәнаралық (химия математика т.б) байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;

  • Оқушыларды олимпиадалық есептерді шығаруға элективті курстар арқылы әзірлеу;

  • Алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;

  • Дүниенің қазіргі замандағы физикалық бейнесі бейнесі – табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуалды дамуын қалыптастыру.

Курста оқытудың басты мақсаттарынан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Есеп шартын, әрбір тақырыпта есептің барлық түрлері, оның ішінде сапалық, графиктік, есептеуге арналған тапсырмаларды күрделігіне қарай талдау дағдысын қалыптастыру;







  • Есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құрылысты сипаттай білуге үйрете отырып, математикалық аппаратты дұрыс қолдана білу; есептің дұрыс шығарылғандығын «БХЖ» жүйесінде анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін тексеруге айрықша көңіл бөлу керек.

  • Физикалық процестерді түсінуге және есеп шығаруды жеңілдетуге икемдік беретін есептердің суреттеріне, графиктеріне, сызбаларына, кестелерге, физикалық тұрақтыларға назар аудару.

  • Оқушыларды теорияны берік меңгеруге, есеп шығарудың дағдылары мен мәдениетін қалыптастыруға үйрету.

  • Лабороториялық жұмысты орындау барысында теориялық білімдерін эксперименттік түрде дәлелдеуіне назар аудару.


Элективті курсты оқу барысында оқушылар төмендегі теориялық материалдарды оқып үйреніп, практикада қолдана білуі тиіс.

  • Оқушылар теорияны толық меңгеріп, есеп шығарудың дағдыларымен мәдениетін қалыптастырады;

  • Лабороториялық жұмысты орындау барысында теориялық білімдерін эксперименттік түрде дәлелдей білуі керек;

  • Әрбір тақырыпта есептің барлық түрлері, оның ішінде сапалық, графиктік, есептеуге арналған тапсырмаларды күрделігіне қарай орындай білуі керек;

  • Есеп шығаруда анықтамаларды, кестелерді, сызбаларды, қосымша материалдарды тиімді пайдалана білуі керек;

  • Есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құбылысты сипаттай, математикалық аппаратты дұрыс қолданып, анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін «ХБЖ» жүйесінде тексере білу керек;



Қолданылатын әдебиеттер:
1. «Физикадан бүкілресейлік олимпиадалар» жинағы. С.М.Козел, В.П.Слободянин 1992-2004, Москва. Вербум – М.Физика.

2. «Сборник задач» Г.А.Бендриков, Б.Б.Буховцев, В.В.Кержинцев, Г.Я.Мякишев, Москва. Ониккс. Альянс – В 2006

3. «Физика. Решение задач повышенной сложности» С.Н.Манида. Издательство С-Петербургского университета 2004

4. «Электротехника негіздері және жалпы автоматика» М.Қ.Қайырбаев, В.И.Полицук «Гловис»- өндірістік компаниясы Алматы 2007

5. «Электротехника М.Қ.Қайырбаев «Гловис»- өндірістік компаниясы Алматы 2007

6. И.Л.Касаткина «Репетитор по физике» (теория и методические пособие, 4 книги )

7. «Сборник задач по физике» Г.Н.Степанова Москва «Просвещение» 2004

8. «Сборник задач по физике» А.П.Рымкеевич Алматы «Рауан» 1998

9. «Самостоятельные и контрольные работы» (8,10 кл) Л.А.Кирик «Илекса» Москва 2005

10 7-8 класс «Физикадан деңгейлік тапсырмалар» РМФММИ Ж.О.Бақынов 2003

11. «Сборник задач по физике» В.И.Лукашик, И.В.Иванова Москва «Просвещение» 2006