Файл: Ендеше, жйелілік танытып, рбір формат трін блек арастырайы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

АПФ форматы 2-ге бөлінеді: саяси және құндылық. Саяси форматта нақты проблема бар және оны шешу жолдары қарастырылған. Мысалы, бұл палата оқушылардың мектепке кешігу проблемасын шешеді. Құндылық форматында құндылықтар сайысқа түседі, бұнда проблема жоқ және палаталар иә/жоқ, келісемін/келіспеймін деген позицияларды жақтайды. Мысалы, бұл палата оқушылардың мектепке кешігуі дұрыс деп ойлайды))).

Ендеше, жүйелілік танытып, әрбір формат түрін  бөлек қарастырайық.

Саяси формат

Саяси форматта нақты проблема (мәселе) бар, және үкімет тобы оны шешу керек. Оны шешу үшін үкімет тобы механизм енгізеді.

Үкімет тобының премьер-министрінің жұмысы барлық механизмнің презентациясын жасау. Презентация келесі нәрселерден тұру керек:

Сәлемдесу, қарарды (тақырып) айту;

Өз сөздеріңіз барлық қауымға түсінікті болу үшін қолданатын терминдік сөздерге анықтама енгізіп кетесіз, бұл диффиниция немесе кілттік сөз деп аталады. Мысал: инфляция – ақшаның құнсыздануы т.б. Кілттік сөздерге көп уақыт жіберіп керек жоқ, қарапайым сөздерге анықтама керек жоқ.

Келесі айтатын нәрсе қарардың өзектілігі. Яғни, неге біз бұл тақырыпты қарастыруымыз керек, міне соны айтуыңыз керек.

Келесі маңызды нәрсе бұл Status Quo немесе қалыптасқан жағдай деп аталады. Бұл жерде көбіне статистикалық мәлімет енгізіледі. Мысалы, қарар банктер туралы болса, онда: ҚР бір мемлекеттік және 12 жекеменшік банктер бар. олар 10 млн. халыққа қызмет көрсетеді. Осы қалыптасқан жағдайды 2 минуттан кем емес уақыт жұмсау керек және проблема осы қалыптасқан жағдайдан шығу керек.

Advertisements

REPORT THIS AD

Мысалы: ҚР азаматтары көбінесе жекеменшік банктерге барады, ал олардың банкрот болып қалу қаупі бар.

Содан кейін осы проблеманың шығу себептері туындайды және оларды айтып кету керек, олар бірнеше болу мүмкін, бастысы сіздің механизмізден кейін осы себептер проблемамен қоса жойылу керек.

Себептерін айтып болғаннан кейін үкіметтің басты жұмысы Шешу жолдары басталады.


Шешу жолдарында басты 4 сұраққа жауап беру керек: Кім?Қашан?Қалай?Қанша?

Ең соңында нәтиже айту өте маңызды, нәтижені айтпаған топтың жеңілу мүмкіндігі мол.

Міне, жоғарыда айтылғандардың барлығын премьер-министр 7 минутта айтып үлгеру керек. Уақыттың қайта қалып қалуы үлкен минусты білдіреді. Осы жерде айтып кету керек әрбір спикер өзіне сөзін айяқтау үшін жарты минут уақыт ала алады. Бұл негізгі уақыттан бөлек.


Осыдан кейін оппозиция тобының көшбасшысы шығып, 8 минут бойы қарыслық сөзін сөйлейді.

Ол өз сөзінде (әрине, амандасу және өзін таныстыру) қарарды айтып кету керек. Ең бастысы – оппозиция тобы кейсті еңгізу міндетті емес екенін білу керек. Ол тек үкіметтің кейсін құлатумен болады. Ал кейбір жағдайларда Үкімет тіптен кейс еңгізбесе, немесе өте әлсіз кейс ұсынса, оппозицияның қарсылық келтірер сөзі болмаған жағдайда ғана өз кейсін ұсыну мүмкіндігі бар.

 Әдетте үкіметпен келісе салудың арты нашар. Төреші «бұлар дайын емес шығар» деп жеңіліс бере салуы мүмкін немесе ол жақсы ойын көруге келді, ал сіз барлығымен келіссеңіз – бұл дұрыс емес және жеңілгеннің белгісі.

Сонымен оппозиция неден бастайды? Қарарды айтқаннан кейін кілттік сөзден, яғни диффинциядан бастау тәуір болады. Диффиницияға мұқият болу керек, А4 форматты қағазға жазып, қасына өз диффиницияңызды бірден жазып үлгеру керек, шық одан қарау оңай болады және қағазға үңіліп тұрмайсыз төрешінің алдында (бұл жайт төрешілрерге және отырған парламентарийлерге ұнамайды). Алайда кейбір келтірілген кілттік сөздер дауласуға жатпайды, яғни олар дұрыс келтірілген, бұларды мойындау керек, «біз келісеміз» деп айтып кету керек. мысалы: жастар – бұл 14-29 жастар аралығындағы ҚР азаматтары (бұл заңда осылай жазылған, сондықтан қарсы шығып керек жоқ). Ары қарай барлық кейстің жақтары бойынша тоқталып, қарсылық келтіріп кету керек, бірақ осында да барлығына бірдей келтіре беріп керек емес, нақты түсініп алу қажет.

Саяси форматта басты орында Шешу жолдары орын алады. Сондықтан ең басты қақтығыс нүктелері шешу жолдарында болу керек. Бұнда барлық Кім? Қашан? Қалай? Қанша? деген барлық сұрақтарға арсы шығу міндетті емес, алайда пікір-сайысшылар әдетпен барлығына тиісе береді. Және маңыздысы – ол нәтиже! Нәтижеге міндетті түрде қарсылық келтіру керек, оны жасамасаңыз, төреші сізге жеңіліс қоюға құқылы. Осының барлығы 8 минутта жасалатын жұмыс, сондықтан қағазға не айдалаға қарай бермей арасында тайм киперге қараған да абзал.

Келесі сөз сөйлеу кезегі – үкімет тобының мүшесінде, оның уақыты 8 минут. Ол жаңа ғана қарсылық келтіріп кеткен оппозиция тобының көшбасшының сөздеріне қарсылық келтіріп, өз кейстерін қалпына келітіріп, ары қарай жалғастыра, дамыта алады.

Осыдан кейін 8 минут бойы оппозиция мүшесі сөз сөйлейді. Ол тек үкімет тобының екінші спикерінің сөзіне қарсылық келтіреді.

Міне, ойынның негізгі бөлімі аяқталды, оны сіздерге төреші айтады, ал сіздер тұрып кетпей оны тыңдап отырасыздар. Келесі келген адамдар, яғни парламентарий сөз сөйлейді, әрбіреуіне 1 минуттан уақыт беріледі. Оған сіз еш қарсылық білдіре алмайсыз, ол өзінің жеке ойын айтады. Кейін сараптама кезінде сіздер «мана парламентарий осылай айтты» деп оның сөздерін қолдана алмайсыз, бұл ережеге қайшы.



Осыдан кейін ойынның сараптама бөлімі басталады, сараптамаға бірінші болып оппозиция көшбасшысы шығады, оның уақыты 4 минут. Ол тек ойынды сараптайды, ешқандай жаңа аргумент енгіуге болмайды.

Содан соң үкімет тобының премьер-министрі сөз сөйлейді, оның уақыты 5 минут. Ол алғашқы уақытын ребатлға алуға құқылы, яғни оппозицияның 2 спикерінің сөзіне ребатл жасайды. Кейін сараптамаға көшеді.

Қарсылықтар:

3 негізгі түрі бар:

1. Жаңа аргумент – сараптамада жаңа аргумент енгізілсе, қарсылас топ төрешіге осы туралы тұрып айту керек, айтпаса, төреше бұл туралы жаза алмайды.

2. Уақыт лимиті – төреші уақыт аяқталғаны туралы белгі берсе, ал спикер ары қарай сөйлей берсе, қарсылас топ қарсы шығу керек, тек қана сонда қарсылық саналады.

3. Жеке басқа қолсұғушылық – спикерлердің біреуі сіздің жеке басыңызға тиіссе, онда тұрып қарсылық білдіресіз. Мысалы: сіз естіген жоқсыз – бұл қарсылық ретінде қабылдамайды; Сіздің құлағыңыз естімейді – бұл қарсылық қабылданады.

Алғашқы және соңғы минуттарда  сұрақтар қойылмайды. Сараптамада тіптен сұрақтар қойылмайды.

Міне, алғашқы оқығанда бұл бірден қиын көрінеді, алайда 1-2 ойыннан кейін бірден үйреніп кетесіз.

Сәттілік!