Файл: Курсовая работа ( проекта) Издание басылым 032018 Стрбет из.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Курсовая работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 161

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Положение

СМК ПП-5.3-91

Курстық жұмыс

Курсовая работа

( проекта)

Издание /басылым

03/2018

Стр/бет.

из






ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ


Орындаған:

Тобы:

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»

Біліктілігі: 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Ғылыми жетекшісі: Қасымжанова Гауһар Қаржасқызы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы








Семей, 2023

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ.............................................................................................




I НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................




1.1 Оқушылардың танымдық, шығармашылық құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздері...................................................................

1.2 Оқушының шығармашылық құзыреттілігін дамытуға қойылатын талаптар

II

2.1 Қазақ тілі сабақтарындағы оқушылардың шығармашылық-ізденіс жұмыстары

2.2 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, шығармашылық құзыреттілігін дамыту жолдары




ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................

Жаңартылған білім беру мазмұнында оқушылардың шығармашылық құзыреттілігін дамытудың маңызы

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................





ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................










































КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын шығармашылық жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне орта буындағы сыныптарда қазақ тілі сабағында орындайтын шығармашылық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық жұмыс жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез-құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Мектепте оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі олардың өздік шығармашылық жұмысты орындай білу біліктілігі болып табылады. Өйткені, өздік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық іздемпаздықты талап етеді. Өзіндік шығармашылық жұмыс оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімділігін, біліктілігін бекіте отырып, оның белсенділігін, дербестігін дамытады. [5,52] 

Оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстары педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты дұрыс ұйымдастырудың формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады. Бұған дейін мектеп тәжірибесінде өздік жұмыс жеке пәндер аясындағы білім мен білікті дамытуға ғана бағытталып келгені мәлім. Оқушының жалпы белсенділігін, дербестігін біліктілікті дамыту арқылы қалыптастыру тиімді екенін көптеген зерттеушілеріміз дәлелдеген болатын.

Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздік жұмысқа әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көзіміз жетті. Мысалы: кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары өз бетімен жұмысқа оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель).

В.П.Беспалько өздік жұмыс ұғымын адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауы деп біледі. Г.П.Семеновтың пікірінше, өздік жұмыс – оқытудың ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өз бетімен жұмыс - алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы мұғалімнің қатысуымен орындалатын әрекет.



Тағы бір топ ғалымдар Н.В.Кузьмина, А.Г.Ковалев және т.б. өз бетімен жұмысты – оқушыларды үйретудің, оқытудың әдісі ретінде де емес, ол оқушының алдын қойылған мақсатқа сәйкес, белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып табылады дейді. Б.П.Есипов оқушылардың өздік жұмысының атқаратын міндеттерін айқындаса, Т.С.Сабыров оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын жан-жақты талдайды. Осы ретте оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру жолдары әрқилы болғанымен, көздейтін мақсаты оқушыларды саналылық, белсенділік, ұқыптылық, дербестікке тәрбиелеу болып табылады. [10,78] 

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі:

Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жасалатын жұмыстардың да негізінен оқушылардың танымдық қабілеттері артып, өмірлік жағдаяттарға аса мән берілетіні белгілі. Сондықтан қазақ тілі пәні бойынша оқытуды ұйымдастырудың түрлерін анықтау өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Жаңа стандартқа сәйкес оқытуды ұйымдастырудың неше түрлісі дамып, түрлі оқушыларды қызықтыратын әдіс-тәсілдердің де көбейе бастағаны мәлім. Оқушылардың құзіреттілігін дамыту заман талабына маңызды, себебі жаңартылған білім беру жүйесі бойынша шығармашылық тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық ізденіске талпындыру.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Біріншіден: Өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері, құзыреттілігі дамиды.

Екіншіден: Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуге үйренеді.

Үшіншіден: Рухани байлығы, ауызша, жазбаша тіл мәдениеті қалыптасып, сөздік қоры молаяды.

Төртіншіден: Айналадағы қоршаған ортамен шығармашылық тұрғыда қарым-қатынас жасап, өзіндік ой тұжырымдау барысында мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиеленеді.

Бесіншіден: Ой-өрістері кеңейіп, өздіктерінен ой қорытуға, әрекет етуге жаңаша талпыныс пайда болады.

Алтыншыдан: Зейін қойып тыңдау арқылы ойлау мен тапқырлықтары, логикалық ойлау қабілеттері дамиды.

Зерттеудің мақсаты: Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың шығармашылық құзіреттіліктерін қалыптастыру тәсілдерін анықтап, жаңартылған білім беру жүйесінің де әсерін зерттеу; Мектепте қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық жұмыс түрлеріне сипаттама бере отырып, оқу үрдісінде оқушылардың орындайтын шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, шығармашылық құзыреттілігін арттыру жолдарын анықтау


Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылады:

1. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өзіндік шығармашылық жұмыстарын теориялық тұрғыдан негіздеу.

2. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың іздемпаздығын, өзбетінше жұмысқа баулуды қалыптастыру мүмкіндіктері мен қазіргі жайын анықтау.

3. Қазақ тілі сабағында орындайтын өзіндік, шығармашылық жұмыстарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.

4. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын шығармашылық жұмыстарын қалыптастыру әдістемесін жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қорытындысын шығару.

Зерттеу нысаны: Негізгі мектепте қазақ тілі үрдісіндегі оқушылардың шығармашылық жұмысты орындаудағы іс-әрекеті.

Зерттеу пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: Қазақ тілі сабақтарында ұйымдастыруға болатын шығармашылық жұмыстарын жүйелі түрде сабаққа енгізіп, әр сабақта әр оқушының әр түрлі шығармашылық қабілеттерін жан-жақты аша білу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

- шығармашылық жұмыс арқылы оқушылардың өз бетімен жеке жұмыс істеу бағыттылығын қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;

- шығармашылық жұмыстар арқылы өздік жұмысын қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;

- шығармашылық жұмыс арқылы оқушылардың қазақ тілі сабағындағы оқу белсенділіктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды.

  • қазақ тілі сабағында шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарының әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:

қазақ тілі сабағында шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарының әдістемесін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, құзыреттілігін дамытудың нәтижесі тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға теориялық талдау жасау, теориялық моделдеу, мектеп құжаттарын зерделеу, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент, математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу.


Зерттеу жұмысының базасы: Қай жерде практикадан өтесің?????????

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, эксперимент жұмысынан, жұмыс барысында пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Оқушылардың танымдық, шығармашылық құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздері

Қазіргі әлемде жүріп жатқан жаһандану процесі мектептегі білім жүйесі мен оқушыны оқытып тәрбиелеуге де өз әсерін тигізе бастады. Жаңартылған білім мазмұны, білім саласындағы сан түрлі өзгерістер осының дәлелі десем қателесе қоймаспын. Тіпті шығармашылыққа, ізденіске көп мән берілуінің өзі, 11-сыныптардың бітіру емтиханына эссені енгізу, мәтінмен жұмыс, оқушының байқағыштығы мен өзге де қабілеттерін ашуға мемлекет тарапынан да, ұстаздар қауымы, тіпті ата-аналар тарапынан да ерекше қолдау табуда. Оқушылар сынып партасына отырып, грамматиканы меңгеріп қана қоймай, өз қабілет-қарымдарын шыңдай алады. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі оқушының шығармашылық жұмысын ұйымдастыруға байланысты орнын дәлелдейді.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша үй тапсырмалары да шығармашылыққа бағыттала отырып берілетін болды:

«Шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, модель жасау, жоба дайындау, еліктіргіш тарих, өз ертегісі бойынша киносценарий жазу) бір білім алушыға айына кемінде бір апта және бір тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі».

Үй тапсырмасы – білім алушылардың тапсырмаларды мұғалімнің бекітіп беруі бойынша өз бетімен орындауы және оқып-үйренетін материалды терең меңгеруге, сондай-ақ оны іс жүзінде қолдануға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқу біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде:

1. орта білім беру ұйымының түрі және білім алушылардың контингенті;

2. сабақ кестесіне сәйкес басқа да пән бойынша берілген үй тапсырмасының көлемі;

3. жоғары сыныптарда әр сабақ бойынша берілетін үй тапсырмасынан оқу тоқсанына берілген тапсырмалар жүйесіне өту мүмкіндігі (немесе бөлімді аяқтағаннан кейін);

4. бірнеше оқу мақсаттарын ұйымдастыру негізінде жекелеген пәндер бойынша үй тапсырмасының оқу жобасының нысаны;